Кембридж тәсілімен оқытудың тиімділігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУ



Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.
Питер Клайн.


«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзгертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты. Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз. Ұлы қазақ педагогы Ы.Алтынсариннің айтқанындай мұғалім - мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр.



Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т.б.) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету - аталмыш теорияның негізгі мақсаты. Біз Кеңес Үкіметі кезінен бастау алған оқытудың дәстүрлі түрін осы күнге дейін басшылыққа алып келдік. Ол өз кезегінде жұмыс нәтижесін де берген. Елімізде қаншама зиялы қауым, білікті мамандар мен басшылар, қызметкерлер, инженер мен экономист, дәрігер мен педагогтар және т.б. тұлғаларды оқытудың дәстүрлі әдістерімен дайындаған болатын. Енді Еліміз егемендік алып дамыған, прогресшіл елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Сол себепті білім беруді мектептен бастап, оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек. Мұғалімдер осы күнге дейін қолданып келген оқытудың әдіс-тәсілдерінен арыла алмай келеді. Мектептегі атқарып келген іс-әрекеттері бір сыдырғы. Үйреніп алған бір әдістерін зейнеткерлікке шыққанша қолдана береді. Бірі-бірінен естіген оқушыларда да сабақ барысында ешқандай қызуғышылық болмайды, ілгерушілік байқалмайды. Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.

Ибрагимова Ризвангул Абдурахмановна

«Билал- Назым атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

© 2010-2022