Әліппенің атасы. Оқуға шақыру А. Байтұрсынов 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: ____ 2015ж. Пәні: әдебиеттік оқу Сынып: 3 « » Сабақ реті: Сабақтың тақырыбы: Әліппенің атасы, Оқуға шақыру (А. Байтұрсынов) Сабақтың мақсаты: 1. Біліміділік: Оқушыларға оқу, білім, білімсіздік жайлы түсінік бере отырып мәтіннің мазмұнын ашуға, автор жайлы малғұмат беру. 2. Тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге жетелеу, оқу-білімге Отанын сүюге, ізденімпаздылыққа,еңбекқорлыққабаулу,ұқыптылыққа,тәртіптілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Оқушыларды , сөздік қорларын, тілдерін.сөйлеу мәдениетін , логикалық ойларын, қабілеттерін, зейіні мен танымдық қасиеттерін, қызығушылықтарын дамыту. 4. Жаңа технология:дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс-әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту,саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту технологиясы, ақпараттық технологиялар 5.Техникалық құралдар түрлері:___________________________ Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы Сабақтың түрі: сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу, сырттай саяхат сабағы Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру: Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу 2. Репродуктивті әдіс: Білім - білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту. 3. Зерттеу әдісі: Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс. 4. Эвристикалық әдіс: Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу. 5. Мақсатты әдіс: Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді. Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі: Жекелік үлгі - танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады. Жан-жақтылы - барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады. Топтық - жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады. Ұжымдық форма - ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді. Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: Пәнаралық байланыс:дүниетану, бейнелеу өнері І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі ІҮ.Сабаққа мақсат қою Ү. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі ҮІ. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау ҮІІІ. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушыларды түгелдеу - Оқу құралдарын әзірлеу Назарын сабаққа аудару II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Өткен сабақтарға шолу жасау. III. Оқушылардың білімін жан- жақты тексеру кезеңі. Тест (5 мин ). Білімдерін тексеру ІҮ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Ү.Жаңа сабақ. 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыра кету. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету. 2. Кітаппен жұмыс: суретке зер салып «Білімді», «Білімсіз» сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы тақырыпты ашу. 3. « Кім жылдам?» ойыны арқылы шарларды ұстау арқылы мақал құрастыру. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» (шардың түсіне мән бер, неліктен солай екенін түсіндір.) Жаңа сабақты оқушы көмегімен талдау: 1. Білім көзі - «Әліппеде», осы пікірмен келісесің бе? Өз көзқарасыңды білдір. Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) - ақын, ағартушы, ғалым.«Әліппе» оқулығын жазған. қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Мақал назар аударайық Мақалдың мағанасын ашу. ҮІ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Дәптермен жұмыс ( Түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір) Сөздік жұмыс жүргізу: «жер аудару, сөз мұрасы». Сергіту сәті: Оқушылармен бірге сергіту сәтін орындау Суретпен жұмыс. ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Не білдім? Не білгім келеді? Нені үйрендім?


Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз және ол туралы не айтып бере аласыздар? Сабақтың тақырыбы қалай аталады? ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.әр оқушыны мадақтай отырып, бағалау. Үйге тапсырма: Әліппенің атасы мәтінін оқу, әңгімелеу, Оқуға шақыру өлеңін жаттап келу


© 2010-2022