5-сыныпқа арналған диктанттар жинағы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Диктант «Достар».

Екі дос үйдің арасында әңгімелесіп, келе жатты. Олар: Арман мен Дастан.

Арманның денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайды. Бір үйдің қасынан ит шыға келді. Арман айқайлап қаша жөнелді. Дастан жерден шыбық алып, итке қарай жүгірді. Көршілер келіп Дастанды құтқарып алды. Бірақ оның шалбары жыртылып қалды.

Екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған ақсақал нағыз достықтың куәгері болды. (53сөз)

Диктант «Тұңғыш ғарышкер.»

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. Ата-анасы ерте дүние салды. Ол апасының тәрбиесінде болды. 1965 жылы Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласында жоғары әскери училищеде оқыды. Кейін ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары болып істейді. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Халық қаһарманы, Алтын жұлдыз, Отан, Құрмет ордендерінің иегері.

Мазмұндама «Қазақстан»


Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран. Астанасы - Астана қаласы. Біздің елде 130 ұлт тұрады. Қазақстанның табиғаты тамаша, жері кең бай. Биік тау, мөлдір көлдер, өсімдіктер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар бар. Қазақстан жерінде: мұнай, көмір, темір, алтын мол.

Бізде өзен , көлдер көп. Олар: есіл, Тобыл, Шу, Нұра, Сырдария. Суы мол өзен - Ертіс. Ең үлкен көлдері - Балкаш, Алакөл. Ірі теңіздері - Каспий. Қазақстанда көптеген демалыс орындары бар. Шығыс Қазақстан табиғаты аса көркем. Жазда көп туристер, саяхатшылар келеді.

Диктант «Қыс»

Қыс айлары: желтоқсан , қаңтар, ақпан. Қыс жылдың ең суық мезгілі. Қыста күндер қысқа, түндер ұзақ болады. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптайды. Қыста аяз күшті болып, үскірік боран соғады. Ауа райы суық. Адамдар жылы киінеді. Балалар аққала жасайды, шана тебеді. Қыста жаңа жыл мерекесі болады. Бұл мейрамды қыс ортасында тойлайды. (52 сөз)


Шығарма «Менің сүйікті спортым.»


Менің сүйікті сабағым дене шынықтыру. Залда біз спортпен шұғылданып, денемізді шынықтырамыз, күшімізді нығайтамыз. Мектеп спорт залында қалааралық, мектепішілік волейбол, баскетбол ойындары өтеді. Денешынықтыру сабақтарында волейбол ойынын үйрендім. Бұл ойын түрі маған қатты ұнағандықтан, қосымша сағаттарына қатысатын болдым. Жаттығулар кезінде мұғалім бізді ұйымшылдыққа, бір топ, ұжым болып ойнауға тәрбиелейді. Біздің үлкен қуанышпен қатысатын үйірмелердің бірі - би өнері. Би дене бітімін жақсы дамытады, түзу, әдемі жүру дағдыларын қалыптастырады. Ең үздік билерді мектеп қалаға, мерекелік концерттерге шығарады.

Мазмұндама « Мектеп »

Мектеп деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» дегенді білдіреді. Алғашқы қоңырау сендердің ойларыңда мәңгі қалады. Бірінші қоңырау соғылды. Мектеп директоры, ата- аналар құттықтап, сөз айтады.

Мектепте оқушыларға арналған ережелер бар. Олар. Үлгілі болу, жақсы оқу. Менің мектебім Л. Толстой көшесінде орналасқан. Ол екі қабатты. Мектепте кабинеттер, спорт зал, акт залы, асхана, кітапхана бар. Мектептің іші жарық, таза, кең.

Мен мектебімді жақсы көремін

Ана тілім.

Тіл қатынас құралы. Ана тілі - бұл атаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден біле бастаймыз. Ананың сүтіндей бойымызға сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, теледидардан үйренеміз.

Халықтың өмірі, ерлік істері, ұғымдары ана тілінде сақталады. Ана тілі атадан балаға ауысып отырады.

Ана тілін білмейтін адамды мәдениетті адам деуге болмайды. (52 сөз)

Диктант «Біздің сынып»

Менің сыныбым үлкен. Жиырма төрт оқушы бар. Біз бірінші сыныптан бері бірге оқимыз. Біз бірге демалғанды, туған күндерде бір бірімізге сыйлық жасағанды жақсы көреміз. Жетекшіміз жақсы адам. Ол ән сабағынан береді. Менің сыныпта көп достарым бар. Олар: Артем, Расул және Бек. Біз сабаққа бірге дайындаламыз, үйірмеге барамыз, ойнаймыз. Мен сыныбымды құрметтеймін. (51 сөз)



Диктант «Алматы»


Алатаудың етегіндегі әсем қала орналасқан. Ол Алматы қаласы. Әр Қазақстан азаматының арман қаласы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш астанасы. Бұл қала апорт алмаларымен белгілі. Мұндай қала әлемде сирек кездеседі. Алматының табиғаты жылы, құнарлы. Ал халқы бауырмал, кең халық.

Алматы - ғылым, білім, өнер, мәдениет ордасы . Еліміздің саяхат орталықтарының бірі. Алматыда көрікті жерлер өте көп. (51 сөз)




© 2010-2022