Портфолио: С есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байтурсынов Нурымжан Бакытжанович Мұғалім портфолиосы С есеп

№2 топ 3-деңгей

Қостанай қаласы 12.06.2013 жыл


С есеп

Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізілгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп

Білім жүйесін толықтыратын және білімнің сапасын көтеруге арналған мемлекеттік құжаттар қазіргі мектепке жаңалықтар енгізуді талап етеді. Осыған байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіретін курстар ұйымдастырылды. Осы курстың негізгі қағидалары тәжірибелік нәтижелерді ғылыми зерттеулердің нақты жетістіктерімен сәйкестіру болады. Осыған байланысты курстың негізінде бір-бірімен байланысқан жеті модуль идеялары жатады, олар: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2. Сыни тұрғыдан ойлауды уйрету; 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. АКТ қолдану; 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6. Оқытудағы басқару және көшбасшылық; 7. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың қалай оқу керек екендігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған және сандық технологияларды тиімді пайдалана алатын білікті тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, сыныптағы оқушыларды тәрбиелеу мен ойлауын дамытуға бағытталған мұғалімнің күнделікті жұмысы оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасының негізгі мазмұны жеті бөлек модуль түрінде қамтылғанымен оқыту барысында олар аралас түрде беріле береді.

  1. Оқытудағы жаңа тәсілдер модулі негізінен диалогті қамтиды. Диалог түрлері олар; әңгіме-дебат, топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме. Осы әңгімелерде сұрақ-жауап ,талқылау арқылы іске асады. Мерсердің айтуы бойынша, әңгіме-дебат барысында ой-пікірлер-де үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 40 бет). Топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар мынадай: айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі, әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы, идея қайталанады және жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, әркімнің идеясы пайдалы деп бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі, қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды, қатысушылар сұрақтар қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді», топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы - келісімге ұмтылу (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 40 бет). Диалогпен тығыз байланысты модуль сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі.
  1. «Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз, логикалық ойлаумен қатар, алған білімді жан-жақты ойлай отырып, оны бағалап, талдап және синтездеп тағы қолдану. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту оқу процесіндеге күрделі мендеттердің бірі (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды: біз, мұғалімдер жоғары және қосымша білім беру, біліктілікті арттыру жүйесі шеңберінде бұл дағдыларды қалайша дамытып, өзжұмысымызда қалайша қолданып жүрміз. Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету диалог пен өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асады. Өзін -өзі реттеу оқушыларға сұрақ қойылады, бірақ оның жауабын қалай табу керек екені жайында бағыт-бағдар берілмейді. Оқушыларға бостандық беріледі. Оқушылар өздері қалағанша сұрақтың шешімін табады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау денгейін бақылап, талдап бағалау үшін оқыту үшін бағалау модульін қолдануға болады.
  2. Оқыту үшін бағалуды формативтік бағалау, ал оқуды бағалауды жиынтық бағалау дейді (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 56 бет).
Бағалаудың келесі мақсаттары бар;
  • Оқытудың қиындықтардын анықтау
  • Кері байланысты қамтамасыз ету
  • Уәж
  • Болжау және сұрыптау
  • Стандарттарды бақылау және орындау
  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау
Бағалаудың әділ және бағаның не үшін қойылғанын көрсету үшін интерактивті тақтаны қолдануға болады. Интерактивті тақтаны қолдану бағдарламаның төртінші модульіне жатады.
  1. Оқыту үдерісін жетілдіру үшін АКТ және сандық жүйелерді қолдану. Қазіргі заманда АКТ күннен-күнге дамуда. АКТ мұғалімдерге білім беру ісін жеңілдетеді, сонымен қатар оқушыларды қызықтырады. Ғаламтор арқылы балалар мен мұғалімдер өздеріне керекті мәліметті ала алады. Қазіргі кезде АКТ-ны бірсыпыра көмекші ретінде мұғалімдер оқытудың бір бұрышына қойып қою тенденциясы пайда болды. АКТ арине сабақта көптеген көмегін тигізеді, бірақ оны тек қосалқы құрал ретінде қолдану керек. Сонымен қатар оқушылар ғаламтордан өзіндік ізденіс жасап, материалдар қарастыра алады. Әсіресе ондай қабілеттермен дарынды және талантты балалар танымды. Ал дарынды және талантты балаларды тек АКТмен ғана емес басқа да әдістерді қолдана отырып оқыту бағдарламаның келесі модульі.
  2. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi.
«Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиісті» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 56 бет). Фриманның зерттеуі бойынша дарынды және талантты балалардың негізгі қасиеттері мыналар: 1. есте сақтау және білу; 2. өз білімін жетілдір; 3.ойлау қәбілетінің жылдамдығы; 4. мәселені шешу; 5. күрделікке деген сүйіспеншілік;

