Қазақ тілі Осы шақ (Қайталау)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Уақыты:15.02.16

Кабинет:

Мұғалім:Куккузова А.К.

Сабақтың атауы

Осы шақ (Қайталау)

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру, осы шақтағы етітіктер іс әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен жалғауларын таныстыру; сөйлеу дағдысын жетілдіру

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Үш түрлі шарлардың көмегімен топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау


Дәптерлерін тексеру

Қызығушылықты ояту

Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.

1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.

жақ жекеше көпше

I Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын) Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)

II Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз) Сендер отырсыңцар (жүрсіңдер, түрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар)

III Ол отыр

(жүр, түр, жатыр) Олар отыр

(жүр, түр, жатыр)

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс


Білімді бекіту

Мен паратада отырмын

Дана далада жүр

Сен тақта алдында тұрсың

Мен кітап оқып отырмын

Айжан институтта оқып жүр

Ол күліп тұр

Құраған сөйлемдердегі етістіктерді талдау барысында бұл етістіктер іс әрекеттердің қазір,яғни сол мезетте болып жатқанын білдіретіні байқатылады. Оқулықтағы -25 жаттығуды да осы шақ туралы түсінік беру үшін пайдалануға болады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру.



© 2010-2022