«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бурабай ауданының

білім бөлімі








Ғылыми-әдістемелік әзірлеме

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»






Абишева Г.Б., Бурабай кенті

Сәкен Сейфуллин атындағы

орта мектебінің

қазақ тілі мұғалімі












2010 ж

Аннотация
Бұл ғылыми-әдістемелік әзірлемеде: тіл мәдениетін қалыптастыру, әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті іскерлік-дағдыларын қалыптастыру; оқыту технологияларының маңызы; Ж.А.Қараевтің деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының ұтымды жақтары; ақпараттық коммуникативтік технологияларын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түсіну әрекеттерін жетілдіру;ережелерді тұжырымдай білу; ұтымды қолдана білу; шығармашылық қабілеттерін арттыру; пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік-дағдыға айналдыру «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту мақсатымен мәселені жүзеге асырудағы іс-тәжірибемді ұсынамын. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі сабағының басты мақсаты: • Оқушылардың тілін дамыту; •Оқушының тілдік сауаттылығын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту; • Ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің талаптарына сай дағдыларды жетілдіру; • Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; • Тілдің қоғамдық маңызын түсіндіру, ана тілінің бүгінігі таңдағы әлеуметтік рөлін, оның басқа тілдермен өзара байланысын, теңдігі мен бірлігін ұғындыру; • Тілідік құбылыстарды абстрактылауды және жинақтауды үйрету, таным белсенділігін күшейту. Бұл мақсаттарға жету үшін, оқушы қазақша жақсы түсініп, дұрыс сөйлеу үшін, сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрауға , яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуді жоспарлаймын.

Жоспар:

І. Кіріспе. 1."Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі



ІІ. Талдау бөлімі. 1. Жаңа оқыту технологияларын қолдану тиімділігі.

ІІІ. Практикалық бөлім. 1. Оқыту технологияларын қолданудағы іс-тәжірибем.

ІV. Қорытынды.


Іс-тәжірибені қолдануға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымшалар.









І. Кіріспе. "Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиялардың элементтерімен қатар ақпараттық технологияны да қолданып жүрмін.
ІІ. Талдау бөлімі. Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі -профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар -дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі -бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы-білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай тиімді жолдардың бірі -қазақ тілі пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту.Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдесін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады. Академик В.Л.Беспальконын анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық дербес деңгейлік принциптердің талаптарына сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптері. Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады: · жас құрамы бойынша (сыныптар, жасы бойынша тетелестер, әр жастағы білім деңгейі бір топта); · жынысы бойынша (бір мектептен, мектеп, сынып, әйел, ер, аралас); · ақыл-ой даму деңгейі бойынша (ойлау қабілеті, темпераменті, мінез-құлық); · денсаулық деңгейі бойынша (жалпы топ, денсаулығы нашарлар, көз көрмеу, құлағының естімеуі және т.б.) Деңгейлік оқыту мақсаты - әр сыныпта әр топтың, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай жалпы білім беру. · дәстүрлі оқытуға тән ерекшелік оқушылардың барлығы бірдей тең дәрежеде оқытуды қабылдамайды. Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушыларға білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады. · мұғалімнің білімі нашар оқушыларға көмектесу қабілеті жоғарыларға ерекше назар аударуға мүмкіндігі болады. · оқушының өз қабілеттерін терең жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндігі болады. · «Мен» тұжырымы деңгейі көтеріледі, қабілеттік, білімділігін тереңдетеді, сенімі бекиді, білімі нашарлардың өзіне сенімі пайда болады. · оқуға қызығушылық пайда болады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші. Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады. Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі, ұтымдылығыда осында. Мұнда оқушының шығармашылық білігі қалыптасады. Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену- ғалымдар мен тәжірбиелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі. Білім беруді ақпараттандандыру процесі бастауыш сынып мұғалімдеріне технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Бүгінгі күні мектебімізде интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинет, жаңа үлгідегі жабдықталған мультимедиа-лингофон кабинеті, интерактивті тақтасы бар кабинеттер жұмыс жасауда. Бұл тақталар, компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез -келген мұғалім, сонын ішінде әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз. Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтиже беретіні белгілі. Күрделі оқып үйретуші программалармен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу өте қызықты және оқытуды белсендіріп, педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық, программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істей алған кезде ғана туады. Мультимедиа, Интернет технологияларының кең етек жаюы ақпараттық технологияларды толық білім сапасына енгізіп, оқытудың жаңа тиімді құралы етуге болатынын дәлелдейді. Бүгінгі күннің өзінде бастауыш сыныбындағы оқушылар компьютердің кейбір жұмыс істеу принциптерін меңгереді, яғни бала «машинамен» тіл табысып, сол арқылы ақпарат алу тиімділігін түсініп келетінін мойындау қажет. Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайындағы орын алып отырған басты бағыттарды ескере отырып, білім берудің өзіне тән сипатын былайша көрсетуге болады (сурет 1 ) «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»