Дарын дегеніміз - адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын - адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап. Оны одан әрі дамта білу қажет. Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселесі толық шешпейтінімен, әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығының дамуына мүмкіндік береді. Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер: 1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде. 2. Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасау 3. Жақсы есте сақтау. 4. Сөздік қоры үлкен. 5. Дайын шешімді қабылдамау. Осыларды атай отырып еске сақтайтын бір қағида бар, бесінші сыныпта талантты болған бала, он бірінші сыныптың тапсырмасын берсең әрине оған шамасы келмейді. Өйткені әр тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты болу керек.
  1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту және оқу-баланың жастық танымдық білімін ескере отырып оқыту. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың төрт теориясы берілген. Осылардың ішінде маған жақыны, Маслоу мен Роджерс негізін қалаған оқудағы гуманистік тәсіл. "Осындай тәсілмен оқығанда біз бүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз" деп Карл Роджерс өз еңбектерінде жазған (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 78 бет).
Спиральды оқыту қағидаты бойынша құрылған Джером Брунердің оқу бағдарламасының негізінде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қандай қиындықтағы тапсырма болса да үйренуге болатындығына болжам жасалынған. Жоғарыда айтылған модульдерді жалпа сабақта дұрыс қолданып, тек өз керектігіне емес, басқа да әріптестерімен бірге іске жарату ол білім берудеге басқару. Бұл бағдарламаны соңғы модульі.
  1. білім берудегі басқару мен көшбасшылық. Бұл модульдың негізгі идеясы мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі бола отырып, көшбасшы болуы керек. Әріптестеріне әсер етіп, алға тарту үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетуі керек. Қазіргі кезде бұл модульде көп оптимистік жағдайлар бар, бірақ мұғалімдердің көптері курстан өтіп өз көзқарастарын өзгертсе нәтиже болар.
Жоғарғыда аталған жеті модульдың идеяларын мен тізбектелген сабақтар топтамасында енгізіп қашықтықтан оқыту кезеңінде төрт сабақ өткіздім. Қандай сабақта қандай модульдерді қолданғаным толығымен орта мерзімді жоспарлауда жазылған. Ал енді осы модульдарды қолдана отырып қандай өзгерістерді өз тәжірбиеме енгіземін деген мәселеге толығырақ тоқталатын болсақ. Бір сабақта модульдарды қолдану туралы есеп пен презентация және бір модульды сабақтар тізбегінде қолдану туралы есеп пен презентация жасадық. Осылардың бәрінде сабақта модульдарды енгізу туралы қолданған әдіс тәсілдердің көбі жазылып кеткен. Айналдырған төрт сабақта әрине көп әдіс тәсілдер қолдана алмайсың, ал жоғарғыда айтылғандай қолданғандар жазылып кетті. Енді осы есепте мен сол әдіс тәсілдердің ішінен ең қолайлы дегендерді алып талдап, қандай өзгерістер енгізуге болады және сол өзгерістерден нені күту керек деген сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Есепте жүйелік болу үшін, басында қалай түсінік жаздым сол ретімен модульдарды сабаққа енгізу әдістерін жазамын. Бірінші модуль оқытудағы жаңа тәсілдер. Ол айтылғандай екі үлкен бөліктен тұрады; оқытудағы жаңа тәсілдер және диалогтық оқыту. Осы мәселені зерттеумен Выготский, Вуд, Мерсер, Александер және т.