Қазақ тілі. Мәтіннің түрлері, негізгі ой 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Мәтіннің түрлері, негізгі ой. Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:18-жаттығу, мәтін бойынша түсінігін айту, негізгі ойды анықтау ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру «Кім жылдам?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім мәтіннің тақырыбын айтады, оқушылар сол мәтіннің тақырыбына сәйкес тірек сөздерді таңдап алады. Ең көп және дұрыс таңдаған оқушылар мәтінді толық айтып жеңіске жетеді. Мәтіннің тақырыбы: «Ешкі мен түлкі»Қажетті тірек сөздер: Апанның іші; Ешкінің апанға түсуі; Түлкінің апанға түсуі; Түлкінің апаннан құтылуы; Қажетті емес тірек сөздер: қасқырдың ешкіні алдауы; түлкінің арыстанды тұзаққа түсіруі; Күздің келбеті; Күздің қызықты күндері. Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)оқулықтағы 20-жаттығуды оқу, мазмұнын ашу. Әңгімелеу мәтінге жататындығын дәлелдеу. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Сұрақтарға жазбаша жауап беру. 21-жаттығу. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру. 22-жаттығудағы мәтінді оқу ары қарай жалғастырып айту. Даниярдың қандай кемшіліктер жіберді деп ойлайсың? Даниярдың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? Данияр сияқты баланы қандай бала деп айтамыз? 24-жаттығудағы берілген сұрақтарға жауап беру. ҮІ. Бекіту: 23-жаттығудағы тірек сызба бойынша әңгімелеу мәтінің құрастыру. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 25-26 жаттығу 67-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау


© 2010-2022