Ашық сабақ Көктем сәні 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ашық сабақ Көктем сәні 2 сыныпАшық сабақ Көктем сәні 2 сыныпАшық сабақ Көктем сәні 2 сыныпАшық сабақ Көктем сәні 2 сыныпАшық сабақ Көктем сәні 2 сыныпАшық сабақ Көктем сәні 2 сынып№ 81. Тақырыбы: Көктем сәні. (Ертегі) Мақсаты: Ертегіні түсініп оқып, өлеңді мәнерлеп оқып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; еркін сөйлей білуге үйрету , сөздік қорын дамыту; қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге баулу сөздік қорларын дамыту; әсемдікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, рөлге бөліп оқу. Көрнекілігі: аңдар суреттері, сызба. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.» ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту. Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған? ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған көктем мезгілі ұнай ма? Несімен?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жалпы өздерің көктем десе ойларыңа не түседі? Ой шақыру


Көктем







Ү. Жаңа сабақ: Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған? Бұлғын не деді? Қалай ойлайсың басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? Сенің пікірің? Арыстан: Бәріңе бір сұрақ беремін. Көктем сәні неден? Қасқыр: Гүл, тақсыр Ақбөкен: Жасыл желек Ит: Хош иіс Қоян: Мөлдір су Арқар: Жылылық Киік: Нөсер Түлкі: Ашық аспан Бұғы: Салқын самал Піл: Еңбек Аю: Шалқыған көңіл Елік: Шаттық Борсық: Күлкі Қодас: Жігер Бұлғын: Тақсыр мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні- осы айтылғандардың бәрі.Солардың бәрін қоссақ көктемнің сәні шығады.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Аңның әрқайсысының жауабын талдап көр. Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін сал. 2. Ертегіге сүйеніп, сызбаны толтыр.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырыптар өттік? 1.Ертегі саған ұнады ма? Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толтырар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні оқу, әңгімелеу, Бағалау.










Арыстан: Бәріңе бір сұрақ беремін. Көктем сәні неден?
Қасқыр: Гүл, тақсыр
Ақбөкен: Жасыл желек
Ит: Хош иіс
Қоян: Мөлдір су
Арқар: Жылылық
Киік: Нөсер
Түлкі: Ашық аспан
Піл: Еңбек
Аю: Шалқыған көңіл
Елік: Шаттық
Борсық: Күлкі
Қодас: Жігер
Бұлғын: Тақсыр мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні- осы айтылғандардың бәрі.Солардың бәрін қоссақ көктемнің сәні шығады.

«Достық бастауыш білім беретін мектебі» КММ













Тақырыбы: Көктем сәні




Канжекеева Г.С.


2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022