Сурет 1 - Білім беруді жаңарту жағдайындағы білім берудің өзіне Білімді ізгілендіруді шешу проблемасы оқушылардың белсенді шығармашылық мүмкіндіктерін, оның интеллектуальдық және адамгершілік бостандығын дамытуға көмектесетін жағдай жасақтаумен байланысты. Ал бұл өзгерістер мәдениеттану, аксиологиялық, тұлғалық-әрекеттік, полисубъектілік (диалогтік) және жеке шығармашылық тұрғысынан қарастыру негізінде жүзеге асады. Мәдениеттану тұрғысындағы бағыт білімнің тұлғалық-бағдарлы парадигмасы негізінде дамиды және біліми үрдіс оқушының қоршаған әлем мен ақпараттық іс-әрекетте толық мәнді тіршілігін қамтамасыз ететін мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына, оқушыны жалпы және ақпараттық мәдениетті таратушы ретінде қалыптастырумен сипатталады. Аксиологиялық тұрғыдан қарастыру білімді оқушының қоршаған әлемге, өз әрекетіне, адам ретіндегі өзіне деген көзқарасын анықтайтын жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағыттайды. Адамның құндылық қатынасы оның психологиялық жағдайын, қанағаттанғандығын және өмірінің толықтығын, оның мәнін анықтаса, ал құндылық жүйесі тәртібі мен әрекетін, ынталық қажеттілік саласын, бағыттылығын, оларды өз әрекетінде басшылыққа алу дайындығымен анықталады. Тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарастыру білім мақсатына сәйкес қажетті білім, білік және дағды жүйесін меңгертуден оқушының жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағыттайды. Тұлғалық-әрекеттік бағыт оқушының оқу үрдісінде, кәсібінде өз өмірлік әрекеті мен жеке мүддесін жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуымен сипатталады. Сондықтан да біздіңше, тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылатындар: - өз әрекетінің ынтасын, мақсатын, құралдары мен жағдайларын өз бетімен анықтауға және сезінуге жағдай жасайтын оқу-тәрбие үрдісінде оқушының субъектілік ұстанымын қамтамасыз ету; - олардың тұтас субъектілік тәжірибесінің өзектенуі мен түрленуін талап ететін оқу проблемаларының оқушылардың өмірлік маңызды проблемаларына ауысуы; - оқушыларға тапсырмалар мен оларды орындау тәсілдерін, формаларын таңдауға мүмкіндік беру; - қабілетті балаларға мүмкіндік деңгейлердегі тапсырмалар бойынша жұмыс ұйымдастыру; - жоба әдісі негізінде оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу; - мұғалім мен оқушының арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік ашылуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау. Тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарастыру білім мақсатына сәйкес қажетті білім, білік және дағды жүйесін меңгертуден оқушының жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағыттайды. Тұлғалық-әрекеттік бағыт оқушының оқу үрдісінде, кәсібінде өз өмірлік әрекеті мен жеке мүддесін жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуымен сипатталады. Сондықтан да біздіңше, тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылатындар: - өз әрекетінің ынтасын, мақсатын, құралдары мен жағдайларын өз бетімен анықтауға және сезінуге жағдай жасайтын оқу-тәрбие үрдісінде оқушының субъектілік ұстанымын қамтамасыз ету; - олардың тұтас субъектілік тәжірибесінің өзектенуі мен түрленуін талап ететін оқу проблемаларының оқушылардың өмірлік маңызды проблемаларына ауысуы; - оқушыларға тапсырмалар мен оларды орындау тәсілдерін, формаларын таңдауға мүмкіндік беру; - қабілетті балаларға мүмкіндік деңгейлердегі тапсырмалар бойынша жұмыс ұйымдастыру; - жоба әдісі негізінде оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу; - мұғалім мен оқушының арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік ашылуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау. Жеке шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тұлғалық даму механизмін іске қоса отырып, ақпараттық сауаттылық қалыптастыру үрдісінде оның ынтасын және серпінділігін есепке алуды болжайды. Бұл бағыт оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін анықтауды, осыған сәйкес оқыту әдістері мен формаларын таңдап, оларды оқушылармен педагогикалық өзара әрекет үрдісінде ескеруді талап етеді. Екінші жағынан, жеке тұлғалық бағыт оқушының ерекшелігін, жеке тұлғалық бірегейлігін, тұтас психикасының қайталанбайтын өзіндігін қабылдауға бағыттайды. Бұл аспектіде түсінілетін жеке тұрғыдағы бағыт педагогикалық үрдістің оқушылардың тұлғалық дамуына жеке тұлға ретінде бағытталуын: өзінің «Мендігінің», өз мақсаттары құндылығын, мәнділігін сезініп, олардың көрініс табуына жағдай жасау; өзінің жеке тұлғасына сәйкес оқу және кәсіби іс-әрекеттерді таңдау және т.б. Теориялық-әдіснамалық тұрғыдағы бағыттар практикалық педагогикалық үрдісті жобалаудың және оны жүзеге асырудың негізі болып табылады. Теориялық мағлұматтарды практикамен байланыстыратын өзіндік көпір - бұл оқыту қағидалары. Олар оқу үрдісінде мектептің алдында тұрған оқу мақсаттары мен міндеттеріне жетуді, мұғалімге қандай нормативті ережелерді басшылыққа алу қажеттігін анықтайды. Білім беруді ақпараттандыруды дәстүрлі әдістемеден ерекшелейтін басты белгі - бұл білім мазмұнына, оқытудың құралдарына, әдістеріне және формаларына, оқыту мақсатындағы электронды өнімдерді жасақтауға, қазіргі үйретуші және үйренушілер іс-әрекетіне деген басқаша амал-әрекетті талап етеді. Сонымен қатар міндетті шарт болып педагогтың оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялар (ОҚАТ) саласынан белгілі деңгейде білімдер мен іскерліктерді және ақпараттық мәдениеттіліктерді (медиамәдениеттілікті) меңгеруі болып табылады. Сол себепті де бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану ұлттық білім жүйесінің бәсекелестік қабілеттерін дамыту мен оны әлемдік білім ортасына кіріктіру үшін шешуші мәнге ие. Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш әдістемесінде қолдану және соған сәйкесті информатиканың бастапқы курсын оқытуға қатысты зерттеулерге талдау жасау, бізге оны зерттеген авторлар мен зерттеу жұмысының негізгі бағыты, яғни зерттелу деңгейі туралы келесі мазмұнда көрсетуге мүмкіндік берді (сурет 2 ).
«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»
Сурет 2 - Қазіргі ақпараттық технологияларды сабақтарда қолдану проблемасының зерттелу деңгейі



