Тәрбие сағаты Аппақ бала 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Аппақ бала

Мақсаты: Тақалық, денсаулық, ұқыптылық жайлы тісәнік беру;

Міндеттері: 1 Ұйымшылдыққа тәрбелеу;

2 Оқу-құралдарына, киімдеріне ұқыпты

болуға баулы

Түрі: ауызша журнал.

Ұйымдастыру жұмыстары: 1Сыныпты екі топқа бөлу 2Үй жұмысын дайындап келу.

Шараның барысы:

I Ауызша журнал: Асан ойыннан асығып келді. Оның әппақ жүзіанардай қызарыпты. Мамасына тартқан танауы, таңқиып тершіп тұр.

  • Мама, тамақ ішем! - деді ол аптығып.
  • Ас дайын, балам. Жуынып кел,- деді ақжарқын ана.
  • Беті-қолымды кеше жуғанмын! - деді Асан абыржып.
Асыл ана Асанның шашының өскенін, тырнағының алынбағанын ендібайқады. «Кеше жуынғанмын» деп, кергіп тұрған баласын аяп:
  • Балам, үсті-басыңды таза сақта, - деді ана.
  • Шынықсаң, таза жүрсең, бойың түзу, өзің сұлу жігіт боласың.
Асан қабырғадағы айнаға қарап, кір қожалақ екенін көрді. « Ұят-ай, - деді ішінен ».
  • Маматай, кешіріңіз, қазір жуынам, - деді ол. Бөлмеге барып жуынып- шайынып келді.
  • Өстіп әдепті де, әдемі бол! - деп мамасы қуанып қалды.
Асан енді күнде шынығып, таза жүретін болды. Мамасы оны « аппағым » дейді. Ал ағайындары Асанды « аппақ бала » деп жүр.



II Үй жұмысын тексеру.

« Тазалық - денсаулық кепілі » тақырыбына мақал - мәтелдер айту.

I топ II топ

1

2

3

4

5

III « Ән » сайысы

I топ II топ

« Таза қуыршақ » әнін жарысып, мәнерлеп орындау

IV Рольдік ойын

Көрініс көрсету

I топ II топ

Тазалық жайлы Салақтық жайлы

V Қорытынды:

Екі топқа тісті сұрақ қою:

1 Асанға анасы неге жуынып, таза жүр дейді?

2 Сымбатты болу үшін не істеу керек?

VI Тазалық жайлы өлең мәнерлеп оқу. Өлеңді сурет арқылы бейнелеу.

VII Қорытынды:

  1. - Тазалықты қалай түсінесің?

  2. - тазалықтың денсаулыққа пайдасы қандай?

( Оқушылар жауап береді)

Құстар- біздің досымыз

Мақсаты: Құстардың аттарын білу,

Айыра білу, қамқор бола білу, Табиғатты қорғай білуге шақыру;

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктемде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?

Көктемде күн жылынады құстар жылы жақтан қайтып келеді.

Құстар өлеңі:

Құстар, құстар келеді,

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге,

Жақсы хабар береді.

  • Құстардың көктемде қайта оралу себебі: Ол жақта күн ыстықболып кетеді да, жұмыртқаларын салып кетеді. Олар сосын балаларын шығара алмайды екен. Сол үшін оралады.

  • Қазақстан Республикасында құстардың 480 түрі бар екен. Оның 143 түрі осы біздің Солтүстік Қазақстан облысында ұя салған

Сұрақ

1 Ал енді осы құстардың адам үшін қандай пайдасы бар екен?

2. Ағаштың қандай пайдасы бар?

- Ал енді балалар, сендердің алдарыңа құстардың өздері жайлы шағын мәліметтерін тыңдауға шақырамын.

(бозторғай, тырна, қарлығаш, көкек, қараторғай)

Ал енді балалар жұмбақ жасырамын, соны барлығымыз шешіп көрейік

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты;

Ұшқырлардың жүйрігі.

(Қарлығаш)

Қалқып тұрып аспанда,

Үн шығарып сан қлы,

Өнеріне басқанда,

Тұла бойың балқиды.

(Бозторғай)

Мойыны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы?

(аққу)

Жайнаған бақтың әншісі,

Тамсанған оған сан кісі

(бұлбұл)

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.

(Қаз)

Ұзақ тектес құс,

Шіркей жеп

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс.

(Қараторғай)

Секеңдеп бір тұрмайды,

Өрден құрт ұрлайды.

( Сауысқан )

Бірақ сөз біледі

Өз аты онысы

Соны айтып жүреді

Және жоқ қонысы.

( Көкек)

Сөз үйретсең қайталайды

Өздігінен айта алмайды

(Тоты)

Қос қанатты иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй салады:

(Қарлығаш)

Тұмсығымен ояды.

