Қазақ тілі. Шылау (4-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Шылау.

Мақсаты: Оқушыларға шылау туралы түсінік беру, сөз табына жатқанмен жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтынын, арнайы сұраққа жауап бермейтінін түсіндіру.

Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін одан әрі дамыту, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Табиғатқа қамқорлық жасауға баулу арқылы оқушыларды адамгершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, құстардың суреттері, үлестірмелі тапсырмалар, тест парақтары, смайликтер

Әдістері: түсіндіру, деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап,

Түрі: аралас, жаңа сабақты қалыптастыруға бағытталған флипчарт сабақ

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Біз сабақты бастаймыз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Өткенді пысықтау.

- Көктем туралы әңгімелесу.

- Құстар туралы айту.

- Құстардың тапсырмасын орындау.

  • Үстеу деген не? Мысал келтір.

  • Мезгіл үстеулері туралы айт. Мысал келтір.

  • Мекен үстеулері туралы айт. Мысал келтір.

  • Есімдік деген не? Мысал келтір.

  • Жіктеу есімдіктері туралы айт. Мысал келтір.

  • Сын-қимыл үстеулері туралы айт. Мысал келтір.

2. Ойын «Қай сөз артық?» (1 флипчарт слайды)

Мен, сен, және, ол

3. Ребус шешу. «ШЫЛАУ» (2 флипчарт слайды)

ІІІ. Жаңа сабақ мезеті.

1. Сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру, хабарлау. (3 флипчарт слайды)

2. Дәптер жұмыс. Күн ретін жазу.

Көркем жазу: Е е Есен мен Есет бірге ойнайды. (4 флипчарт слайды)

3. Жаңа материалды меңгеруге бағытталған жаттығу. 1-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу. Сөздердің сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтау. Жеке тұрғанда мағынасы бар-жоғын айту. (5 флипчарт слайды)

Қаршыға туралы айту(суретін көрсету).

- Жыртқыш құстар басқа жабайы құстар сияқты отырықшы, көшпелі және жыл құсы болып бөлінеді. Отырықшы түрлер жылдың барлық маусымдарында бір ауданда тұрақты тіршілік етеді. Жыл құстары ұядағы балапандары өсіп толық жетілген соң күзде оңтүстікке қарай ұшты, жылы аудандарға барып қыстайды. Ал көшпелі құстардың тұрақты қысқы қоныстары болмайды, Олар ұялаған аудандарынан көп ұзамай, жақынырақ жылылау оңтүстікке қарай бірте-бірте жылжып отырады, Әдетте ұшып баратын жерлері ұя салған аудандарынан ұзақ болмайды. Климаттың қатаңдығына және ұстап жейтін аңдарының аз-көптігіне байланысты жақынға немесе алыстау ұшып барып, қорек көбірек табылған жерлерде бірнеше күн аялдап қала береді. Бұлар қорек тауып тіршілік ете алатындықтарына байланысты ұялайтын жерлерінен күзде ете кеш ұшып, көктемде оған ерте оралады. Көшпелі құстардың кейбіреулері тіпті ұя салған жерлерінің маңында ұшып жүріп те тіршілік ете береді.

Кейбір жыртқыш құстар - бүркіт, тұрымтай, күйкентай, қаршыға және басқалары - көбінесе жыл құстары деп есептелгенмен олардың бірсыпырасы Қазақстанның өзінде қыстап қалады. Тундрада және орманды тундрада ұялайтын кейбір құстар Қазақстан территориясын қысқы қоныс ретінде пайдаланады. Мәселен, мұндай құстардың қатарына барақаяқ сарыш, ақсүндарды жатқызуға болады.

Әдетте құстың ұя салып көбейетін аудандары оның отаны болып саналады. Құстар еш уақытта кездейсоқ жерге ұя сала бермейді. Жыл құстары мен көшпелі құстар көбейіп ескен жеріне қайта оралып, сол аудандарда ғана ұя салады. Бұл табиғаттың заңды құбылысы.

4. Есіңе сақта. (6 флипчарт слайды)

Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейді. Шылаулар: мен (бен,пен), және, да(де), та(те), ма(ме), ба(бе), па(пе), дейін(шейін), қана(ғана), қой(ғой), үшін, туралы, -ақ.

5. Білімді бастапқы бекіту. (7 флипчарт слайды)

3- жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

6. Сергіту. (8 флипчарт слайды)

Көбелек тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

Бір дегенде - шықпен бетін жуды.

Екі дегенде - шыр айналып бұрылды.

Үш дегенде - қанат қақты.

Төрт дегенде - ұшып кетті.