б. айналысқан.Олар осы модульдың келесі негізгі бөліктерін бөлді: диалог арқылы оқыту, қалай оқу керектігін үйрену. Диалог менің сабақтарымда негізгі орын алады. Ол оқушылардың интеллектуалдық дамуына және олардың білімінің нәтижелі болуына әкелуі ықтимал. Выготскийдің айтуы бойынша когнитівтік даму жоғарғы денгейде болу үшін оқушылар жақын арадаға даму аймағында жұмыс істеу керек. Осылайша Выготскийдің ойы бойынша білім диалог арқылы дамиды. Бүгінгі күнде оқушылардың бірігіп әңгіме құруы үлкен пайда әкелетініне көптеген дәлелдемелер бар, олардың бірі менің мектептегі тәжірбием. "Қалай оқу керектігін үйрету" бөлігін сабақтың мақсатын анықтау арқылы жүзеге асырдым. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау, олар үшін сабақтың жоспарын құрып, сабақта қандай жетістікке жету керек екенін білумен тең. Сонымен қатар оқушы анықтаған сабақтың мақсаты, сабақтың алгоритмі болып табылады. Сабақтың соңында, қорытынды жасағанда оқушылар өздері қойған мақсатқа жетті ме, әлде жете алмады ма, осыны байқауға болады. Ал сабақ мақсатын тек мұғалім ғана анықтаса ондай эффект болмайды. Неліктен мұндай әдіс қажеттелігі бар деген сұрақ туындаса мен былай жауап берер едім; -оқушылар талдау жасау мен болжамдау әдістерін үйрену керек, ал сабақтың мақсатын анықтау осы әдістерді қолдануды талап етеді. -оқушылар өздерінің сабақтың жоспарлануына қатыстығын сезінуі керек, мұғаліммен бірге жұмыс істеу оқушылар үшін әрине қызықты болып табылар. -сабақтың мақсаттарын анықтау, оқушыларды қосымша ынталандыру әдісі болады деп ойлаймын. Ал оқушыдардан мектептегі тәжірибе кезеніндегі өткізген сабақтарымнан кейін сауланама алдым, онда мынадай сұрақтар қойдым:
  1. Топтық жұмыс кезінде сіздерге не ұнады?
  2. Топтық жұмыс кезінде сіздерге әсер еткен кедергілер болды ма?
  3. Топқа бөлу әдістемесі сізге ұнады ма?
  4. Сергіту сәттерін сабақта қолдану сізге ұнай ма?
  5. Егер сіз мұғалім болсаңыз сабаққа қандай өзгерістер енгізер едіңіз?
  6. Сіз сабақты қай жағдайда (өзіңіз оқығанда ма, сыныптасың түсіндіргенде ме, әлде мұғалім түсіндіргенде жақсы түсінесіз?
Сауалнама соңында оқушылардан алған жауаптарым:
  1. Өз ойымызды ашық жеткізе аламыз, оқушылармен ұйымдасып жұмыс жасаймыз, бірлесіп шешім қабылдағанымыз ұнайды, сабақ барысында уақытты тиімді қолданғанымыз т.б.
  2. Уақыттың жетіспеуі, кей кезде бір - біріміздің ойымызбен келіспей қаламыз.
  3. Топқа бөлген ұнайды, себебі сыныпта аз оқушы болғандықтан біз 3 топқа бөлінеміз, ойымызды ашып айтуға,идеямызды ортаға салуға мүмкіндік бар
