Дүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігіДүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігіДүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігі

Пәні: Дүниетану

Бөлімнің тақырыбы: «Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі»

Тараудың тақырыбы: «Өсімдіктердің алуан түрлілігі»

Сабақтың мақсаты:

Коррекциялық - түзету жұмыстарын жүргізу; көру арқылы зейінді, есте сақтауды дамыту;

Білімдік - өсімдіктер туралы мәлімет беру;

Танымдық - өсімдік - тірі ағза екенін түсіндіру;

Дағды - алған түсініктерін өмірдегі көргендерімен байланыстыру;

Тәрбиелік - қоршаған ортаны қорғауға баулу;

Сарамандық - ағаштың «жасын» анықтай білу.

Сабақтың жабдықтары:

Көрнекілік, тірек сызбалары «А», «В», суреттер, оқулық.

Сабақтың түрі:

Модульдік оқыту технологиясы.

Сабақтың әдісі:

Әңгімелеу, қайталай оқыту (көрнекіліктер бойынша қайталау), өз бетімен жұмыс, ізденістер.

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі. Бейнелеу.

Сабақ барысы:

  1. Түзету (коррекциялық) жұмыс түрлері

Көзге, қимыл-қозғалысқа, тыныс алуға арналған жаттығулар т.б.

Қол жаттығулары

Мақсаты: қол қимылындағы жалпы және ұсақ моторикасын жетілдіре отырып, саусақ қимыл үйлесімділігін нығайту, дамыту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыны ұйымдастыру үшін мынадай сұрақтар алынады. Бұл сұрақтарға оқушы тез және бір ғана сөзбен жауап беруі тиіс.

Мақсатым: баланы тез ойлауға, ойларын бір ғана сөзбен жеткізуге дағдыландыру.

Мысалы:

1. Адамның қолында неше саусақ бар? (5)

2. Сен нешедесің? (9) 3. Бірінші байлық - ... (Денсаулық) 4. Сен нешінші сыныпта оқисын? (3)

5. Өсімдікті зерттейтін ғылым? (Ботаника)

III. Өткен материалды еске түсіру.

«Өсімдіктер» (сызба «А») тірек сызбасына шолу.

Дүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігі

IV. Жаңа сабақ

А) Тақырып бойынша пікірлесу.

Ә) Тірек сызбасы арқылы түсіндіру (Сызба «В»)Дүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігі

V. Бекіту түрлері


  1. Мәтінмен жұмыс.

« Сиқырлы сандық » оқыта үйрету ойыны.

Мұғалімнің қолында сандықша болуы тиіс. Мәтін оқылады. Содан соң сандықшадан сұрақтар (мәтін бойынша құрылған) жазылған суреттер алынады. Оқушы суреттерді дұрыс орналастыра отырып, сұрақтарға жауап беруі тиіс.


  1. Ағаш «жасын» білесің бе?

Дүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігі


  1. Сарамандық жұмыс

Оқушы:

  • ағаштың жасын;

  • табиғаттың қандай әсері болғанын;

  • қандай жағдайда ағаш өскендігін

анықтайды.


  1. «Дәннен дәнге» ойыны.

Дүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігі

Ойынның шарты:


Оқушыға «Дәннен дәнге» атты тірек сызбасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сосын дән, өскін, жапырақ, гүл, тұқымның пісіп жетілуі бейнеленген қағаздар және қарындаш беріледі. Оқушы тірек сызбасы бойынша суреттерді орналастыруы қажет. Содан соң суреттердің ортасын стрелкалар салу арқылы дұрыс байланыстыру керек. Мұғалімнің басқаруымен оқушы бастайды. 1 минут өткеннен кейін жұмыс тоқталады.


  1. Проблемалық сұрақтар.

Өсімдік пен адам өміріндегі ұқсастықтарын тап!

Дүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігіДүниетану. Өсімдіктердің алуан түрлілігі

© 2010-2022