7. Шығармашылық жұмыс. (9 флипчарт слайды)

Көп нүктенің тиісті шылауды қойып, шылау мен шылау ға қатысты сөздердің астын сыз. Карточка және интерактивті тақтамен жұмыс.

8. Өткен материалды бекіту. (10 флипчарт слайды)

-5- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз. Пердеше арқылы тексеру.

9. Тест. (11 флипчарт слайды)

(Тақырыпты бекітуге арналған)

1. Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейміз?

а) етістік ә) шылау б) үстеу

2. Мына сөйлемге қай шылау лайық?

Отан .... отқа түс, күймейсің.

а) туралы ә) дейін б) үшін

3. Сөйлемдегі «пен» сөзі қай сөз табына жатады?

Ақжүніс пен Алуа сабаққа бірге барады.

а) есімдік ә) шылау б) үстеу Өздерін-өздері тексереді

ІҮ. Қортынды: (12 флипчарт слайды)

Шылаулардың толық мағынасы болмайды, арнайы сұраққа жауап бермейді.

Ү. Үйге тапсырма беру: 6 -жаттығу. «Туған жердің ауасы да шипа» тақырыбына әңгіме құрастыру

ҮІ. Рефлексиялық - бағалау: (13флипчарт слайды)

- Бүгінгі сабақта жаңадан нені білдіңдер?

- Тағы не ұнады?

- Қиындық болды ма?

- Не қызықтырды?

- Көңіл-күйлерің қалай?

Төрт түрлі смайликтер.
Әркім өз біліміне, көңіл күйіне қарай тиісті смайликтерді таңдайды.
1. - Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсене қатыстым, өте жақсы жауап бердім десе 1- ші смайликті таңдайды, яғни өз күнделігіне «5» қояды.
2. - Жаңа сабақты түсіндім, бірақ белсене қатыспадым, жақсы жұмыс істедім деп ойласа 2-ші смайликті таңдайды, өзіне «4» деген баға қояды.
3. - Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе - 3-ші смайликті таңдайды, яғни «3» деген баға.
4. - Ал өте көңілсіз фигураны ешкім таңдамайды деп ойлаймын, өйткені бәрің еңбектеніп, сабаққа қатысып отырсыңдар.

Тест.

(Тақырыпты бекітуге арналған)

1. Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейміз?

а) етістік ә) шылау б) үстеу

2. Мына сөйлемге қай шылау лайық?

Отан .... отқа түс, күймейсің.

а) туралы ә) дейін б) үшін

3. Сөйлемдегі «пен» сөзі қай сөз табына жатады?

Ақжүніс пен Алуа сабаққа бірге барады.

а) есімдік ә) шылау б) үстеу

Кілті:

1. Ә

2. Б

3. Ә





Шығармашылық тапсырма

Айжан түске ... кітапханада болды. Көлге ... әлі жарты шақырым бар. Жақсы оқу ... тыңғылықты дайындалу керек. Мұғалім көктем ... шығарма жазып келуді тапсырды. Екінші тоқсанға ... әлі біраз күн бар.

Шығармашылық тапсырма

Айжан түске ... кітапханада болды. Көлге ... әлі жарты шақырым бар. Жақсы оқу ... тыңғылықты дайындалу керек. Мұғалім көктем ... шығарма жазып келуді тапсырды. Екінші тоқсанға ... әлі біраз күн бар.

Шығармашылық тапсырма

Айжан түске ... кітапханада болды. Көлге ... әлі жарты шақырым бар. Жақсы оқу ... тыңғылықты дайындалу керек. Мұғалім көктем ... шығарма жазып келуді тапсырды. Екінші тоқсанға ... әлі біраз күн бар.

Шығармашылық тапсырма

Айжан түске ... кітапханада болды. Көлге ... әлі жарты шақырым бар. Жақсы оқу ... тыңғылықты дайындалу керек. Мұғалім көктем ... шығарма жазып келуді тапсырды. Екінші тоқсанға ... әлі біраз күн бар.

Шығармашылық тапсырма

Айжан түске ... кітапханада болды. Көлге ... әлі жарты шақырым бар. Жақсы оқу ... тыңғылықты дайындалу керек. Мұғалім көктем ... шығарма жазып келуді тапсырды. Екінші тоқсанға ... әлі біраз күн бар.

Шығармашылық тапсырма

Айжан түске ... кітапханада болды. Көлге ... әлі жарты шақырым бар. Жақсы оқу ... тыңғылықты дайындалу керек. Мұғалім көктем ... шығарма жазып келуді тапсырды. Екінші тоқсанға ... әлі біраз күн бар.


© 2010-2022