Әдебиеттік оқу Атша көкек (4-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов

Сабақтың мақсаты:

1. Аңыз мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.

2. Кейіпкерлердің сөйлеу ерекшелігін талдату арқылы бейнесін ашып, оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

3. Жер, ел деген қасиетті ұғымды қастерлеуге,Отанды қорғау ата-бабаларымыздың ұлы ісі болғанын сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: құстар суреті, қосымша газет материалдары,
тақта, маркер, бор.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

I. Қызығушылықты ояту.

1-жұмыс. Бозторғай, көкек, қарлығаш суреттерін тақтаға ілу. Осы құстар топтарына бөлініп отыру.

Әр топ өз аттарына сай құстар дауысына салып дыбыстап көру (кезекпен).

- Ең жақсы білетіндерің көкек екен ғой! - деп таңданыс білдіру.

- Балалар, көкек туралы тағы не білеміз?

Оқушыларды тыңдап, қорытындылау. Балалардың сөздеріне мән беру.

Өтілетін тақырыптан оқушылар білмейтін деректер бойынша сабақтағы жұмыстарды қалай ұйымдастырар едіңіз? Ол үшін «Атша көкек» мәтінімен таныспастан бұрын оқушылар мынандай дайын тұжырымдарды оқиды.

«Дұрыс-бұрыс» тұжырымдар кестесі

Тұжырымдар

Дейін

Кейін

1. Көкек те қарлығаш сияқты мамырда ұшып келеді.


Мәтінді оқу

2. Көкекті аңыздарда мадақтаған.

3. Көкекке арнап ән шығарған.


Ескерту. Кесте артық бөлімдермен сызылуы керек. Барлық оқушыларға алдын ала таратылады.

Осы тұжырымдар бойынша «Дұрыс-бұрыс тұжырымдар» кестесімен
жұмыс жасау.

Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «Дейін» бөліміне « + » таңбасын, ал егер келіспесе, «-» таңбасын қояды.

II. Мағынаны тану.

Ал көкек туралы білгілерің келсе, оқулықта берілген «Атша көкек» деген аңызбен танысайық.

І-жұмыс. Әр топ мәтіннің басынан бастап, «...қарындасы бойжеткен қыз болды» деген сөйлемді қоса аяқтап оқу.

Оқушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында, мұғалім кестедегі тұжырымдарға мәтін мазмұны бойынша баға беруді (бұл жердс пікірін айту) және кестенің «Кейін» бөлігін толтыруды сұрайды. (Оқушы мәтінмен танысқаннан кейін өз тұжырымының өзгергеніне немесе өзгермегеніне куә болады. Ал тұжырымдарының дәлелі үшін мәтіннен үзінділер оқып беруге тура келеді. Бала өз пікірінің дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді.)

Бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады.

Сұрақтар:

- «Ат жоқ, көке!» - деп, жігіттің қарындасы неше рет айтты?

- Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің?

- Аңыз ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжау.

- Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін? (Көмек үшін, ойландыру үшін: «Көке! Көке! Көке!» деген сөзге мән беру).

- Балалар, оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін оқығымыз келе ме?

Аңызды осы жерге дейін оқығанда қандай сезімдер пайда болды?

Мысалы:

- жігітті аяу;

- қарындасының бейқамдығына өкіну;

- сасқалақтау;

- комектесуге ниет, т.т.

Ары қарай аңызды аяғына дейін оқу тапсырылады. Тағы да бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады.

- Балалар, мәтін бойынша сендерде тағы қандай сезімдер туды?

Мысалы:

- өкініш,

- сүйсіну (жалғыз болса да жауға қарсы кеткеніне);

- мақтаныш ету (ерлікті, батырлықты);

- аяушылық (ағасын жауға жіберуге қимай жүрген қарындасына).

Әрине, оқушылар ол сезімдерді түсіндіріп береді. Осы жұмыстарды тал-

дау арқылы оқушылар мұғалімге, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, өздерінің сөйлеу тілдерін де дамытады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Тұжырымдар бойынша кестеге тағы жауап беру яғни, мәтін аяқталғаннан кейін кестенің «Кейін» бөлігін толтыру.

Өз тұжырымың дұрыс болды ма?

Қай тұжырым өзгерді?

Неліктен өзгерді?

III. Ойтолғау.

Оқушыларға мұғалімнің рөліне еніп, мәтін бойынша тұжырымдар жазу тапсырылады. Кестенің ашық бөліктері пайдаланылады. Ол үшін бала мәтінге қайта үңіледі. Мәтін қысқа, түсінікті, оқуға жеңіл болғандықтан, бала үшін іздену қызық болатыны сөзсіз. Бұл әдіс-тәсілді немесе стратегияны қолдану келесі бір сабақта бұдан да сәтті жүретініне сенімдіміз. Мысалы:

- Көкек те өз жерін сүйеді.

- Ағайынды адамдар бір-бірін кешіреді.

- Жігіт те аузынан шыққан сөзіне өкінеді.

Оқиғаның осылай аянышты аяқталуы көңілсіздік тудыратындықтан, балалардан батыр жігіттің қарындасын құтқаруға сендер көмектескілерің келе ме деп сұрап, аңыздың жақсылықпен аяқталуына тапсырма беру. Ол үшін үйде қызды құтқару туралы аңызды аяқтап жазып келу тапсырылады.


© 2010-2022