Қазақ тілі 3-сынып Тұрлаулы мүше

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Тұрлаулы мүшелер

Мақсаты:Тұрлаулы мүшелер туралы түсінік алып,оларды сойлем ішінен табуды және оның атқаратын қызметін білу.

Сауатты жазу,өз бетінше топпен әрекет ете білу қабілетін дамыту.

Ұйымшылдыққа реттілікке,тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі:Жаңа сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, салыстыру, іздену.

Керекті құрал: Интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелі тапсырма.

Барысы: ІҰйымдастыру

Оқушыларды топқа бөлу себептерін түсіндіру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1) Қандай тапсырма берілді? (59-жаттығу)

2) Қандай тақырыпқа қатысты берілген?

3) Ережені толық айтқызу

ІІІ. Миға шабуыл.

Топпен жұмыс (Үлестірмелі тапсырма)

1 тапсырма: Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып, ереже шығарып айт

1 топ

Айжан күнделікті таза ұстайды

2 топ

Сәкен кішкентай қарындастарына көмектеседі

3 топ

Кірпі шөлді жерлерді мекендейді

2 тапсырма: Сөйлемді бастауышты да, баяндауышты да зат есіммен болатындай өзгертіп айт.

1 топ

А. Құнанбаев жыл мезгілдері туралы өлең жазған.

2 топ

Ы. Алтынсарин қазақ даласында мектеп ашқан

3 топ

Әбілхан Қастеев Жамбыл атаның суретін салған.

3 тапсырма: (тақтада жазылады)

Қояндар көжектерін жақсы күтеді.

Осы сөйлемнен өздерің білетін қандай сөйлем мүшелерін табуға болады? (Бастауыш, баяндауыш)

1 топ

Бастауышты табу, сызу

2 топ

Баяндауышты табу, сызу

3 топ

Оларға сұрақтар қою

ІV.Жаңа сабақ: Олай болса, бүгін оларды бірге қалай атауға болады, нені білдіретіні туралы білетін боламыз.

  1. Оқулықпен жұмыс (60-жаттығу)

Қар жауды.

Бүгін жапалақтап қар жауды.

Екі сөйлемде де нені хабарлап тұр? (Олар қандай сөйлемдер) (Қардың жауғанын)

Қар жауды-сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

  1. 61-жаттығу.Тереңнен ойлау. Ауызша талдау.

  1. топ

Мектепте асхана бар.

2 топ

Аспазшы тамақты дәмді пісіреді

3 топ

Балалар үзілісте асханаға келді.

3) 62-жаттығу. Топпен жұмыс. Шығармашылық диктант. Мәтінге тақырып (ат) қою. Мысалы: «Көмек», «Алғыс»

4)63-жаттығу.Ақпараттық ізденіс.Тақтада жазу.

1 топ

1-мақал

2 топ

2-мақал

3 топ

3-мақал жатқа жазып,тұрлаулы мүшелерді табу.

ІІІ.Бала күлкіге тоймас

Жалқау ұйқыға тоймас

(Осы тақырыптар бойынша мақал жарыс ұйымдастыру)

5) 64-жаттығу. Бірлесе отырып ертегіні дұрыс құрап айту.

Әр топ сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табады.

V.Бекіту. Шығармашылық тапсырма

Доп (заттай) Затқа

Бастауышы доп сөзі болатын сөйлем құрату (үш топ үш түрлі құрау керек )

Ойын «Лото» Тұрлаулы мүшенің сұрақтарын тап

1 топ бастауыш

2 топ баяндауыш

3топ бөтен сұрақ

«Лото» жасау

Қағазға жаздыру керек:қаншасыншы?кім?не?кімдер?нелер?кімі?несі?неғылды?қандай?қай?қанша?неше?не істеді?қайтіпті?нешінші?

VI Қорыту

Сөйлем мүшелері

Тұрлаусыз

Тұрлаулы

Баяндауыш

Бастауыш



кім?

кім?не?кімдер? не істеді? неғылды?

нелер?кімі?несі? қайтіпті?

VII Үйге 65 жаттығу

VIII Бағалау.



© 2010-2022