Тәуелсіздік күніне орай мәнерлеп оқу сайысы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты: бастауыш класс жасындағы үлгерімі төмен оқушыларды оқуға ынталандыру мақсатында баланың өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отансүйгіштіккке тәрбиелеу.

Барысы:

- Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, құрметті оқушылар !

«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!

- «Тәуелсіздік шежіресі» атты видео көрсетіледі.

- 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды. Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізгелі отыр. Олай болса, сайыскерлерді ортаға шақырамыз!

(Ән: «Көк тудың желбірегені». Қатысатын оқушылар ән әуенімен қолдарына жалау ұстап сахнаға шығады.)

Бүгінгі 3-4 сынып оқушыларының мәнерлеп оқу сайысын бағалаушы әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. __________________________________________________________

  2. __________________________________________________________

  3. __________________________________________________________

- Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілетінін қаперлеріңізге береміз. Ал, енді сайысымызды бастаймыз.

3«А» сынып оқушысы Даржан Арсен және Смағұлов Ербол

3«Ә» сынып оқушысы Болатов Азизбек, Ұмышев Аян, Сағындықов Әкімжан

3«Б» сынып оқушысы Көбенғали Нұрәли

3«В» сынып оқушысы Тұрлық Нұрсұлтан, Ақылтас Нұрасыл

Әділ қазылар алқасы, сіздерден әділ төрелік күтеміз.

(Сайыскерлер мәнерлеп өлеңдерін оқиды.)

  • Қатысушыларымыз өз елі, өз жері, өз отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз.

Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен, сондай-ақ күні кеше ғана тойланған ҚР тұңғыш президенті күнімен құттықтаймыз.


  • Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

(Сайыс қорытындыланып, қатысқан оқушылар марапатталады.)

  • Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі, елдің тілегі - сіздерсіздер! Тәуелсіздігімізді құрметтей білейік!

  • Мектебіміздің әншісі 4 «Ә»сынып оқушысы Оңайбаев Алтынбектің орындауындағы «Өз елім» әнін қабыл алыңыздар!

- Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз.




САЙЫС САБАҚ



Тақырыбы:

«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!»

Өткізген: Мусенова Г.Н.

Класы : 3 «А», 3 «Ә», 3 «Б, 3 «В»













2015 жыл



© 2010-2022