Конспект урока по познанию мира для 1 класса Жаз. Жазғы еңбек

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жаз. Жазғы еңбек

Сабақтың мақсаты:жыл мезгілдерінің ішіндегі ең ыстық жыл мезгілі - жаз туралы пікір қалыптастыру;

Адам еңбегінің жемісін көретін кез екендігін, «не ексең, соны орасың» мақалының орындалатын кез екендігін ұғындыру

Сабақтың көрнекілігі: «Гауһарлар иерархиясы» сызбасы

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сызбамен жұмыс

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, балақай!

Дайын болсақ сабаққа

Бес аламыз, алақай!

  1. Өткенді қайталау - «Миға шабуыл»

Жыл мезгілдері нешеу?

Қазір қай жыл мезгілі?

Қысқа дейін қай жыл мезгілі өтті?

Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?

Көктем несімен ерекше жыл мезгілі?

  1. Жаңа сабақты меңгерту

Ең ыстық жыл мезгілі қайсы?

Жазда не істеуге болады?

Жаз мезгілі несімен ерекше?

Адамдар қандай еңбек етеді?

  • Берілген жауаптарды гауһар бойына жапсыру, ең негізгісі мен қосалқыларын атау

  1. Сабақты бекіту - Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы мәтінді оқып беру, оқушыларға оқыту, соңындағы сұрақтарға жауап беру

  1. Сергіту сәті - «Ормандағы аю»

  2. Сабақты пысықтау - «Жұппен жұмыс»

Оқушыларды екі-екіден жұптау. Жұппен тапсырма орындау

1-жұп: құстардың жазғы әрекеті;

2-жұп: балалардың жазғы әрекеті;

3-жұп: үлкендердің жазғы әрекеті;

4-жұп: табиғаттың жазғы өзгерісі

  1. Үйге тапсырма

Жаз туралы сутер салып келу

  1. Бағалау

  2. Қорытынды

Жаз дегеніміз не?


© 2010-2022