Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә. Табылды

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Әдебиеттік оқу.

Сыныбы:

2-сынып.

Уақыты:

24.10.15ж

Сабақтың тақырыбы:

Ә.Табылды «Қызық дәстүр».

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзіреттілік

Ә)коммуникативтік құзіреттілік

Б) проблеманы шешу құзәреттілігі

Әдібай Табылдының өмірімен шығармашылығы туралы толық ақпарат беру.

Әдібай Табылдының өмірінен алған білімдерін, өнегелі өмірде қолдана білуін қалыптастыру.

Мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету, мазмұның ашып, өз бетімен сұрақтарға жауап беріп, өз ойын ашық жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Сыни тұрғыдан ойлау, дамыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, дүниетану.

Оқыту құралдары:

Суреттер, түсіндірме сөздік.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә.Табылды

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар.

- Отырыңыздар.

Бүгінгі көңіл - күйлеріңіз қалай?

Сабаққа әзірсіңдер ме?

Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбек ете жұмыла ,

«5»ке қолды жеткізу.

Амандасады.

-Жақсы.

-Сабаққа әзір екендігін мәлімдейді.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбек ете жұмыла ,

«5»ке қолды жеткізу.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, зейіндерін сабаққа аударады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Оқушылыар үй тапсырмасында не берілді?

- Үй тапсырмасына дайынбыз ба?

-Алтын алқа

-Иә.Оқушылар мәтіннен түсінгенің айтады.

Үй тапсырмасына дайындық деңгейлері анықталады.

ІІІ.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.

Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә.Табылды

Қызығушылықты ояту.

Енді мен сендерге өлең шумақтарымен сұрақ қойғым келеді?

- Әліпбидің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші?-

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына өлең шумағымен жауап қайтарады.

А деген ол аналар ғой ардақты,

Ә деген ол әкелер ғой салмақты.

Б деген ол балалар ғой әдемі,

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар әліпбидің басында.

Өлең жолдарымен қойылған сұраққа мұғалімнің көмегі арқылы өлең жолдарымен жауап береді.

Сабаққа деген құлшынысы жақсы екенін көрінеді.

IV. Жаңа материалды меңгерту.


Сөздікпен жұмыс.

Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә.Табылды





Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә.Табылды




Сергіту сәті.

Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә.Табылды

Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз:

Әдібай Табылды «Қызық дәстүр». ( 1926ж) 2 қаңтарда қазіргі Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.Ұлағатты ұстаз, педагог-ақын, Ұлағатты ұстаздың «Әдеп әліппесі», «Халық тағылымы» , «Тағылым» осы аталған еңбектері үшін көптеген ең жоғары деген грамоталармен марапатталған.

Дөнен-төрт жасар жылқы малы.

Тақымың мықты болсын!-құлапқалмай, атқа мықты отыр.

Бәсіре - ер балаға меншіктеп,арнайы ен (белгі) салынған мал.

Ат міністі болсын- атың мықты болсын.

«Қызықты дәстүр»

Алпамыс-ізетті, ілтипатты бала. Ол атасына ұқсап үнемі күлімдеп жүреді. Сондықтан да атасы оны «атасының панасы, әкесінің баласы» деп жақсы көреді. Атасы- асауды құлағынан тартып үйретіп жүрген жылқышы.

Анада ол:

-Алпамыс, сен алты жастасың. Осы жайлауда сені атқа мінгізіп, той жасаймыз,-деді.

-Былайша да атқа мініп жүрмін ғой, ата...

-Қазақта баланы атқа мінгізіп , той жасайтын дәстүр бар.

-Мен қандай атқа мінемін, ата?

- Өзіңнің бәсіреңе, көк дөненге мінесің.

-Алақай! Көк дөнен жуас! - деп Алпамыс қуанып кетті.

Алатаудың жасыл жайлауында, ақ шағаладай ауылда той басталды. Көрші ауылдан, қаладан келген ағайындар құттықтап жатты:

-Атқа міну тойы құтты болсын!

-Тарлан мінген Алпамыс, тақымың мықты болсын!

-Санаттағы сарбаз бол!

Алпамыстың атасының қуанышы қойына сыймай жүр. Көкесі көк дөненді көлденең тартып, атқа мінгізу дәстүрін орындады. Күміс ер тоқымды, күміс айылды ер-тұрманы жарасып тұр. Аңқылдақ атасы көк дөненнің тізгінін өз қолына алды.

-Әуп,бисмиллаһи, рахмани рахим!Жолың болсын, балам!

-Қызыр бабам тізгініңнен ұстасын!-деді көкесі.

- Алла тағалам ақ жолын берсін!-деді әжесі. Сөйтіп, шашу шашты.

