Мысық пен тышқандар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
14.1.2014ж
№ . Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі) Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету. 2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап жеткізуге дағдыландыру. 3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу. Сабақтың түрі. Аралас сабақ. Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу. Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар. Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі . 1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару 2.Сабақ мақсатымен таныстыру. ІІ. Жаңа сабақ 1. Кіріспе. -Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді? 2. Мұғалімнің түсіндіруі. Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің. Мысықтан қорқады, Түнде жортады. ( тышқан ) Тонын кие туған, Жалап бетін жуған. ( мысық ) - Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?. 3. Оқулықпен жұмыс . - Түсініп, дұрыс оқу . Рөлмен оқу. Тауып оқу. Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата. Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па? 4. Дәптермен жұмыс. - жұмбақты жатқа жазу. Жаңа сабақты бекіту. - Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы. - Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр. - Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ? Қорыту. Суретпен жұмыс. Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің? Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.


© 2010-2022