Білім беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің ерекшелігі-бұл проблеманың инструментальдық емес, мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің орны анықталады. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ оқушыларда жете қалыптаса бастайды. Осыған сәйкес бастауыш мектеп бағдарламасында оқушылардың ойлауын дамытуға ықпал ететін іргелі математикалық ұғымдардың орын алуын түсіндіре аламыз. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда базалық негіз болатын информатиканың негізгі ұғымдарының бастауышта орын алуын да осы себеппен байланыстыра аламыз. Информатиканың негізгі ұғымдарын оқытуды ерте бастау қажеттілігін сонымен бірге оқушылар оқу кезеңінің бастапқы сатысында информатиканың әдістерін меңгере отырып, мектептегі кейінгі оқу сатыларында қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті дағдыларын игеріп үлгеруге мүмкіндік берумен түсіндіруге болады. Осыған орай, қазіргі ақпараттық технологияларды бүгінгі ақпараттық қоғам, білімді жаңарту жағдайында мектептегі оқыту әдістемесіне сәйкес қарастыру бізге оның келесі педагогикалық мақсаттары мен мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік берді (кесте 1):
Кесте 1- мектеп әдістемесіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері мен мақсаты Рет саны Мүмкіндіктері Мақсаты 1 Қазіргі ақпараттық технология оқушының ынтасын арттырады. Жұмыс істеу жаңалығы ғана емес, сонымен қатар оқу тапсырмаларын қиындық деңгейіне қарай реттеп беру, дұрыс орындалған тапсырмаларды көтермелеу оқушылардың ынтасына жағымды әсер етеді, Сонымен қатар оқуға деген жағымсыз қарым-қатынастың басты себебін - сәтсіздікті, яғни оқудағы түсініксіздікпен, мәнді де түйінді мәселелермен сипатталатын келеңсіздіктерді толық жоюға жағдай жасайды. Компьютерде жұмыс жасай отырып, оқушы есептің шешуін қажетті көмекке сүйену арқылы соңына дейін орындай алады. Қазіргі ақпараттық тех-нологиялар арқылы бастауыш сынып оқушы-ларының оқуға, оқу іс-әрекетіне деген ынта-сын қалыптастыру арқы-лы, өзіне деген сенім-ділігін арттыруы. 2 Қазіргі ақпараттық технология оқушыны белгілі ойын жағдайына ендіре отырып, оқу материалын көрнекі суреттермен, графикалар негізінде баян-дайды. Оқушыға нақты көмек формасын сұрай білуге мүмкіндік беру арқылы оқу іс-әрекетін басқару тәсілін нақты өзгерте алады. Қазіргі ақпараттық технологиялар жағымды көңіл-күйге құрылған ақпараттық оқу ортасында жаңа оқу іс- әрекетін басқару құралы 3 Қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу үрдісін икемді басқара отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылауды сапалық жағынан өзгертуге болады. Барлық жауаптарды тексеруге, көп жағдайда жіберілген қателіктерді есепке алып қана қоймай, сипатын анықтап, дер кезінде оның пайда болуына себепші болған себептерді жоюға көмектеседі. Қазіргі ақпараттық технологиялар - тиімді бақылау құралы 4 Қазіргі ақпараттық технология оқушыларда өз іс-әрекеттерінің рефлексиясын қалыптастырып, іс-әрекет нәтижесін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік жасайды. Қазіргі ақпараттық техно-логиялар арқылы өз іс-әрекетінің нәтижесін көре білуге, өз-өзіне сыни көзбен қарай білуге дағдыландыруы 5 Балаларға тән сипат - бұл қызығушылық, белсенділік, жаңа жағдайға, жаңа талаптарға тез үйрену жылдамдығы мен икемділігі. Олар оқушы тұлғасының көпжақты дамуының алғы шарттары болса, қазіргі ақпараттық құралдар осы шарттарды жүзеге асырудың бүгінгі таңдағы негізгі құралы болып табылады.
Қазіргі ақпараттық техно-логиялар арқылы бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында оқушының жеке тұлғасын дамыту
Кесте 1 жалғасы 6 Мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекі-әдістемелік құрал дайындау, оқушылардың өткен материалды меңгеруін тексеру, қатысты есепке алу және есеп жүргізу үшін мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет құралы; Қазіргі ақпараттық техно-логиялар бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің жаңа әмбе-бап құралы 7 Шығармашылық елестету, жағдайға байланысты тез шешім қабылдау, қоршаған ортаны тану қабілеттерін дамытып, қалыптастыру үшін бастауыш сынып оқушылары үшін интеллектуальды дамыту құралының жаңа түрі Қазіргі ақпараттық техно-логиялар - оқушылардың интеллектуальдық даму-ларын қамтамасыз ететін зор танымдық құрал 8 Ақпарат көздерінен ақпарат алмаса отырып, өз құрбыларымен, әріптестерімен Интернет арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгерту көзі. Қазіргі ақпараттық құрал-дар арқылы коммуни-кативтік қабілеттерін да-мыту, тілдесу мәдениетін меңгерту 9 Сауатты түрде іріктелген компьютерлік программалардағы, электрондық оқулықтағы ойындық және оқу тапсырмаларының, оларды шешу құралдары мен тәсілдерінің вариативтілігі ойынды таяудағы даму аймағында орналастыруға мүмкіндік беріп, оқушының жұмыс істеуіне игі әсерін тигізеді. Қазіргі ақпараттық техно-логиялардың орасан зор мүмкіндіктері арқылы білімді сапалы да маз-мұнды деңгейде меңгерту 10 Қазіргі ақпараттық технологиялар ұжымдық іс-әрекетке құрылған оқыту да, жеке оқыту түрін ұйымдастыру негізінде өзара тәжірибе алмасу, мақсат қоя білу, оны жоспарлау, жетудің тиімді жолдарын таба білу, өз-өзін тәрбиелеу мүмкіндігі Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың өз-өзін ұстай білу мәдениетін, өзін-өзі жүзеге асыра білу қабілетін дамыту 11 Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы шексіз көлемде түрлі ақпарат көздерінен керекті ақпаратты алып, өңдеп, сақтап, тарату мүмкіндігі, ақпараттық іс- әрекеттің жаңа түрін меңгертуі Қазіргі ақпараттық техноло-гиялар негізінде оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру, ақпараттық қоғамда еркін әрекеттене білуге баулу 12 Электрондық оқулықтарда, компьютерлік программаларда оқу тапсырмаларын деңгейлік негізде құру арқылы барлық оқушылардың өз қабілетіне, білім деңгейіне қарай дамуын қамтамасыз ету арқылы олардың мүмкіндіктерін, даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берілуі Қазіргі ақпараттық тех-нологиялар арқылы оқу-шылардың өз мүмкіндік деңгейлерін көре біліп, өз-өзіне деген сенімділілігін арттыру, өзіндік «менінің» қалыптасына ықпал ету
Бұл аталған қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері мен мақсаттары бізге бүгінгі таңда оны мектеп әдістемесіндегі қолданылу бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді, олар:

  • оқу үрдісін жаңа мазмұнда құруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа педагогикалық технологиялық құралы ретінде;
  • өзін-өзі тануға және шығармашылық жұмысқа баулитын танымдық құрал ретінде;
  • ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыра отырып, ақпараттық қоғамда еркін әрекеттенуге баулитын әмбебап құрал ретінде.
Халықаралық тәжірибеде мектепке дейінгі білім мектепке ғана дайындық (оқу мен санауға үйрету) деген тар түсініктен, баланың дара тұлғалық дамуының жалпы оқу дағдылары мен шеберліктерінің қалыптасуының міндетті кезеңі деп түсіндіреледі. Сондықтан оқу үрдісінде білім, білік және дағдыны меңгертуден компетенцияларын дамытуға, оқытуда оқу ақпаратын беруден оқушыларға күтілетін нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні оқытуды ұйымдастыруда компетенттік тұрғысынан белсенді қолдану бірқатар себептермен сипатталады: әлемде бәсекелестік күрестің күшеюімен және осыған байланысты ұлттың, мемлекеттің біліми ахуалын дамытуға талпынуымен; қоғам талаптарының азаматты тәрбиелеуге ерекше күш салуымен; мектеп түлектерінің өзгермелі әлемдегі жағдайға бейімделуге дайындықтарының жоқтығымен. Соның ішінде мектеп түлектерінің өзгермелі әлемдегі жағдайға бейімделу дайындықтарын қамтамасыз ету қажеттігі мүлдем жаңа философиялық түсініктемені қажет етеді: XIX ғасырдың ортасына дейін адамзат объектілер әлемінде (яғни жас буын бәріне бірдей еңбек құралы жағдайында өмірге келіп және кетіп жатты, бұл барынша тұрақты оқу үрдісін ұйымдастыруға сәйкес келді). Кейін ғаламдану үрдістер әлеміне енді (яғни адам қазіргі уақытта практикалық тұрғыда үнемі үйреншікті емес еңбек құралдарын және стандартты емес әлеуметтік жағдайларды меңгеруге мәжбүр болып отыр). Қазіргі кезде «компетенция» ұғымы төрт мағынада (хабардарлық, құзыр, білік, құзырет) аударылып, қолданыс табуда. Сол себепті де қазақ тіліндегі осы төрт ұғымның қолданылуы әрқайсысының астарындағы мән-мағынасына, атқарар әрекетіне және қолдану аясына байланысты болуы керек деген пікірді қолдаймыз. Алайда көптеген зерттеу жұмыстарында бұл ұғымды біліктілікпен байланыстырып қолдануда. Біз өз зерттеуімізде біліктілік ол квалификация сөзінің аудармасы болып табылатындықтан және бұл терминнің кірме сөз екендігін ескере отырып, сол қалпында пайдалануды жөн көрдік. Өз зерттеуімде оқушыларында ақпараттық сауаттылық бойынша қалыптастырылатын түйінді компетенцияларды былайша тұжырымдадым: - ақпараттық қоғамда ақпараттың алатын орнын біліп, онымен сауатты жұмыс істей білу; - күнделікті қоршаған ортадағы түрлі проблемаларды қазіргі ақпараттық технология құралдарының көмегімен шеше білу; - меңгерілген білім және ақпарат негізінде жаңа анық, нақты білімдер мен түсініктер құрастыра алу; - өз пікірімен, көзқарасымен айналасындағылармен бөлісу және өз ақпарат көзін жасақтай білу; - ақпаратпен жұмыс істеуде қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдана біліп, шығармашылық жұмысқа ұштастыра білу. Осы аталған түйінді компетенциялар негізінде пәндік компетенциялар келесі мазмұнда анықталды: - ақпарат көзі бола алатын деректерді анықтай білу және оны іздеу стратегиясы мен оны қабылдай алу білігі; - қандай ақпарат қажет екенін және оны қайдан іздеу керектігін түсіну; - алынған ақпаратты салыстыру, сұрыптау, талдай алу, ақпарат қорытындыларын тіркеуде түрлі кесте, сызба т.б. қолдана білу; - ақпаратты берілген проблеманы шешуге қатысты шындыққа сәйкестігі, дәлдігі, жеткіліктігі жағынан бағалай білу; - қосымша ақпарат қажеттігін сезіне білу және мүмкін жағдайда оны алдын-ала білу; - шешім қабылдауда ақпаратты іздеу, қабылдау және бағалау үрдістерінің қорытындыларын қолдана алу; - қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білу және соның негізінде объектілер мен үрдістердің жаңа ақпараттық моделдерін құрастыра білу; - әр түрлі салада өзіндік іс-әрекет үшін қажетті болып табылатын өзіндік мәнді ақпараттар негізінде жеке білім банкін жасақтай алу; - ақпаратпен жұмыс барысында қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке, топпен жұмыс істей алу. Біздің пікірімізше, біліми салалар бойынша қарапайым сауаттылықтың функционалдық сауаттылыққа, яғни компетенцияға және компетенциялардың өмірлік дағдыларға ауысуында ерекше тиімді де бүгінгі күн талабына жауап бере алатын құрал - бұл ҚАТ. Бұл пікірімізді біз қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктерімен, соның ішінде әсіресе, ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетіне негізі болып табылатын ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудағы ерекше мүмкіндігімен түсіндіре аламыз. Бүгінгі таңда «сауаттылық» халықаралық деңгейде жаңа тұрғыда «өмірлік дағдылар» ұғымымен байланыстырылып, ол адамның бүкіл өмір бойында қоғамның әрбір мүшесі үшін өмір сүру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің құралы есебінде қарастырылуда. Ал өмірлік дағдыларды тар мағынада түсіну «компетенция» ұғымына сәйкес келеді, компетенция оқушының жеке біліми салалар бойынша пәндік білім, білік және дағыларды кіріктіре білу қабілеті болып табылып, ол функционалдық сауаттылықтың мазмұнды негізі болып есептеледі.
ІІІ. Практикалық бөлімі Осы теорияларды өз тәжірибемде кіргізу кезіне тоқтасам, сабақ ұйымдастыру кезінен басталады. Сәлемдесу кезінен кейін әнуранды орындайды. Оқушылардың тілдерін ұстарту үшін әр күн әр тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап жұмысын ұйымдастырамын. Мысалы,күн тәртібі, ауа райы, бос уақыт, жаңалықтар,т.б. содан кейін міндетті түрде әр дыбысты, әсіресе төл дыбыстарға байланысты жаттығу жүргізіледі. Өйткені оқушылардың өз ана тілі мен қазақ тілі арасындағы айырмашылықтарды еске алу үшін немесе әр оқушыға мәтіндер, көлемдері үлкен тақырыптарды беріп, қанша сөз оқығандарын анықтау арқылы тілдерін жаттықтырамын. Алдыңғы тақырыпты қайталап,үй тапсырмасы сұралады. Үй тапсырмасын кей кезде баланың қабілетіне қарай беремін. Жаңа сабақтың алдында сабақтың мақсатымен таныстырамын. Әрі қарай жаңа сабақ бойынша жұмыс істеймін. Осындай әдіс-тәсілдерді сабақта қолданамын.
  • сұрақ-жауап әдісі
  • көрнекілік әдісі
  • әңгіме әдісі
  • баяндау әдісі
  • мәнерлеп оқу әдісі
  • салыстыру әдісі
  • тест
  • пікір-сайыс әдісі
  • топтық жұмыс әдісі
  • техникалық құралдар әдісі
  • Оқушылардың тілін дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
Ауызша
  • Мәтінмен жұмыс
  • Сөздік жұмысы
  • Диалог, монолог
  • Сұрақтарға жауап
  • Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
  • Тақпақтар
Жазбаша
  • Диктант түрлерін жазу
  • Қатемен жұмыс
  • Мазмұндама, шығарма
  • Мәтінмен жұмыс
Өз сабағымда әртүрлі тірек сызбаларды, кестелерді қолданамын Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі- Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі». Бұл технология оқушылардың ізденушілік,өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.Сабақта осы жобаны енгізбей тұрып-ақ келесі дайындықтар жүргізілді. Біріншіден, А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұнымен және өзіндік ерекшеліктерімен теория жүзінде таныстым. Шығармашылықтың І деңгейі -ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.
ІІ деңгейі- сабақ барысында жоспарлаудан бастап іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады.
ІІІ-деңгей- айқындалу- ұстаз бен оқушы шығармашылық жұмыстың жетекші түрін анықтап, күрделі жұмыстармен айналысады.: шығармашылық кеш ұйымдастыру, өлең шығару, көрме ұйымдастыру, шағын ғылыми жоба жазу... Қазақ тілі сабақтарында оқулықпен ғана шектеліп қоймай, әртүрлі қызықты тапсырмалар орындайды. Мысалы, 4-сынып бойынша І-деңгей тапсырмасы: Жұмбақты көшіріп, қосымшалы сөздердің астын сыздырту. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші. Әр үйде бар, тапқышым, кәне, тапшы. ІІ-деңгей. Мақалды жатқа жаздыру, қарамен жазылған сөздердегі жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгілету. Өнерлінің өрісі кең. Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні кәріп. ІІІ-деңгей. Сөздерге -ші,-шы, -лы, -лі, -ды, -ді жұрнақтарын жалғап жазып,2-3сөйлем құрастырту, түбір мен қосымшаны ажыратқызу. Білім-білімді ән-әнші ақыл-ақылды өнер-өнерлі жұмыс-жұмысшы Үлгі: Менің әнші болғым келеді. 4-деңгей. «Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазғызып, қосымшалы сөздердің астын сызғырту. 5-сынып бойынша. «Түбір мен қосымшаның жазылуы» тақырыбында мынандай деңгейлік тапсырмалар берілді. І-деңгей. Көп нүктенің орнына -лар, -лер, -дар, дер, -тар, -тер жалғауларының тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Балалар, мектептер, достар, оқушылар, гүлдер, қыздар, ұлдар, парталар. ІІ-деңгей. Қосымшалы сөздердің түбірін, жұрнағын, жалғауын ажыратқызу. қосымшалы сөздер түбір жұрнақ жалғау оқушылар оқу шы лар әншілер ән ші лер