Ұя салып қояды

Табыңдаршы балалар

Ол қандай құс еді?

(Тоқылдақ)

Енді барлығымыз бірге сөзжұмбақты шешіп көрейік

1

Тәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сыныпТәрбие сағаты Аппақ бала 3-сынып

Тәрбие сағаты Аппақ бала 3-сынып

1. Орман дәрігері

2. Өлік жейтін құс

3. Жыртқыш құс

4. Жануарлардың ішінде адам досы кім?

5. Адамның досы

6. Киелі де әдемі құс.

7. Сөйлейтін құс

Сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты.

Қане оқиық ТАБИҒАТ

Балалар табиғат дегеніміз не?

Табиғат - бізді қоршаған орта

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Ал оны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Таза болса табиғат

Аман болар адамзат

Сендерге табиғаттан және бүгінгі апталықтан бір есте қалар сый ретінде көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекті сыйлауға рұқсат етіңдер.



Тақырыбы: «Айналайын ақ мамам»

Мақсаты: Аналар мерекесінің мағынасын ашу. Үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1) Атаулы мерекелерді білу; түсіну.

2)Сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Түрі: ақпарат

Дайындық жұмысы: әрбір сөйлеушінің дайындаған заттары

Құрал жабдықтар: тұрлі түсті қағаздар, тәрбие сағатына қажетті заттар

Шараның барысы:

I Ұйымдастыру сәті

II Негізгі бөлім

I Мұғалімнің ақпараты:

Ана

Ананың тілі, ананың махаббаты, ананыңтілегі тіл жетпес жатқан бір теңіз емес пе! Па, шіркін, ананың айналып - толғанғаны кімнің есінен кетеді?!

Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - ана. Қара жерді баспай жатып; есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап, уанбай жылап сенің іздейтінің-ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол- ана.

Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

Сұрақтармен тіл дамыту жұмысы:

1 Дүниеге алғаш келген кезде іздейтінің кім?

2 Ананың жүрегі қандай?

3 Өз анаңды қалай құрметтейсің?

II Әдеби монтаж:

  1. оқушы Қашанда мәлім маған, ана, сырың,

Өзің ғой қуанышым, жан ашырым.

Атыңа ана деген тең көрмеймін,

Жаһанның жиып берсе бар асылын.

2-оқушы Бірге жайнап, бірге лаулап көктеммен,

Жүректерге жарық берген, от берген.

Таң күзетіп, түн ұйқысын төрт бөлген,

Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!

3-оқушы Ұмытпаңдар аналардың әлдін,

Сол әлдиден басталады ән-күйің.

Суытпаңдар елжіреген жан күйің,

Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!...

4-оқушы Өмірімнің қап-қараңғы түнінде;

Еш не білмес түсім бе, я өңім бе?

Оң менен сол, от пенен су айырмас,

Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,-

5- оқушы Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,

Ренжу жоқ, барлық сөзің « Жан балам! »

Ыстық - суық, желге- күнге тигізбей,

Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.

6- оқушы Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз кұлдің.

Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған

Екенімді ойламастан тез білдің.

7- оқушы «Жаным - дедің, - қарашығым, құлыным»,-

Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»-

Қаз-қаз тұрсам,езу тартсам, құласам,

Я жыласам - бәрі жақты қылығым.

8-оқушы Жаным анам- жібек тілді, ақ көңіл,

Жазу болып, шегер болсам ұзын жол,

Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,

Жан балаңа ақ батаңды бере көр!...

Хормен ән айту: « Ақ мамам ».

III Мұғалімнің сөзі: Қазақта «Алтын емес, салтым қымбат,»- деген сөз бар.

Кез келген той- томалақ, ойын-сауықсыз өтпеген.

Ал, қазір сол ұлттық ойындардың бірі «Көршіңмен қалайсың?» деген ойынды Санжар жүргізеді.

Ойын: (Оқушылар жұптасып отырады, соның ішінде үш жұп қана ойнайды)

1-жұп - татумын

2- жұп-тату емеспін ( би биленеді)

3-жұп- тату емеспін (1 оқушы тақпақ айтады)

IV Мақал - мәтелдер сайысы.

VЭстафеталық сайыс: «Әкем, шешем, және мен спортшыл жанұя»

VI Қорытынды

Мұғалімнің сөзі:

«Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын.

Ботаның құны бір - ақ жұт

Бата балаға мәңгі құт»,- деген халықта сөз бар. Ендеше бүгінгі мерекеге келген әжеміз бата берсін.

Бата: Оқуда алғыр бол

Ойлауға даңғыл бол!

Ашуда сабыр бол,

Ісіңде шебер бол,

Ақылға шешен бол,

Еңбекте батыр бол,

Бүгінгі мереке құтты болсын! Әумин


© 2010-2022