Қош бол құтты әліппем

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош бол құтты әліппем

Сабақтың мақсаты:білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға, білімді болуға шақыру.Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата- анасының, Отанының адал ұл- қыздары болуға тәрбиелеу. Ой өрісін дамыту. Сүйікті оқулықтары-Әліппемен қоштасу кешіне оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту.

Көрнекілік:Қабырғада жазылған сөздер «Қош бол, құтты Әліппе » ,Әліппе, оқу-білім туралы жазылған өлең жолдары.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, 1 сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым!

Өзі оқып, жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балардың!

Ата- ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласын мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық маман мектептен аттанады. Ал ендігі кезектімен өз көмекшілеріме беремін.

Гүлайым: Ассаламағалайкүм,халайық! Армысыңдар, қонақтар! Бүгін кішкентай бүлдіршіндеріміз алғаш сауатын ашқан, жақын досы әліппемен қоштасады.

Балнұр:Армысыңдар,ұстаздар,әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

Жұлдыз:Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Мұғалім:-Балалар мен сендерге сұрақ қояйын.Сендер соған жауап беріңдер.

Іші толған әріпке,

Болашаққа жарық не?

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті Әліппе! Балалар олай болса бәріміз ең қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.

Балалар:Әліппе!Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Менің атым-Әліппе. Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым!Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуғатүйрендіңдер.Ал, енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер.

Балнұр:Олай болса балалар ең алдымен сендер өздеріңді таныстырып өтіңдер:

Жансая:А-деген -ана Азамат: Толық ай ойланыпты

А-деген -аға Таяққа байланыпты

А-дегенің- аспан Балалар оқысын деп

Алғыр боп өс жастан. Ю -ға айналыпты

Эльвира:Әдемі біз боламыз Қарлығаш:Құстай ұшқан атын көр

Әр түрлі қимыл саламыз Қарғып шыққан тауыңа

Әсем ұл мен қыз болып Қобыландыдай батыр ер

Әлемге әйгілі боламыз Қиқу салған жауына

Бейбарыс: Баламыз біз бәріміз Жансая: Жансая -деген мен едім

Бір -бір үйдің сәніміз Алсам білім тереңін

Бірге оқып ойнаймыз Ж-әріпінен есімін

Бейбітшілік әніміз Аламын оқу кемелін

Мадина:Гүлдер,гүлдер гүлдерім Меруерт: Витамин жетпеу әлсіздік

Қандай әсем түрлерің Әлсіздік жауы-қамсыздық

Ойы-қырым тұр тұнып

Өсіңдерші құлпырып

Меруерт: М-деген Меруерт Мадина:Ғарышкерлер ғарышқа

М-ны білу керек қой Байқоңырдан ұшады

М-дегенің мектеп қой Қарсы алады тағы да

Еркелікті шектеп қой Біздің елдің құшағы

Жұлдыз: 1сыныптың орындауында «Әліппе» әнін тыңдаңыздар.

Гүлайым: Әліппемен оқушылар отырсын.Балалар, бүгін біздің ортамызға ата-аналарымыз да, ұстаздарымызда қуанышымызға ортақтасып отыр.

Балнұр: Құрметті ұстаздар.ата-аналар сіздермен қызықты ойын өткізгіміз келіп отыр. Ортаға 5 кісіні шақырымыз.

Жұлдыз: 5 әріп беріледі.(Б Т Ж Е Қ ) Бағанадан бері біздің балаларымыз әріптердің сырын ашуға тырысты.Ендігі кезек сіздікі. Біз қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталған сөздермен жауап бересіздер.Жауап бере алмаған кісі орнына отырады.

-Балаңыздың аты кім?

-Неше балаңыз бар?

-Қай ауылда тұрасыз?

-Арманыңыз бар ма, қандай?

-Қандай жемісті ұнатасыз?

-Қандай тамақ пісірдіңіз?

-Оқушыларға тілек.

Гүлайым: 1сынып оқушылары тақпақ, өлең айтудан басқа би билеп те біледі.

Тамашалайық «Айгөлек»

Мұғалім:Бәрі жақсы, балалар.Енді мен математиканы ортаға шақырайық.

Балнұр:( математика) Сәлеметсіздер ме, менің достарым! Сендер сандарды жазуға , есеп шығаруға үйрендіңдер. Мен сендермен осы мектепті бітіргенше қастарыңда боламын. Ал, енді бүгін өз білімдеріңді көрсетіңдер. Мен сендерге сұрақ қояйын.

1.Табақта бір алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

2.Мұз айдынында жеті бала сырғанап жүр, екі бала жағалауда қарап тұр.

Енді барлық баланың саны неше болады?

3.Жаңа ғана шалғында алты бұзау жүр еді,екеуі жайылмай жатып қалды. Неше бұзау жайылып жүр.

Математика: Балалар жарайсыңдар! Сандарды меңгеріп алыпсыңдар.

Жұлдыз:Ал, енді Жұбатқан Гүлайымның биін тамашалайық.

Әліппе: Құрметтеріңе рахмет, балалар.Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштастырасыңдар. Менің досым Ана тілін шақырайық.

Ана тілі!Ана тілі! Ана тілі!

Жұлдыз «Ана тілі»Армысыңдар, жас достар! Менің атым-«Ана тілі» Енді мені оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Гүлайым: Ана тілім-ұраным Балнұр:Ана тілім-ырысым

Ана тіліім -құралым Ана тілім -қылышым

Ана тілім болмаса Ана тілсіз тарылар,

Болмас еді жыр, әнім Кең дүниеден тынысым

Ана тілім-елдігім Ана сүтін ақтаңдар,

Ана тілім -ерлігім Ана тілін сақтаңдар?!

Ана тілім болмаса Ана тілмен безеніп,

Бүтінделмес кемдігім Ата берсін ақ таңдар!

Ән: «Ана тілі»

Гүлайым:Енді мен сендермен қоштасайын.Алдағы уақытта жақсы оқыңдар.Ата -аналарды тыңдаңдар.

Қарлығаш: Қош бол құтты «Әліппем»

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Бибарыс: Білімге жол бастаған

Әліппем саған мың алғыс

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған мың алғыс.

Ән «Қош бол, құтты Әліппем»

Мұғалім:Ертеңгілігімізді аяқтай келе:

Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы әрқашан мықты болсын!

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор, мықты болсын!-дегім келеді.

Құтықтау сөзі: Мектеп директорына ,ата-аналарға, ұстаздарға береміз.

© 2010-2022