Ана тілінен сабақ жоспары: Астана

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Астана. Тасымал
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сөздерді тасымалдай білуге үйрету, Астана туралы бар білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Астана қаласы туралы толығырақ түсінік алады, сөздерді тасымалдауды үйренеді.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Ноутбук, оқулық, дәптер, микрофон, Бәйтерек суреті, магниттер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, топтық жұмыс
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық.

Армысың, Алтын күн! Армысың, Көк аспан!

Армысың Жер - Ана! Армысың достарым!

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Мемлекеттік тіл туралы түсінгендерін сұрау. «Әнұран» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Ой қозғау «Жұмбақтап айтам, тауып көр»

Үздік оқушылар слайдтан Астана қаласы туралы суреттерді тамашалайды. Оны жұмбақтап сынып оқушыларына жасырады. Қалған оқушылар не туралы айтылып тұрғанын табады.

Тақтамен жұмыс: Астана деген сөзге дыбыстық талдау жасау. Көркем жазғызу.

Ондағы дауысты дыбыс қанша? Неше буынды сөз?

Егер осы сөз дәптердің жазу жолына сыймай қалса не істейміз? Тасымал туралы түсінік беру.

ІІІ. Мағынаны тану

«Ыстық орындық».

Оқушылар қолға микрофон алып, орындыққа отырып, Астана қаласы туралы өз ойларын айтып берді. Астана - біздің бас қаламыз, астанамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақ - жауап.

ІҮ. Сергіту сәті.

Қазақстанның жері кең байтақ

Биік - биік таулары бар

Терең -терең көлдері бар

Суда жүзетін балықтары бар

Біз сияқты бақытты балалары бар

Ү. Дәптермен жұмыс.

№1 ана тілі жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Топтық жұмысы. 90 - жаттығу.

ҮІ. Қорытынды: Бәйтерек суретін құрастыру

  • Сө жазылып келе жатып жазу жолына сыймаса не істеу керек?

  • Сөздің тасымалдануы неге байланысты?

  • Ел ордамыз қай қала?

  • Астана қаласының символы? Сөздің сызбасын сыз.

  • Бәйтерек сөзін буынға бөл, сызбасын сыз.

  • Астана деген сөзге сөйлем құра, сызбысын сыз

ҮІІ. Үйге тапсырма: 58 -59 бет мән оқу. 60 бет ереже жаттау.

ҮІІІ. Бағалау. Күннің шуақтары арқылы өздерін бағалайды.


© 2010-2022