Ғылыми жоба 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


№19 жалпы орта білім беру мектебі




Ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Математика әлеміндегі қазақ оюларының сиқыры



Бағыты: жаратылыстану- математикалық

Секция: математика






Орындаған: 3 « А» сынып оқұшысы

Айдарғалин Райымбек

Жетекшісі:

бастауыш сынып мұғалімі

М.М.Бегалина










Павлодар қ. 2014 ж.


МАЗМҰНЫ


Мақсаты, өзектілігі

3 1 Кіріспе

4 1.1 Оюлардың пайда болу тарихы

4 2 Негізгі бөлім

5 2.1 Қазақ оюларының түрлері

5 2.2 Оюлардағы математикалық фигуралар

6 3 Қорытынды

9 Пайдаланған әдебиеттер тізімі

10







Мақсаты: Қазақ оюларының сиқырлы сырын аша отырып, олардың математикалық мәнін айқындау. Сонымен қатар, оюларды геометриялық дәлдікпен құрастыру арқылы, өзімше түсінуге ден қойдым.
Өзектілігі: Қазақ халқының ертеден келе жатқан қол өнерінің бір саласын зерттей отырып, оның математикалық және тарихи мәнін аша келе, оқушылардың ел сүйерлік сезімі мен қатар эстетикалық талғамдарын байытуда болып табылады.




Ғылыми жоба 1 сынып





























Кіріспе
1.1 Оюлардың пайда болу тарихы Ою латын тілінен аударғанда «әшекей» деген сөзді білдіреді. Оюларды әртүрлі заттарды, сәулеттік құрылыстарды және адамның денесін әшекейлеу үшін қолданған. Оюларда адамның іс-әрекетінің эстетикалық, сонымен қатар, табиғат пен діннің мәні ашылған. Оюларда, әсіресе халық шығармашылығында, әлемге деген фольклерлы-ақындық көзқарасы көрсетілген. Ою - өрнектер - халық өнерінің үлкен де күрделі салаларының бірі. Ою ежелгі көшпенді тайпалардың өнерінде туындаған. Ою-өрнек салу адамның қоршаған ортамен тығыз байланыста болу процесінде пайда болған. Ежелде оюдың наным-сенім, ырым-рәсім т.с.с. мәндері көп болған. Мысалы қазақтарда, өздері табынатын күн, ай, аспан сияқты символдары бар, тұмарлары болған. Мұндай оюланған тұмарлар бақыт және байлықтың белгісін көрсеткен. Негізгі оюлаларды келесі түрлерге бөлуге болады: космогониялық, зооморфтық, өсімдіктік және геометриялық.





Ғылыми жоба 1 сынып




  1. Негізгі бөлім

  1. Қазақ оюларының түрлері

Космогониялық оюларға келесілер жатады: күн көзі, күн сәулесі, шыққан күн, ай гүл, айшық гүл, жұлдыз гүл, жұлдыз өрнек, топ жұлдыз. Зооморфтық оюларға: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, құлжа мойын, бұғы мойын, төрт құлақ, түлкі бас. Өсімдіктік оюларға: жапырақтар, үш жапырақ, гүлдер. Бұлардың мәні қазақ оюларында бірлік пен татулықты білдірген. Геометриялық оюлар архитектурада, кілем жасауда, тас және ағаш материалдарын әшекейлеуде қолданылған. Олар: шаршы, ромб, үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, сегізбұрыш. Сонымен қатар түзу, толқынды, спираль тәрізді оюлар жатады. Қазақ оюларында көптеген геометриялық өрнектерді қолданады.


Ғылыми жоба 1 сынып



















2.2 Оюлардағы математикалық фигуралар Ғылыми жоба 1 сынып

"Жұлдыз" - бұл өрнек аспан әлемінің қартасы іспетті өзіндік символдық мәні бар бұл ою аспан әлемі шырақтарын тұспалды бейнелеу болып табылады. Көбінесе алаша, кілемдерге түсірген. Мұнда бірнеше үшбұрыштардың жиынтығы ретінде, дәл ортасында жұлдыздың бейнесі көрінеді.
Ғылыми жоба 1 сынып
"Күн" - бұл оюды кілем, түскиіздердің ортасын өрнектеген, сонымен қатар сүйек және ағаш заттарды әшекейлегенде қолданған. Мұнда эллипс тәрізді бір біріне жанасқан жартылай шеңберлердің жиынтығы ретінде келтірілген, ортасында шеңбер салынған. Ғылыми жоба 1 сынып
















"Ғылыми жоба 1 сыныпҚос дөңгелек" - қазақ ою-өрнегіндегі геометриялық үлгінің жекеленген түрлері, өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспап әлеміндегі Күн мен Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған.



"Ғылыми жоба 1 сыныпМөр", "таңба", "бестаңба" - бұл өрнек әлемнің төрт бағытының символы болып табылады. «Таңба« және "бестаңбаны" малдарға белгі қою және алаш, сандық, төсек, кебежені әшекейлеу үшін қолданған. Математикалық мәні - оң таңба және қосындының белгісін көрсетеде.



"Ғылыми жоба 1 сыныпЖыланбауыр" - Отырар қаласының зергерлерінің бұйымдарында қолданылған. Ою, қыз баланың жіңішке қабағын бейнелейді. Оюда, бір біне түйіскен теңқабырғалы үшбұрыштар бейнеленген
Ғылыми жоба 1 сынып









"Ғылыми жоба 1 сыныпРомб" - оюдың сыртқы бейнесі ромб болатын геометриялық фигура, ал ішінде "кошқар муйіз" немесе «құс қанаты" өрнектерінің композициясы берліген. Көбінесе алаша, кілем, сырмақтарды әшекейлеуде қолданған. Геометриялық тұрғыдан, ромб - төртбұрыштын бір түрі. Ғылыми жоба 1 сынып













Ғылыми жоба 1 сынып

"Ирек", "ирексу" - бұл геометриялық өрнек. Ою сынық түзулерден құралған. Бұл түзулер шексіздікке ұмтылады. Бір жағынан, тікбұрышты үшбұрыштар түрінде бейнеленген. Ирексу өрнектері көгілдір, көк сия түстерге боялады. Түс киіз, алаша, кілемдерді әшекейлейді.














Қорытынды


Осы ғылыми жұмысты қорытындылай келе: «Жігітке жеті өнер де аз» деп нақылдайтын ата-бабаларымыздан қалған сан қырлы ұлттық өнеріміздің бір саласы - ою-өрнектер. Үңіле білген жанға бұл өнердің де тылсым сырлары жетерлік. Жұмбақты астары халқымыздың кәсіби тыныс - тіршілігі, салт - дәстүрі мен алдағы арман - мақсаты жайлы сыр шертетін ол айшықты оюлар мен кестелі өрнектерімізді бүгінгі заманға да пайдалануға болады екен.




Ғылыми жоба 1 сынып































Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ою-орнектерді библиографиялық кітапханалық жолмен жіктеу: Құраст: Ә.А. Қалыбекова, А.Т. Сәулебаева - Алматы: «Азиат» баспасы, 2004. - 40 бет.
  2. Холмянский и др. "Дизайн". "Просвещение 1985г.".
  3. Маргулан А.Х. «Казахское прикладное искусство. Том 1» 1986 г.

  4. Аргинбаев М.М. « Аксессуары казахского национального костюма статья из научного труда» 1991 г.







Ғылыми жоба 1 сынып
























© 2010-2022