ғарышкерге ғарыш кер ге асханада ас хана да







ІІІ-деңгей. Көп нүктенің орнына негізгі түбірді тауып жазғызу. Осы сөздерді қатыстырып,3-4 сөйлем құрастырту. Қақ-қағу, қағады, қағып ...-жағу,жағып,жағады. ...-шабу, шауып,шабады. ...-шөгу, шөгіп, шөгеді Үлгі. Айдын әкесіне шөп шабуға көмектеседі. 4-деңгей. «Қыс» тақырыбына шағын әңгіме құрастырады. 2-сынып бойынша. «Пәндер» тақырыбында мынандай деңгейлік тапсырмалар берілді. І-деңгей. Маша бірінші сыныпта оқиды. Ол қазақ тілі сабағында сөздерді орыс тіліне аударды. Оның қателерін тап. Кітап-книга қағаз-тетрадь Дәптер-ручка қалам-бумага ІІ-деңгей. Жұмбақтарды шеш. Шәкіртке жанашыр,






Мейірман кім, жаны асыл? Қабат-қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін.




ІІІ-деңгей. Қоржында неше сөз бар? «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту» Г Н Т Н К Л 2-сынып бойынша. «Күз» тақырыбында мынандай деңгейлік тапсырмалар берілді.

І-деңгей. Жақшаны ашып, тиісті сөзді қойып оқы. Бір жыла (бес, төрт) мезгіл бар. (Қыркүйек, ақпан) күз айы. Күзде (қар, жеміс-жидек) көп болады. ІІ-деңгей. Суреттерден күз мезгілін көрсет. Тақпақты жатқа айт. «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту» Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. ІІІ- деңгей. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз. «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту» 2-сынып бойынша. «Жемістер мен көкөністер» тақырыбында мынандай деңгейлік тапсырмалар берілді. І-деңгей. Сөйлемдерді толықтыр. -----------,---------,--------- - жемістер. -----------,---------,---------- - көкөністер. -----------,---------,--------- - жидектер. ІІ-деңгей. Кім не алды? Суретпен жұмыс. «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту» ІІІ-деңгей. Кесте бойынша сұхбат құрастыр. Сұрақ қажетті сөздер жауап сен нені жақсы көресің? алмұртты, жүзімді,қарбызды, құлпынайды, қиярды,бананды -Мен алманы жақсы көремін.

