Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік»

Мақсаты:Оқушыларға жол ережелерін еске түсіріп,жол белгілері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Танымдық ,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: жол белгілерінің суреттері,интерактивті тақта арқылы көрсету,слайдтар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар өмірін кездейсоқ жол,көлік оқиғаларын қорғау мәні зор,үлкен мәселеге айналып отыр.Біздің көрсеткелі отырған сабағымызда балалар арасында жолда жүру ережесін насихаттауға арналады.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жолжүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жол жүру ережелері

Жүргінші жаяу адам,жүргізуші,транспорт құралдарының жолаушылары,мал айдаушы ретінде жол қозғалысына тікелей қатысушылар.

Жүргізуші қандай да болсын транспорт құралдарын басқарушы.

Жаяу адам транспорт құралынсыз жолда жүрген және жолда жұмыс істемейтін адамдар.

Сондай ақ мүгедектердің двигательсіз коляскалалармен жүретін, велосипед мотоцикл жетектеген,шана,арба,сәбилер не мүгедектер коляскасын сүйрегендер де жаяуларға жатады.

Аялдама транспорт құралының бес минутқа дейін ал жолаушыларды мінгізіп немесе жүкті түсіріп тиеу қажет болғанда одан да көп уақыт арнайы тоқтауы.

Жол тұтастай ені бойынша(тротуар,жол жиегі мен бөлу жолағын қоса) жүріске пайдаланалатын көше,проспект,жол,шағын көше т.б

Жол қиылысы жүріс алабының қиылысатын жақтарының иілген тұстарына сәйкес жорамал сызықтармен шектелген бір деңгейлі жолдардың қиылысатын жерлері.

Тротуар жаяу адамдардың жүрісіне арналған жүріс алабына жанама не одан газонмен бөлінген жол бөлігі.

Жаяулар жолы жабын төселіп, жаяулардың жүрісіне арналған кішігірім жол.

Жолда жүру қалай реттеледі?

Жолда жүру жасыл,қызыл, сары түстес сигналдары бар бағдаршамдармен, сондай ақ милиция қызметкерлерімен реттеледі.

Дөңгеленген жасыл сигнал жүруге рұқсат етеді,сары сигнал жүруге тиым саладыжәне сигналдардың ауысатынын ескертеді, қызыл сигнал жүруге тиым салады.

Жол қиылыстарынан өту Солға немесе оңға бұрылғанда жүргізуші тура немесе оңға бұрылатын қарсы бағытта келе жатқан транспорт құралдарына жол беруі тиіс.

Балаларды тасымалдайтын таным белгісі бар тоқтап тұрған транспорт құралына жақындағанда ,жүргізуші жжол алабынан өтіп балаларға жол беруі тиіс.

Жол жүру кезінде ережелерді білгеннің пайдасы көп,өйткені қала ішінде транспорт

Қозғалысы өте күшті.Сондықтан жүрген кезде сақ болған абэал. Сол мақсатта ережелерді білу тиімді.

Қорытындылау:

Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

Көлік жолдарының адам өміріне қауіптілігі неде?

Жол бойында велосипедтен,қол шанамаен,сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?

Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тиым салынуы себебі неде?

Жолда бағдаршамның сары немесе қызыл жарығы жанғанда өтуге тиым салынады.неге?

Балалар кейде жолдың екінші бетіндегі танысына тез жүгіріп барғысы келеді,оның қауіптілігі қандай?

Осымен біздің әдеп сабағымыз бітті.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



© 2010-2022