Поурочный план Қыс Абай

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 класс. Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев. Мақсаты:1.Білімділік. Оқущылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау. 2.Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын, ойын көз алдына елестету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатты сүюге, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайд, Абай суреті, қыс мезгілінің суреті, тест, шығармашылық тапсырмалар т.б. Сабақтың түрі:топ аралық ізденіс. Әдіс-тәсілдер: СТО, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Сыныбымыз тап-таза, Бор да дайын тақтада. Денемізді жинақтап, Отырайық партаға. ІІ Үй тапсырмасын сұрау. -Үйге қандай тапсырма берілді? М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жатқа сұрау. Сынып білім деңгейлері бойынша 3 топқа бөлінген. Соған орай деңгейлік тапсырмалар орындайды. Әр топтың басшыларына бағалау парақшалары беріледі. Өз тобының мүшелерін бағалап отырады. -Өткен бөлімде өткендерді пысықтау үшін тест тапсырмасын орындау. -Тест жауаптарын өзара жұп бойынша тексеру. ІІІ Жаңа сабақ. 1.Ой қозғау. І топқа: Қысқы табиғатты әңгімелеу. ІІ топқа: Қыстағы адамның еңбегі. ІІІ топқа: Қыс мезгіліндегі жан-жануар мен құстардың тіршілігі. 2.Ізденіс. -Бүгінгі сабақта Ұлы ақын Абайдың «Қыс» өлеңін оқимыз. Оқушылардың өздері дайындап келген Абай Құнанбаев туралы деректері. І топ:Абайдың отбасы,ата-анасы туралы не білесіңдер? ІІ топ: Абайдың шығармалары туралы не білесіңдер? ІІІ топ: Абайдың өмірі, балалық шағы туралы не білесіңдер? 3.Оқулықпен жұмыс. -Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту. -Сөздік жұмысын жүргізу. Шидем-қой жүнінен тоқылған сырт киім. Долдану-қатты ызалану. Домбығу-дененің суыққа ісінуі Алты қанат ақ орда-алты керегелі үлкен үй. 4.Дәптермен жұмыс. 5.Сергіту сәтін жасату. 6.Суреттермен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру. 7.Шығармашылық тапсырма: І топ: Қыс мезгілі туралы сурет салады. ІІ топ: Қыс мезгілі туралы бір шумақ өлең құрастырады. ІІІ топ: Қыс туралы ертегі құрастырады. 8.Кел ойлайық, шешпей оны қоймайық! 3 топ жеке-жеке сөзжұмбақ шешеді. IY Қорытынды. -Бүгін қандай өлеңмен таныстық? -Абайдың табиғатқа арналған тағы қандай өлеңдері бар? -Абай Құнанбаев кім болған? - деген сұрақ бойынша топтастыру. -Көңіл-күй смайликтеріне қолдарыңдағы стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді қысқаша жазып, өз көңіл-күйіңді білдіретін смайликтің біреуіне жапсыр. Y Үйге тапсырма беру. 151-152-бет «Қыс» өлеңін жаттау. - Қыс туралы мақал-мәтелдер жинастыр. -Топ басшылары бағалау парақшаларының қорытындысын шығарады. Бағалау парақшалары арқылы оқушыларды бағалау.











«Қаракөл орта мектеп-бақшасы» КММ












Поурочный план Қыс Абай

Мукатаева А. М

2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022