Менің Отаным -Қазақстан3 -сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы



ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы:



Менің Отаным -Қазақстан















Өткізген: Кажимова Бақыт Айтқалиқызы








2015-2016 оқу жылы



Менің Отаным - Қазақстан! Сабақтың мақсаты - өскелең ұрпақты патриотизм мен тағаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік-рухани қалыптастыру, өзі дүниеге келген туған жеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Құралдар: Қазақстанның картасы, плакатта «Менің Отаным - Қазақстан», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» жазулары, республика рәміздері, белгілі тұлғалардың және көрікті жерлердің фотосуреттерінен фотоколлаж, ұшақ, жүрек суреттері, қазақ тілінде жазылған тағам атаулары, музыкалық сүйемелдеу, мақалдар және т.б. Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):

  1. Тәуелсіздік символдары. Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары.
  2. «Астана - еліміздің бас қаласы».
  3. Еліміздің географиялық ерекшеліктері «Алтайдан Каспийге дейін». Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы.
  4. «Қойнауы кенге толы өлке». Ландшафт. Таулар және өзендер.
  5. «Туған елдің бастаулары». Қазақтардың тұрмысы және мәдениеті.
6. Қазақстан Республикасының мерекелері. 7. Қазақ халқының ағартушылары. Адамдық құндылықтар. Өткізу формалары: сайыс-сабақ, суреттер, фильмдер көру. Білім Сабағының тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан» Сабақтың мақсаты - өскелең ұрпақты патриотизм мен тағаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік-рухани қалыптастыру, өзі дүниеге келген туған жеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)
Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.
20 - ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 - Еліміздің бас қаласы
20 - ҚР президенті
50 - ҚР туының авторы
50 - ҚР елтаңбасының авторлары
50 - Әнұранымыздың авторлары
100 - Еліміздің көрікті жерлері
100 - Қазақ хандығына неше жыл?
100 - ҚР-ның мейрамдарын ата


Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1 - оқушы:

Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.

2 - оқушы:

Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 - оқушы:

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.


4 - оқушы:

Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 - оқушы:

Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
6 - оқушы:

Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
7 - оқушы:

Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар
8 - оқушы:

Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1 - оқушы: Отан от басынан басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.

Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
- дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Туған елім, туған жерім» атты кластан тыс шарамыз аяқталды.

© 2010-2022