  4. Сергіту сәттері ұнайды, себебі ойымызды жинақтап сергіп қаламыз, басқа пәндерде сергіту сәті қолданбайды десе, сыныптың кейбір оқушылары жоғары сынып болғасын қажет емес екндігін айтты.
  5. Әр өткен сабақта оқулық мәтінімен шектеліп қалмай, қосымша мәліметтерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттырар едім.
  6. Соңғы сұрақтың жауабында оқушылар пікір екіге бөлінді, бірі - мұғалім түсіндірген ұнайды, сабақ қызықты өтеді деп айтса, бірі - оқушылармен топта жұмыс жасау кезінде түрлі сұрақтарға жауап іздеп, оқулықпен жұмыс жасағанда жақсы түсінеді екен.
Келесі кең модульдардың бірі диалог арқылы оқытумен тығыз байланысты "сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" модульі. Сыни тұғыдан ойлауды дамыту мақсатымен мен қолданған ең нәтижелі әдістердің бірі ол «сұрақ парақтары». Сұрақ парақтарын қолдану мақсаты - Оқушыларды тақырыпты мұқият оқуға ынталандырады, себебі сұрақтардың сапасы олардың бағасына әсер етеді. Ал сұрақтарды дұрыс қою үшін, материалды толық білу керек. -талдау, жинақтау, салыстыру және бастапқы идеяны бөлуге тәрбиелейді -тапсырманың шығармашылық бөлігі креативтік ойды дамытады -оқушы рефлесивтік диалог әдісін үйренеді. -сұрақтарды құрастыру бостандығы, тұлғаның өзіндік қасиеттерін дамытады. Мақсаты әрине жаман емес, іс жүзіне келгенде осындай тамаша бола қоймады. Сыныптағы он бес оқушымның жартысынан астамы сұрақтарды дұрыс құрастырып, қойылған талаптарды толығымен орындады. Бір-бірімен сұрақтар парақтарымен ауысып оларға жауап берді. Үш оқушымның сұрақтары талапқа сай келмегендіктен басқа оқушыларға оларға жауап беру оңай болды. Содан кейін оқушылардан сұрақтары неге теріс екенін сұрадым. Олай істеген себебім сараптау кезеңін қамтамасыз етіп «неге» - деген сұраққа жауап алып, «қалай» деген сұраққа жетіп, қалай өзгертсек сұрақтар талаптарға сәйкес болады дегенге жету еді. Топтасып олардың сұрақтарын талаптарға сәйкестірдік. Арине өздері жеке жетсе әдістемелік тұрғыдан дұрыс болар еді, бірақ уақыт тым созылып кететін болған соң, топтастық. Келесі бірнеше модульдары қамтитын әдіс, жұптық әңгіме арқылы оқушыларды бағалау. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен, және бәсекелестік жоғарғы денгейде болсын деп сыныпты үш топқа бөлдім, бұл әрине жұптық жұмыс болып саналады бірақ топтық жұмыстағы бүкіл аспектілер кездесті. Осы жұптық жұмыс арқылы мен модульдардың бірнешеуін енгізе алдым. Толықырақ айтсақ оқушалар өзара байланыс арқылы диалог құрастырып, ондағы келген ойларды басқа жұптармен бөлісіп кері байланыс арқылы сыни тұрғыдан ойлау әдістерін дамытты. Сонымен қатар осы жұмыс істегенде ең маңыздысының бірі мен үшін жұптық жұмысты бақылай отырып, ондағы қарым-қатынастарды зерттеп, көшбасшылық жасаған оқушылар мен олардың топтан тыс өздерін қалай ұстайтынын салыстырып отырып жеті модульдардың көшбасшылық туралы бөлігін бақылай алдым. Әр жұп өкілдері басқа жұптарға ауысып табыстау әдісі арқылы өз білгендерін жеткізіп өзіндік білім алып отырды. Басқа жұпқа барып тақырыптың бір бөлігін түсіндіріп, өзіндік білімімен басқа оқушыларды үйрете алу, дарынды баланың