Тәрбие сағатының тақырыбы: Денсаулық-өмір салты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Денсаулық - салауатты өмір салты»
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.

Мұғалім: Балалар, қазір сіздерге мен қызықты жұмбақ жасырғым келіп тұр, яғни ол бүгінгі сабағымызға байланысты. Ал ендеше мұқият тыңдайық.

«Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді

Қаірін білген жарандар

Байлық осы деседі»

(денсаулық)


І - бөлім. «Тазалық - денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да сіздердің таңдауларыңыз - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыздар?

Мұғалім: Әрине, Денсаулық. Ал денсаулық ұғымын кім қалай түсінеді екен?
Денсаулық- адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық -дұрыс тамақтану.
Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық -таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық -тазалық сақтау.
Денсаулық -тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық -тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Мұғалім:
- Балалар, деніміз сау болуы үшін таза болып жүрумен бірге тағы не істеуіміз керек?
(Оқушылар жауап береді)
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын дос та, қастар да бар.Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
Жақын достары: тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.
Адам денсаулығына қас: шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Денсаулық туралы біраз нәрсе біледі екенсіздер.

Бүгінгі сабағымызда денсаулықты қалай күту керектігі жайында көптеген мағлұматтар үйренеміз. Денсаулық - баға жетпейтін, жалғызғана асыл дүние. Ол жақсы болуы үшін, не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық адам өмірінде маңызды болғандықтан, әр адам баласы өзінің денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Әр адамның денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыруы қажет. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Денсаулық әлеміне» саяхатқа шығамыз.(әр аялдаманың суретін ілу) Біздің алғашқы аялдамамыз - «Жасыл өлке».

Жасыл өлке дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Өсімдіктер бізге не береді?

Мұғалім:Дұрыс. Жасыл-желек адамның тыныс алуына қажетті оттек береді, қоршаған ортаға көрік, әсемдік береді, сонымен қатартағам ретінде де пайдаланамыз. Табиғаттың сұлулығына тамсанып,таза ауамен дем алып, саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі аялдама - «Мөлдір бұлақ» аялдамасы, оның адам өміріндегі маңызы қандай?(бұлақтың суын ішеміз, тәнімізге тазалық, сұлулық,жанымызға тыныс береді)

-Дұрыс айтасыңдар. Су - біздің тәнімізгеазық,тазалық береді. Су болмаса өсімдік өспейді, ал өсімдік өспесе, таза ауа да болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді. Ойша бұлақтыңмұздай, мөлдір суын ішіп, ары қарай жүреміз. Келесі «Спорт аялдамасы».

Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

Өздерің қандай спорт түрімен айналысасыңдар?

Спортпен айналысқан адам қандай болады?

-«Ұзақ өмір сүргің келсе - денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан» дегендей, спортпен қазірден айналысыңдар. Мүмкін ертеңгі еліміздің даңқын шығарар спортшылар сіздердің араларыңызда отырған болар.

Жаттығу «Молекула»

Жаттығу барысы: Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Мұғалім белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстап, 3 атомнан тұратын молекула құрауы керек.

Ойын. «Артық әріптер» Әрбір қатарда адамның дене мүшелеріне қатысты сөздер аралас әріптермен жазылған. Осы сөздерді тауып, ұяшыққа дұрыс орналастырыңдар.әрбір қатардан артылған бір әріпті қасындағы ұяшыққа толтырып,жасырылған дене мүшесінің атын іздеп табыңдар.

Спортпен айналысқанда біз күш жұмсаймыз. Ал бойымызға күш жинау үшін бізге не керек?(тамақ) Ендеше келесі аялдама «Ас-адамның арқауы»

Ал қалай тамақтану керек?

-Дұрыс, тиімді, уақытылы,дұрыс тамақтану керек. «Ас-адамның арқауы» деп бекер айтпаған.

Дұрыс тамақтанудың маңызы қандай?(күш-қуат береді,дәрумендер,ағзаға пайдалы)

Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс - жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс - жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс - жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)

Ойын. «Артық әріптер». Балалар, жасырылған жемістің атын тауып,оның атын жазып, артық қалған әріпті келесі кестеге жазсақ,бір жемісті аты шығады. Сосын сол жемістің суреті көрсетіледі.

Құрамы дәруменге бай, ағзаға пайдалы тамақ ішіп,бойымызға күш-қуат жинап,саяхатымызды арықарай жалғастырамыз. Міне, Жақсылықені» аялдамасына да келдік.

Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіздер?(көмектесу, жанашыр болу, жақсы сөз,жақсы ой)

-Балалар, жаны сұлу адамды жақсылық кені дейді, ол жақсы іс-әрекет жасап, жақсы сөз сөйлейді.

Осы жерде бір жаттығу орындап жіберіп,бір сергіп алайық. « Сені көргеніме қуаныштымын» жаттығуы.

Жаттығу барысы: Әрбір қатысушы өз көршісіне «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі сенің мінезің маған ұнайды» деген секілді сөз тіркестерімен жеткізесіз.

-Міне, біз «Денсаулық әлемі» еліне жеттік. Бұл елде салауатты өмір салтын ұстанатын, жаны да, тәні де сұлу, ұзақ өмір сүретін, жаманәдеттерден бойын аулақ ұстайтын адамдар өмір сүреді екен. Егер бүгінгі сабағымызда үйренген жақсы қасиеттерді, іс-әрекеттерді үнемі есімізге сақтап, күнделікті дағдыға айналдырсақ,біз де осы елдегі адамдардай мықты, шымыр, ойы таза, жаны сұлу, көңіл-күйі көтеріңкі,салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар болып өсеміз. Үнемі таза ауа, спорт, дұрыс тамақтану, су, тазалық, жан сұлулығы, жақсы сөз сияқты қасиеттермен дос болайық. Енді алдымыздағы парақшаларға бүгінгі сабағымызда үйренген денсаулығымызға қажетті сөздерді жазып, тақтаға ілейік. Міне, жер бетіне жылуын, шуағын шашқан мейірімді күнге айналды. Мейірімді күннен бойымызға мол жылу ала отырып, сабағымызды әдемі өлең жолдарымен аяқтайық:

Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы

Қастерлеп, мәпелесең, аяласаң

Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.


Қорытынды
-Деніміз сау болсын десеңдер, осы айтылғанның бәрін орындау қажет. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек. Барлығымыздың деніміз сау болсын!



© 2010-2022