оның түсі қандай? қызыл, көк, сары, ала, жасыл, сары, қызғылт

Оның түсі қызыл. 10-сынып бойынша. «Жәнібек пен Жиренше» тақырыбында мынандай деңгейлік тапсырмалар берілді. І-деңгей. Сөз тіркестерін мәтіннен тауып оқып, мағынасын түсініңдер. Тауып беріңдер көзбен көрген Қырық уәзір құлақпен естіген Бір-ақ тұтам жер қырық күн ойлану Оның мәнісі қысым жасау ІІ-деңгей. Сөздердің антоним сыңарларын мәтіннен тауып көшіріңдер. Осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар. Рас хан Жалғант танық ІІІ-деңгей. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып әңгіменің мазмұнын айтып беріңдер. Жәнібек хан, өтірік пен шын, қырық уәзір, қырық күн, Қарашаш, арасын айыру, бір-ақ тұтам жер, көзбен көрген, құлақпен естіген, анық. «Етістік» тақырыбын өткенде мынандай тапсырмаларды орындаттым. І-деңгей. 10-сынып бойынша. «Әбунасыр Әл-Фараби» тақырыбында мынандай деңгейлік тапсырмалар берілді. І-деңгей. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, аударыңдар. Дүние салды туған қаласы Шежіре кітаптары дүние жүзіндегі Бірі болған ІІ-деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазыңдар. Ұлы данышпан...туған. ... Арыс өзенінің бойына орналасқан. Арабтар Отырарды ... деп атаған. Отырар...ең ірі қалалардың бірі болған. ІІІ-деңгей. «Отырар шаһары» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып жазыңдар. Оқушылардың шығармашылығын пәнаралық байланыс арқылы іске асыру. Қазақ тілі сабағында «Сан есім» тақырыбын өткен кезде берілген деңгейлік тапсырмалар Шығармашылықтың І - деңгейі бойынша жүргізілген жұмыстар:
Ұстаз бен оқушы арасындағы диалог немесе сұхбат
Оқушыға бағыт- бағдар беру арқылы шығарма жаздырту
Оқушыға көмектесе отырып өлең жаздырту
Оқушымен бірге сөзтізбе, сөз жұмбақ, бейнесөз, сөзжұмбақ құру
Метаграммалар
Елде бар, Әнде бар, Түсте бар, Жаста бар
Орақта жоқ, Күйде жоқ. Қаламда бар. Кәріде жоқ.
Суда бар, Сәнде бар, Сүтте бар, Жастықта бар,
Құрақта жоқ. Биде жоқ. Даламда бар Қарттықта жоқ.
(Д) (Ә) (Ү) (Ж) Жұмбақтар
Пеш қасында ақ құман Бір орында тұрмайды
Екі көзін тарс жұмған. Жел қуалап ойнайды.
(ақ мысық) (қаңбақ) Келе жатсаң шөлде, Тастан- тасқа секіреді,
Алыстан бұлдырайды көзге, Тауды мекендеп жүреді
Бұл не? (арқар)
(сағым) Шығармашылықтың ІІ -деңгейі бойынша жүргізілген жұмыстар:
Жұмыстың әдісі таңдап алынды.Ізденушілік-зерттеушілік, проблемалық, талдау, қорғау,түсіндіру әдістер қолданылды.
Жұмыстың түрі мен мазмұны таңдап алынды:
Сабақта және сабақтан тыс жұмыстар түрі(тәрбие сағаттары,әдеби кештер, пәндік үйірмелер, конференциялар, дәстүрлі емес сабақтар, дөңгелек үстелдер). Қол жеткізген нәтиже: І,ІІ,ІІІ деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау деңгейінің өскені байқалды Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар арқылы қол жеткізілді:
1.Оқушылардың бойында шығармашылық бейімділіктері жоғарлай бастады.
2.Шығармашылық деңгейдің І және ІІ деңгейлері іске асырылды.
3.Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жасалынды.
4.Шығармашылық жұмыстардың түрлерін қолдану жиілігі артты.
5.Оқушының ізденушілік, танымдылық, өзіндік жұмыс істеу белсенділігі артты.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.

1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.

2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.

3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.

Әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті. Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Қорыта келгенде , деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:

- қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;

- оқушылардың физио-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;

- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;

- жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;

- жүйелі оқыту принціптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап білім деңгейін өрбіте алады;

- оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өзіне өзі баға береді , жаңалыққа ұмтылады. Сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім алу ынтасын арттырады, танымдық қызығушылығын көтереді және де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио -және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: - Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;

-Алған білімді жүйелеу - Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; -Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру -Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.(мысалы еңбек сабақтарында) Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: - Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды - Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады - ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. - Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. - Сабақтың өнімділігі артады. - Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді - Оқушылар компьютерді тез меңгереді. Кез келген уақытта АКТ-ны колдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады. Мұғалім әрбір сабақта көрнекіліктерді қолданады. Сол көрнекіліктерді неге интерактивтік тақтамен көрсетпеске. Интерактивті тақта да сондай ақ экранды, айырмашылығы ол компьютерге қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады. Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдай ала ма? Оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі көрнекіліктерді пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады.(Мысалы контейнерді пайдалануға болады). Сонымен бірге, бұл интерактивті тақтаға аудио немесе видео құрылғыларын қосуға болады Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда:

  • презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • мәтін редакторлары;
  • интернет;
  • көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);
  • видеофайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);
  • дыбыстық файлдар (басқада мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі.
  • интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • электрондық оқулықтарды қолдану
Сондықтан біз, мұғалімдер қауымы, бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, өзіміздің компьютерлік сауаттылығымызды үлкен міндетпен қарауымыз керек. Жаңа ақпараттық технология мұғалімдердің еңбек сапасы мен біліктілік дүниесіне ғана емес, педагогикалық шеберлігіне де қатаң талап қояды. Білім беруді ақпараттандыру -жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, шығармашыл оқушы даярлауда үлесі мол. Мұғалім ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде төмендегідей жағдайларды қарастыруы керек.
  • оқушылардың жас ерекшеліктерін;
  • оқушылардың орнын;
  • деңгейін;
  • сабақтың мақсаттары мен мазмұнын;
  • оқу материалын дайындаған кезде, көрнекіліктердің безендірілуі яғни түсі оқушылардың көзін ауыртпайтындай болуы керек;
  • сабақта көз жаттығуларын өткізіп отыру керектігін ескеру.
Презентацияларды жасаған кезде өте көп мөлшерде сөз жазудың қажеті жоқ. Слайдқа тым көп сөз (ұсақ жазумен жазылған болса) балалар тез шаршап кетуі мүмкін. Ең негізгі жерін теріп алып, қысқаша ғана жазып, көрсеткен дұрыс болар. Презентацияларды жасаған кезде мыналарды ескерген жөн:
  • Тақырыбын жазу үшін үлкенірек жазумен жазған дұрыс;
  • Соңғы партадағы оқушыларға тақтадағы жазулар анық көрінуі керек;
  • Слайдтардың түстері көзді ауыртпайтындай жағымды түстер болуы керек;
  • Бір слайдты көрсету үшін 2-3 минуттай уақыт қажет, яғни оқушылар слайдтың барлық элементтерін көріп үлгеруі тиісті;
Слайдқа дыбыс қосылған жағдайда дыбысы аса қатты немесе жағымсыз болмау керек.2-сыныпта өткізген сабақтарымның үлгісін ұсынамын Күнтізбелік жоспар 2-сынып қазақ тілі модуль «Қыс» № Тақырыбы сабақтың түрі көрнекілігі 1 Қыс. Жаңа сабақ интерактивтік тақта 2. Қыс айлары аралас сабақ интерактивтік тақта 3. Қыста. қайталау сабағы интерактивтік тақта 4. Жаңа жыл. қайталау сабағы интерактивтік тақта 5. Нәтиже сабақ. нәтиже сабақ интерактивтік тақта
1-сабақ. Тақырыбы: «Қыс» Мақсаты: «Қыс» тақырыбын өткен кезде мынандай слайдтарды қолдандым. 1-слайд. Суретпен бойынша әңгімеле.

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту» 2-слайд Сөздікпен жұмыс. ▪ Сөздерді оқу ▪ Хормен қайталау ▪ Дәптерге жазу ▪ Сөз тіркесі, сөйлем құру. Қыс-зима Қар-снег Аяз-мороз Жел-ветер 3-слайд Тыңда, қайтала. Сөйлем құрастыр. Қыс-қыста-суық қыста Қар-қарда-ақ қарда Аяз-аязда-қатты аязда Жел-желде -қатты желде
«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

4-слайд. (Флипчартта оқушылар тиісті жалғауларды алып орнына апарып қояды) Оқы, аудар, жаз. - да, - де
Тон... жел... Шана... өлең... Шаңғы... ән...

-та, - те Кітап... көйлек... Құлақ... сурет... Бас... бет....
5-слайд. Жұмбақ шешеміз.

Қолы жоқ сурет, салады,

Тiсi жоқ, тiстеп алады.

Бұл не?

(Аяз)

Қыста үйге кірмейді,

Көктем шықса жүрмейді. (шана)


2-сабақ. «Қыс айлары» 1-слайд «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»
2-слайд. Сөздікпен жұмыс. ▪ Сөздерді оқу ▪ Хормен қайталау ▪ Дәптерге жазу ▪ Сөз тіркесі, сөйлем құру. Қыс айлары-зимние месяцы Алғашқы-первый Соңғы-последний Суық холодный 3-слайд. Мәтінмен жұмыс. Қыс айлары-желтоқсан, қаңтар, ақпан. Желтоқсан қыстың алғашқы айы. Суық жел соғады. Қаңтар қыстың екінші айы.Жаңа жыл басталады. Ақпан-қыстың соңғы айы. Қатты аяз болады. 4-слайд. Сөзжұмбақты шеш. «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту» 5-слайд. Флипчартта жұмыс істеу. Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін қой. 1. Әйгерім (-да, -де) шана бар. 2. Әсет (-те, -та) шаңғы бар. 3. Қыс (те, -та) қар жауады. 4. Желтоқсан (-да,-де) жел соғады. 6-слайд. Сұрақтарға жауап бер. 1. Қыс айлары қандай болады. 2. Желтоқсанда не болады? 3. Қаңтарда не болады? 4. Ақпанда не болады? 3-сабақ. «Қыста» 1-слайд. Сурет бойынша әңгімеле. «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту» 2-слайд. Сөздікпен жұмыс. ▪ Сөздерді оқу ▪ Хормен қайталау ▪ Дәптерге жазу ▪ Сөз тіркесі, сөйлем құру. Борайды-бушует Аппақ-белым-бело Қырау-иней Мұз басады-покрывается льдом 3-слайд. Мәтінді тыңда.(аудио) Хормен оқыңдар. Қыс-суық жыл мезгілі.Қар жауады.Боран борайды.дала аппақ. Адамдар жылы киім киеді. Терезеде қырау тұрады. өзен, көлді мұз басады. Әңгімелесу. Оқулықпен жұмыс. - Оля далаға шық. - Жоқ, дала суық. - сен жылы киім ки. - Жақсы. Мен тон, етік, малақай киемін. - Сенде шана бар ма? -Иә, бар.Сен шана ал, мен шаңғы аламын.

4-слайд. Чайнвордты шеш.

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

5-слайд. Сұрақтарға жауап бер.

Қыс қандай жыл мезгілі?

Қыста не болады?

Адамдар қандай киім киеді?

Өзен, көлді не басады? 4-сабақ. «Жаңа жыл» 1-слайд Тыңда, қайтала Жаңа жыл-новый год Мереке -праздник Көңілді-веселый Ең-самый Аязата-Дед Мороз

Ақшақар-снегурочка

Сыйлық -подарок

Аязата-Дед Мороз

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

Аязата-Дед Мороз

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»Сыйлық -подарок

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

Снеговик -аққала

Ақшақар-снегурочка

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

Шырша

2-слайд. Мәтінді оқы. аудар.

