Ана -өмір бастауы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ана-өмір бастауы.

Мақсаты:

1-Балаларды мейірімділікке,ана еңбегін бағалай білуге үйрету.Дүниедегі жақсылықтың бәрі күннің нұрынан ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. 2-Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін құрметтей,ардақтай білуге тәрбиелеу;

3-Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие,салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтауға,білуге,құрметтеуге баулу;

Сезімін ояту.Өмір танымын кеңейту,имандылыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу дарындылығын дамыта түсу.

Көрнекілігі:суреттер,шарлар,гүлдер,мақал-мәтелдер. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. II.Әдеби монтаж. III. «Анам және мен» сайыс. IY.Ойындар.

Құттықтау сөз.Тәрбие ісінің меңгерушісі Сәрсенгалиева Г.С. Мұғалімінің құттықтау сөзі:

Балалар,бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?-Ана.Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан,ананың сүтінен таралған.Құрметті әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар бүгінгі мейрамдарыңыз құтты болсын.Сіздерге өмірдегі бар жақсылықты тілеймін.

1-бастаушы.Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейміз жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазына,алтын бақ.

2-бастаушы.Ана деген-асыл жандар болаттай,

Ана десең-мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар,қадірлей біл,Ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

1-бастаушы.Ана!Ана!Ана!Осы сөздің өзі адамға күш береді.Дүниеде ананың мейіріміне,аялы алақанына не жетеді!?

2-бастаушы.Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.Ананың мейірімі-көзінде,ықыласы-көңілінде,ақылы-сөзінде.

1-бастаушы.Бүгін біз аналарымызды құттықтау үшін «Ана-өмір бастауы» атты кешімізді өткізгелі отырмыз.

Кешімізге қош келдіңіздер.

2-бастаушы.Әлемдегі өзгермейтін үш-ақ зат бар.Ол ананың ақ сүті.Күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Ана есімін әрқашан,Біздер биік ұстаймыз.

Ән: Анашым.

II.Әдеби монтаж. 1.Гүл-гүл жайнап бәріміз, Кірді біздің сәніміз. Аналардың тойымен, Құттықтаймыз бәріміз.

Бәрі: Сенен өскен балалар,Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,Құрметті аналар!

Ән:Құттықтаймын мама,туған күніңмен. 2.Мейірімді сымбаты, Қадірменді қымбатты. Ең жақсы жан балаға, Ол кім десең,ол-Ана!

3.Жер бетінің ғұмыры, Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы, Анамыздан тарайды.

4.Мәпелейсін мені анам, Қолындағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам, Еркелеткен сөзіңмен.

5.Айтсаң болды тіл алам, Әйбат мамам,ақ мамам.

Сені көрсем қуанам, Сен керексін қайда да.

6.Әр сөзіңді жаттаған, Жүрегінде сақтағам.

Тәрбиелі анамды, Үнемі айтып мақтанам.

7.Анашым аялаған, Құшағың сая маған.

Әлемнің бар асылын, Мен үшін аямаған.

8.Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың.

Қасында кім болса да, Тек анаңа жақынсың.

9.Ана-біздің күніміз, Ана-біздің гүліміз.

Анамыздан тарайды, Біздің ана тіліміз.

10.Бізді өсірген апатай, Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекен.

11.Алтыным деп аңсаған, Өзіңсің ғой жан анам.

Алаңдаумен жүремін, Сені аңсап сағынам.

12.Бізді өсірген анашым, Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын анашым, Құтты болсын мерекен.

Бәрі: Ана-мақтан, ана-жыр,

Ана-бақыт,жанашыр.

13.Бізді өсіріп баптаған, Жақсы болсаң шаттаған.

«Алтыным» деп мақтаған, Айналайын ақ мамам.

14.Ақ әжемді әрқашан, Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны, Өлең айтып беремін.

15.Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтінді өтермін.

16.Мені жақсы көреді, Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі, Маған айтып береді.

17.Мен анамды сүйемін, Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап, Басымды оған иемін.

18.Жүрегінде-махаббат, Тілегінде-махаббат.

Еркелеткен біздерді, Анамызға мың алғыс.

19.Сегізінші наурыз, Мерекесі қыздардың.

Шіркін қашан болар екен, Мерекесі ұлдардың.

20.Әлдилеген анамның, Аясында шалқыдым.

Ұғып тыңдап аламын, Бақыт тілін бал тілін.

Бәрі: Аналарды сүйеміз,сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,әдеппен бас иеміз.

III. «Анам және мен» сайысы.

Қыздарымыз бен аналарымызға ақ жол тілеп,байқауымызды бастайық.

Әділқазылар алқасын сайлау.Бүгін сайысымыз мынандай бөлімдерден тұрады.

I.Таныстыру.

II.Өнер көрсету.

III.Сіз білесіз бе?/сұрақ-жауап,сұрақ суырады/

IY.Сән үлгісі қыздар көрсетеді.

Y.Аспазшы.

1кезең. «Сөз анасы сәлем»деген сәлем беру танысу.Әрбір ана мен қызы шығып,сәлем беріп өздерін таныстырады.

2кезең.Өнер сайысы.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз айтқандай ұлтымыздың қай дәстүрі болса да өлеңмен,бимен ұштасып жатады.Аналарымыз бен қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.

3кезең. «Сіз білесіз бе?»Қыз бала аналарына гүл суырады,ал анасы сұраққа жауап береді.

4кезең.Арулар кезекпен шығып сән үлгісін көрсетеді.

5кезең.Аспазшы./үйден дайындап алып келген тағамдарының жасалған құрамын қыздары түсіндіріп береді/

1.Әділқазылар алқасына сөз.Ата-аналар.

2.Марапаттау. Бас жүлде:«Кішкентай ару»

«Білімді ару»

«Өнерлі ару»

«Инабатты ару»

Осымен сайысымыз аяқталды.









© 2010-2022