АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Сөзмерген» сайысы

Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы -мақал-мәтелдерді орынды орынды қолдана білуге,тұрақты тіркестер мен көнерген сөздер мағыналарын ашып,айта білуге баулу,тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Өтілу барысы: Жүргізуші:Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар.

Бүгінгі «Сөзмерген» сайысына қош келдіңіздер.

Ән (Оқушылардың орындауында.)

Сайыстың жүрісімен таныстырайын.

1 -Таныстыру. Топбасшы тобын таныстырып өтеді.

2 - «Сөздің көркі мақал» Берілген сөздер бойынша мақал айту.

(Кітап, ата-ана,бала,еңбек,дос,тіл,қыз ,ақыл,тазалық,батыр.)

3-«Тапқыр болсаң тауып көр» Бұнда сөз тіркестерінің астарын табу.

1.Ит арқасы қиянда (алыс)

2.Жер тепсінді (қатты, ұрысты)

3.Тайға таңба басқандай (анық)

4.Тас бауыр (мейірімсіз)

5.Су жүрек (қорқақ)

6.Қыздың жиған жүгіндей (әсем,)

7.Ит терісін басына қаптады. (ұрысты)

8.Көз ілмеді (ұйықтамады)

9.Бетінен оты шықты (ұялды)

10.Жүрегінің түгі бар (батыл)

4- «Ойлы болсаң озып көр»

Жұмбақ шешуіндегі сөзге байланысты өлең шумағын мәнерлеп оқу.

1-топқа Екі тақта арасында

Бүлкілдейді қызыл тақта (тіл)

2-топқа Пешсіз піскен

Ыдыссыз ішкен (ана сүті)

3-топқа Оттан да ыстық не нәрсе бар өмірде?

Видеоролик Ана туралы

5- «Жаңылтпаштан жаңылма»

Үш топта жаңылтпаш айтып жарысады.

6- «Жүйрік болсаң озып көр» Бұнда сұрақтарға жауап береді.Оқушылардың

білімдері сыналады.

-Фигураның көлемін қалай табамыз?

- Аудан мен периметрді қалай табасың?

-Қашықтықты табу үшін не істейміз?

-Уақытты қалай табамыз?

-Жылдамдықты қалай табамыз?

-Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

-Өнімді қалай табамыз?

-Шығымдылықты табу үшін не істейміз?

-Көбейтудің компаненттерін ата.

-Етістіктің шақтарын ата

-Септік түрлерін ата.

-Қазақ тілінде жалғау түрлері қандай?

-Тәуелдік жалғауларын ата.

-Сөйлем мүшелерін ата.

-Сан есім түрлерін ата.

-Қазақстан қай елдермен шектеседі?

-Туған-туысқандарға кімдер жатады?

-Планета түрлерін ата.

-Жер күнді айналуға қанша уақыт өтеді?

-Глобус дегеніміз не?

-Орманның қандай пайдасы бар?

Айтыс өнерінен үзінді тамашалаймыз.

Әр топ бағалап отырады.

Ендігі кезекті ата-аналарға береміз. Сіздерге де арнаған азғана шартымыз бар.

Ол «Спортшы ана» сайысы онда ата-аналар газетпен жүріп, есеп шығарады.

«Су тасы» бұнда ата-аналар ыдыстағы суды қасықпен екінші ыдысқа тасып құю керек.

«Мақалшы ана» бұнда мақалдың жалғасын табу керек.

Осымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлығыңызға көңіл-күйлерің ардайым керемет қуанышқа бөлене берсін деп тілейміз.Жеңімпаздар жеңісіңіз құтты болсын.


© 2010-2022