Математика пәнінен 3-ті қосу және азайту тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Математика. Сабақтың тақырыбы: 3-ті қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: Он көлеміндегі сандарға 3-ті қосу және саннан 3-ті азайту тәсілімен оқушыларды таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Қосындының және айырманың мәндерін тапқанда 3-ті қосу және азайту жағдайын қолдану білігіне машықтандыру.

Дамытушылық: Оқушылардың шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, салыстыру, ой-өрісін, шығармашылық ойлау, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімқұмарлыққа баулу. Таза, әдемі жазуға, шапшаңдыққа, алғырлыққа, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: түсіндіру сабағы. Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сан қатары. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру

III.Ауызша есептеу

IV. Жаңа сабақ

V. Жаңа материалды пысықтау

VI. Бекіту кезеңі

VII. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру

- Балалар, барлықтарың үйге берілген есепті шығара алдыңдар ма?

-Қане барлығымыз дәптерімізді арттан алдыға қарай жинаймыз.

III.Ауызша есептеу

Оқушалардан ішінара 2-ні қосу, азайту кестесін сұрау.

IV. Жаңа сабақ

3+3=6 6-3=3

4+3=7 7-3=4

5+3=8 8-3=5

6+3=9 9-3=6

7+3=10 10-3=7

V. Жаңа материалды пысықтау

Енді оқулығымыздың 140-бетін ашайық.

№2

0+3=3 1+3=4 2+3=5 3+3=6

3-3=0 4-3=4 5-3=2 6-3=3

№3.Қосылғыштардың біреуі 3 болатын қосындыларды ата. Мәндерін тап.

№4.Есепті шығар:

Асхат - 3ж.

Талғат - ?, 3ж.үлкен

Ш:3+3=6(ж)

Жауабы: Талғат 6 жаста.

VI. Бекіту кезеңі

№5.Мысалдарды шығар:

10-1=9

6+2=8

8+2=10

4+3=7

9-2=7

VII. Үйге тапсырма.

140-бет №6



© 2010-2022