Әліппе әлеміне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кададанова А.К.

«Қызыл-Жұлдыз негізгі орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы ,Катонқарағай ауданы

Қызыл-Жұлдыз ауылы.

Сабақтың тақырыбы:Әліппе әлеміне саяхат.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау,ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.

2.Ата-аналарға өнерлерін көрсету.

3.Оқушыларды өнерге ,өзін-өзі басқаруға үйрету.

Көрнекілігі : шарлар ,кітап көрмесі,суреттер,интербелсенді тақта,слайд,әріптер.

Сабақтың барысы:Мұғалім сөзі: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың,

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндерді ортаға шақырайық.

Шашу,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бүл мереке , бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық. (Ата-аналар шашу шашады)

(Әр оқушының аты-жөні аталады ,музыка ойнайды)

1слайд.

Оқушыларды таныстыру: 1.Сабырлы да, салмақты .

Үйреніп бәрін жүретін.

Қуаныш деген балаңыз

Болады міне осындай.

2.Сымбатты ,әнші Айгерім, 3.Көп оқитын, тоқитын, Салмақты және өнерлі. Бәрін біліп жаттайтын. Дөңгелене билейтін, Шырайлым деген қызыңыз,

Айгерім біздің осындай. Болады міне осындай!

4.Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті .

Талапты әрі өнерлі,

Ақбөпе біздің осындай!

2слайд.

Мұғалім сөзі: Қымбатты ата-аналар, ұстаздар «Әліппе әлеміне саяхат» ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. «Әліппе әлеміне саяхат» ертеңгілігімізді «Ұстазым» әнімен бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім сөзі: -Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен: -Ол сүйікті , Әліппе!3рет. Әліппе,Әліппе,Әліппе!

3слайд. Әліппе!

Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар ата-ана.

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға!

Ән: Үйретеді әліппе.

(Оқушылардың әліппеге арнаған өлеңдері)

4слайд.

1.Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Маған сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

2. Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерім шығыңдар.

Бастайық қане айтысты.

3.Алфавиттің «А» тұрады басында. «А» деген ол аналар ғой ардақты.

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. «Ә»деген ол әкелер ғой салмақты.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші. «Б» деген ол балалар ғой бақытты.

Ал осының сыры неде түсінші. Сондықтан да алшақ кетпей тұрады олар,

Алфавиттің басында.

  1. «Ә» дыбысын өткенде ән айтуды үйрендік. Ән: Бал-Балалық.

  2. «Б» дыбысын өткенде би билеуді үйрендік. Әліппеге арналған қыздардың биі.

  3. «Ө» дыбысын өткенде өнегелі сөздермен де таныстық.(Мақал-мәтелдер айту)

5слайд.

4.«Ж» дыбысын өткенде жаңылмай жаңылтпашты жаттап үйрендік. Жаңылтпаштар айтып жарысу.

«Сөзден сөз жасау» ойыны. «Балапандар» Бала,пана,ана т.с.с.

Балалар , сендердің сауатты, саналы ,ойлы азамат болуларыңа ата-аналарыңның да үлесі өте мол болды. Ата-аналарымызға мың алғыс айталық.

Хормен: Ата-анаға мың алғыс. 3 рет.Ән: Анашым.

Мұғалім:Балалар ,бүгін ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр.

Құрметті, ата-аналар сіздермен де бір қызықты ойын ойнағымыз келіп тұр.

«Адымда» ойыны .Әр адым сайын балаларға жылы сөз айту.

Мұғалім сөзі: Енді балалардың сіздерге арнаған жылы сөздерін тыңдаңыздар.(Әр бала өз ата-анасын тілек айтады.)

Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!

Мұғалімнің қорытынды сөзі.(Мадақтау, дипломдар тапсыру.)

Әліппе әлеміне саяхатӘліппе әлеміне саяхат

Әліппе әлеміне саяхат Әліппе әлеміне саяхат



© 2010-2022