құзырында болар. Сабақтың соңында өзара бағалау өткізіп, бағалар қойды. Бағалау кезеңінде эксперт оқушы жұптағы бір оқушыны бағалап, ал екінші оқушы өз пікірін айтып, бағамен келісуін келіспеуін айтты. Тек айтып қоймай өз ойын дәлелдеуге тырысып отырды. Мен оқушының айтқанын тыңдап оның неге солай деген сұраққа жауабының дәлелдемелерін қарастырдым. Сабақтың соңында жиынтық баға қойдық. Оқушыларға біз қолданған әдіс ұнады, ол туралы олар рефлексия кезінде айтып өтті. Жоғарыда жазылғандай практика кезінде мен қолданған әдістер көп, осы есепте маған ұнаған, келешекте өзгерістер енгізіп сабақта қолдана беретін әдістерді қарастырдым Курсты аяқтауға кішкене ғана уақыт қалды, осыған қарай отырып өз тәжірбиемді екі бөлікке бөлуге болар деген ойдамын, курсқа дейін мен қандай болдым және курстан кейін менің әс - әрекетім қандай болады. Бұған дейін барлық тізгін менің қолымда ғана болды. Сабақтың басынан аяғына дейін тек өзім жұмыс істеп, оқушылар көбінде тек тыңдау құралы ретінде отырды, бұл әрекеттерім бірінші модульға яғни оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуге қайшы келеді, сол себептен мен енді келешекте сабақты ұйымдастырушы ретінде жұмыс атқырып оқушыларға өзіндік білім алуға мүмкіндік беретін мұғалім боламын деген ойдамын. Келесі бір мәселе топтық жұмыс төңірегінде болып тұр. Курсқа дейін оқушылар жеке жұмыс істеді. Осы курстың шеңберінде менің байқағаным, топпен жұмыс жасау ең тиімді, пайдалы жұмыс жүйесі, оқушылар өзара, бірін-бірі толықтырып, тыңдап, өзгелердің пікірлерімен санаса отырып, өз идеяларын ұсынуға, оны дәлелдеуге үйренеді. Оқушылардың бойындағы мұндай өзгерістер сабақтын нәтижесін жоғарылататыны да сөзсіз. Себебі, сабақтың жақсы өтуі тек қана мұғалімнің сабаққа дайындығына байланысты емес. Сабақтың тиімділігі оқушылардың белсенділігіне, пәнге деген қызығушылығына тікелей байланысты. Ал топтық жұмыс осы мақсаттарды жүзеге асырады. Топтық оқыту әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесуге, бірінің ойын бірі бөлмей тыңдауға, біреудің пікірімен санасып, өз пікірін де білдіре білуге үйреттім. Бұл әдіс арқылы жұмас жасау өте қызықты болды. Әлі де осы әдісті, жалпы оқып үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді толығырақ зерттеп, болашақта өз тәжірибемде міндетті түрде қолданамын. Енді практикадағы тағыда бір күрделі өзгерістірдің бірі бағалау. Курста баға мен бағалаудың айырмашылығын түсініп, бұрын мен оқушыларды мақтауым, ынталандыруым оларды бағалауым екені мен үшін үлкен жаңалық болды. Бағалауды қолдану арқылы оқушылардың ынтасын арттыра отырып жаңа білім алуға бейімдеумен қатар, олардың оқуға деген көзқарасын өзгертуге боларына менің нақты көзім жетті. Болашақта бағалауды жиі қолданып, тек бағаға ғана тіреліп қалмай бағалаудың критерийларын жасап оқушыларды өзіндік объекті баға қоюға шамасы келетіндей болса деймін. Осылардың бәрін түйіндей отырып ойдағы идеяларым жүзеге асса менің жұмысым түбегейлі өзгеретініне, жақсы нәтижеге жететініме сенемін.






9


© 2010-2022