Жұмыр денелі торы төбел айғырына мінген атасы:

-Ер соңымнан, жарығым!-деп, желдіре жөнелді.

«Алпамыстың атасы жылқышы ғой, қаршадай болса да, атқа отырысы жақсы екен!» - деп, жұрт риза болып тұр.

Ат міністі болсын, балдырған! Өзің де Алпамыстай батыр бол, ел қорғайтын азамат бол!


Сүйінші - қуанышты хабар жеткізуші адам.Сүйінші , сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал, - дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынылады.

Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.Бала дүниеге келгенде , келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен , күміс тындармен әйелдер шашу шашады.

Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғн қонаққа шақырады.

Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды. Дәулет Қасенов туралы толық мағұлмат алады.


Оқушылар жаңа сөздермен танысады.






«Қызықты дәстүр»

Алпамыс-ізетті, ілтипатты бала. Ол атасына ұқсап үнемі күлімдеп жүреді. Сондықтан да атасы оны «атасының панасы, әкесінің баласы» деп жақсы көреді. Атасы- асауды құлағынан тартып үйретіп жүрген жылқышы.

Анада ол:

-Алпамыс, сен алты жастасың. Осы жайлауда сені атқа мінгізіп, той жасаймыз,-деді.

-Былайша да атқа мініп жүрмін ғой, ата...

-Қазақта баланы атқа мінгізіп , той жасайтын дәстүр бар.

-Мен қандай атқа мінемін, ата?

- Өзіңнің бәсіреңе, көк дөненге мінесің.

-Алақай! Көк дөнен жуас! - деп Алпамыс қуанып кетті.

Алатаудың жасыл жайлауында, ақ шағаладай ауылда той басталды. Көрші ауылдан, қаладан келген ағайындар құттықтап жатты:

-Атқа міну тойы құтты болсын!

-Тарлан мінген Алпамыс, тақымың мықты болсын!

-Санаттағы сарбаз бол!

Алпамыстың атасының қуанышы қойына сыймай жүр. Көкесі көк дөненді көлденең тартып, атқа мінгізу дәстүрін орындады. Күміс ер тоқымды, күміс айылды ер-тұрманы жарасып тұр. Аңқылдақ атасы көк дөненнің тізгінін өз қолына алды.

-Әуп,бисмиллаһи, рахмани рахим!Жолың болсын, балам!

-Қызыр бабам тізгініңнен ұстасын!-деді көкесі.

- Алла тағалам ақ жолын берсін!-деді әжесі. Сөйтіп, шашу шашты.

Жұмыр денелі торы төбел айғырына мінген атасы:

-Ер соңымнан, жарығым!-деп, желдіре жөнелді.

«Алпамыстың атасы жылқышы ғой, қаршадай болса да, атқа отырысы жақсы екен!» - деп, жұрт риза болып тұр.

Ат міністі болсын, балдырған! Өзің де Алпамыстай батыр бол, ел қорғайтын азамат бол!

Салт- дәстүрге байланысты нақылдардың мағынасын ашып, өз ойларын білдіреді.


Жаңа материалды толық меңгереді. Дәулет Қасеновтың өмірімен шығармашылығы туралы толық мағұлмат алады.Тақырып бойынша өз ойларын айтады.

Сөздік қорлары молайады.

Мәтінді мәнерлеп оқиды.





Оқушылар өз ойларын ашық жеткізеді.




Оқушылар бір сергіп алады.

V.Жаңа материалды бекіту.

-«Мен мақтаныш етемін» деген тақырыпқа эссе жазамыз.


-Бүгінгі сабағымызды нақыл сөзбен қорытындылау.

Әр елдің салты басқа

Надақтың белгісі.

-«Мен мақтаныш етемін»

1-оқушы. Менің досым -адал, сенімді, әзілқой, тәртіпті.Мен досымды мақтаныш етемін.

2-оқушы. Менің ұстазымның сөзі маржан,білімді. Ұстазымның бар болғанын мақтаныш етемін. Бізді әдептілікке,сыпыйылыққа тәрбиелейді.

Өлең жолдарын хормен мұғалімнің артынан қайталайды.

Оқушылар бойларын шапшаңдықпен толықтырып, тапқырлықтарын танытады.

VI.Үйге тапсырма.

Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә.Табылды

Ә.Табылды «Қызық дәстүр» оқып келу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Білімдерін толықтырады, мәлімет жинақтайды, деңгейлері анықталады.

VII.Бағалау . Әдебиеттік оқу Қызық дәстүр Ә.ТабылдыҚортынды.

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.

Бағаларын күнделіктеріне қойғызады.

Өз деңгейлеріне көз жеткізеді .



© 2010-2022