Ашық тәрбие сағаты. Менің Отаным

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің елім

Мақсаты:

1.Оқушыларды өз Отанын, елін,туған жерін сүюге және ел рәміздерін қастерлеуге үйрету.

2.Нағыз ұлтжанды, рухы мықты азаматтық қасиеттерін дамыту.

3.Еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, Мемлекеттік нышандар бейнеленген плакаттар, авторларының суреті,Маңғыстаудың видео таспасы, гүлдер,шарлар,Отан туралы нақыл сөздер, еліміз туралы суреттер.

Сабақтың барысы:

-Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатымыздың мақсаты- Отанымыз туралы,соның ішінде Маңғыстау туралы көбірек білу ,сендердің білімдеріңді тексеру және де осы Отанымызды сүю,қастерлеу,құрметтеу.

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман ,жасыл жайлау,көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Ал ,қане балалар, Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
Оқушылар: Отан-дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы.

-Балалар, біз қай ұлтпыз?

-Қазақпыз.(сурет көрсету)

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан

1-оқушы:Қазақстан-қасиетті мекенім,
Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін.
Елім үшін,жерім үшін жан пида,
Республикам,Отаным,Атамекенім.
2-оқушы:Республикам-ұлан-байтақ жер болды,
Республикам-тәуелсіз ел болды.
Республикам-Республика атанып,
Халқымыздың көңілдері кең болды.
ҚАЗАҚСТАН- қазақ халқының атамекені,ұлы ордасы,киелі ошағы.

Қазақстан Республикасы- Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет.Аумағы 2724 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр.Елімізде 14 облыс,87 қала бар.(суреттерін атап көрсету)

1991 жылы- Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл болды. Көп кешікпей 1992 жылдың 4- маусымында республикамызда қазақ елінің елдігін танытар Қ.Р-ның Рәміздері қабылданды.

-Қ.Р рәміздеріне не жатады?

-Елтаңба,ту, әнұран.

-Ендеше осы рәміздердің авторларына тоқталайық.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

3-оқушы:Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй...
Бұл-таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара шаңырақ-ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы-елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Мемлекеттік туымыздың авторы:Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

4-оқушы:Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда-алтын күн,
Көк аспанда-жас қыран.
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Ән: Ернар,Аружан,Алмат -Көк тудың желбірегені

Әнұран авторлары:Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжмеденов,Н.Назарбаев.

Хормен:
ҚАЗАҚСТАН: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен-Еңселі,
Әнұранымен-айбатты ел!

Ел нышандары-елімнің мақтанышы.

Хор: Атамекен

-Балалар,біз осы Қазақстан республикасының қай облыста тұрып жатырмыз?

-Маңғыстау

-Иә,Маңғыстау- Қ.Р-ның оңтүстік-батысында орналасқан. Маңғыстау облысы 1973 жылы құрылды.Бұған дейін Атырау облысына қарады.Маңғыстау қара алтынның ордасы.Жаңа технологиямен мал шаруашылығы,егін шаруашылығы жақсы дамуда.

-Балалар, сендердің білімдеріңді тексеру үшін мына тақтада жасырылған сұрақтарға жауап береміз.

1.-Біз қай облыста тұрамыз?

2.- Біздің қаламызда қандай теңіз бар?

3.- Біздің теңізге қыс мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?

4.- Маңғыстау өңірінде қандай қасиетті жерлер бар?

5.-Биыл біздің қаламызға неше жыл толды?

6.-Қаламыз қалай аталады?

7.- Маңғыстау өңірі қандай пайдалы қазбаларға бай?

-Жарайсыңдар балалар.

- Балалар, менің қолымдағы не нәрсе екенін білесіңдер ме?

- Глобус.

-Дұрыс.Балалар,мынау біздің тұрып жатқан жер шарымыз.Мұнда қандай ұлттар өмір сүрсе де ,біздің бір ғана туған жеріміз ,Отанымыз бар.Ол- Қазақстан.

-Енді балалар, әрқайсысыңа жүрекше беремін.Сол жүрекшеге сендер туған жер,Отан,ынтымақ,достық,отбасы,сыйластық туралы мақал-мәтелдерді жазып,мына глобусқа жабыстырамыз.Уақытымыз шектеулі мына құмсағатты пайдалана отырып,осы 1 мин ішінде мақал-мәтелді жазып,жабыстырып үлгеруіміз керек.

-Сонда біздің мақсатымыз қандай да бір өзге ұлт өкілдері болмасын өз Отанымызды сүйе отырып,бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру керек.

Халық күйі: «Жастар» Асылбек

Маңғыстау туралы видео.

Аружан:О,Маңғыстау

Май-май болған өңірің

Көп бояудың ішіндегі қоңырым

Тамырыңды қуыс ине бұрғылар

Мұнай берген,жанын берген донорым.

Маңғыстау сенің жеріңде

Тау да аңыз,тақыр тас та аңыз.

Алғидың ала шөлінде

Өшпепті әрбір басқан із.

Маңғыстау деген даламнан

Аруақты Бекет атамнан

Ақ жаулықты анамнан

Сәлем саған туған жер.

Балаң бүгін сенбейді баяғыңа

Арман еді-ау бақ мына , сая мына

Бүкіл әлем бас ұрып жатыр енді

Ару қала,қыз қала аяғыңа.

Маңғыстау алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде.

-Қане балалар, бәріміз орнымыздан тұрып,шеңбер құрамыз.Менің қолымдағы лентаны пайдалана отырып,саусағымызға айналдыра ораймыз.кезек пе кезек орап,бір-бірімізге жалғастырамыз.

-Міне балалар,қараңдаршы,біз бір-бірімізбен байланыстымыз.Сол сияқты бізде Отанымызбен байланыстымыз.

Мен оның күнін сүйем,түнін сүйем,

Ағынды өзен ,асқар тау,гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіртті үнін сүйем.

Отан!Отан!

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүіп өтем,-деп М.Мақатаев ағамыз жырлағандай Отанымызды мәңгілікке сүйіп өтейік.

Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл- қыздар молая берсін.
Хор: «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар»

-Ал, балалар,осы тақырыпты қорытындылай келе,Бұрын білетінім,осы сабақтан білгенім және болашақта нені білгің келеді?-осы туралы бір-екі ауыз пікірлеріңді айтып кетсеңдер.

«Менің елім» атты тәрбие сағатына қатысқандарыңызға рахмет.Және де қонақтарға да рахмет.




© 2010-2022