Жаңа жыл келді. Бұл-көңілді мереке. Адамдар шырша орнатты. Шырша әдемі. Балалар шыршаны безендіреді.

3-слайд. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Бал...лар шыршаны безендіреді. Оларға Аязат... сыйлық берді. Шырш...да жұлд...з бар. Карина жаң... ән орындады. Жаң... жыл -там...ша мер...ке.

4-слайд.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

Жаңа жыл қандай мереке?

Мерекеге кімдер келеді?

Адамдар не орнатады?

Олар не береді?

5-слайд. Толықтыр.

Город - қала,

Санки - ...

Народ - халық,

Рыба - ...

Иди - бар,

Снег - ....

Нәтиже сабақ

1-слайд. Сөйлемдерді аудар.

Наступила зима. Зимние месяцы-декабрь, январь, февраль. Зима холодная. На праздник пришли Дед Мороз и Снегурочка. Они разделили детям подарки.

2-слайд. Сөзжұмбақты шеш.

«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

3-слайд. Жаз.

Кімде? Неде? Кімнен? Неден?

Аязата (-да, -де) алаң (-нан, -нен)

Қар (да, де) мереке (-дан, -ден)

Жел (-де,-да) ай (-дан, -ден)

Мұз (-да,-де) жұлдыз (-дан, -ден)

Қыс (-да,-де) етік (-тан, тен)

4-слайд.

1. Қыс айларын ата.

а) наурыз, сәуір, мамыр

ә) желтоқсан, қантар

б) қыркүйек, қазан, қараша

2. Қыста күн қандай болады?

а) суық

ә) жылы

б) ыстық

3. Жаңа жылда адамдар нені безендіреді?

а) шыршаны

ә) ағашты

б) гүлді

4. Қыста не жауады?

а) қасқыр

ә) аю

б) қар

5. Қыста адамдар не киеді?

а) шөп

ә) тон

б) көл Өз жұмысымның қорытындысында алған нәтижелерді талдау негізінде келесі мазмұндағы ұсыныстар бере аламын: 1.Бүгінгі әлеуметтік, педагогикалық даму сұранысын қанағаттандырудың басты көзі - Информатиканың бастапқы курсын бастауыш мектептің базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігіне 2 сыныптан бастап енгізу қажет. 2.Оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын жетілдіру, қазіргі ақпараттық технологияларды меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында облыстық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жоба жұмыстары сайысын ұйымдастыру және оны өткізу ережелерін дайындап, ресми түрде бекіту негізінде жүзеге асыру керек. 3.Әрбір пән бойынша қазақ тілінде электронды оқу-әдістемелік кешендер дайындау жұмыстарын жандандыру қажет. 4.Қазақ тілі мұғалімдерінің ақпараттық-технологиялық компетенттілігін жетілдіруге арналған арнайы басылымдар шығару арқылы практик-мұғалімдерді ғылыми жобалар, баспа жұмысы бағытындағы жұмыстарға баулу қажет. 5.Педагог мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының БОПӘ мамандығына бүгінгі күн талабына сәйкес қосымша «Информатика» мамандығын қосу және сол арқылы болашақта осы пәннен бастауыш сынып мұғалімінің сабақ беруіне жағдай жасау. 6.Оқушылардың ақпараттық дүниетанымдарын кеңейтуге арналған дәстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыру және осы бағытта сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру. 7. Мектептің материалдық базасын нығайта отырып, әрбір қазақ тілі кабинетінің ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жабдықталуына жете мән беру керек. Ғылым мен техниканың жедел қарқынмен дамуы жылдан-жылға оқыту технологияларының жаңа, озық түрлерін ұсынуда. Болашақта қазақи тілі пәніне арналған Информатика пәнінің альтернативті оқулықтарын, оқу- әдістемелік кешендерін жетілдіру; бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті тақтаны қолданудың педагогикалық негізін анықтау; қашықтықтан оқыту арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын шыңдау; ақпараттық-коммуникациялық құралдардың бастауышта оқытылатын әрбір пәнге қатысты дидактикалық мүмкіндігін зерттеу және т.б. проблемалар арнайы зерттеуді қажет етеді. Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: - Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды - Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады - ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. - Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. - Сабақтың өнімділігі артады. - Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді - Оқушылар компьютерді тез меңгереді. Кез келген уақытта АКТ-ны колдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады. Мұғалім әрбір сабақта көрнекіліктерді қолданады. Сол көрнекіліктерді неге интерактивтік тақтамен көрсетпеске. Интерактивті тақта да сондай ақ экранды, айырмашылығы ол компьютерге қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады. Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдай ала ма? Оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі көрнекіліктерді пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады.(Мысалы контейнерді пайдалануға болады). Сонымен бірге, бұл интерактивті тақтаға аудио немесе видео құрылғыларын қосуға болады Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда:

  • презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • мәтін редакторлары;
  • интернет;
  • көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);
  • видеофайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);
  • дыбыстық файлдар (басқада мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі.
  • интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • электрондық оқулықтарды қолдану
Сондықтан біз, мұғалімдер қауымы, бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, өзіміздің компьютерлік сауаттылығымызды үлкен міндетпен қарауымыз керек. Жаңа ақпараттық технология мұғалімдердің еңбек сапасы мен біліктілік дүниесіне ғана емес, педагогикалық шеберлігіне де қатаң талап қояды. Білім беруді ақпараттандыру -жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, шығармашыл оқушы даярлауда үлесі мол. Мұғалім ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде төмендегідей жағдайларды қарастыруы керек.
  • оқушылардың жас ерекшеліктерін;
  • оқушылардың орнын;
  • деңгейін;
  • сабақтың мақсаттары мен мазмұнын;
  • оқу материалын дайындаған кезде, көрнекіліктердің безендірілуі яғни түсі оқушылардың көзін ауыртпайтындай болуы керек;
  • сабақта көз жаттығуларын өткізіп отыру керектігін ескеру.
Презентацияларды жасаған кезде өте көп мөлшерде сөз жазудың қажеті жоқ. Слайдқа тым көп сөз (ұсақ жазумен жазылған болса) балалар тез шаршап кетуі мүмкін. Ең негізгі жерін теріп алып, қысқаша ғана жазып, көрсеткен дұрыс болар. Презентацияларды жасаған кезде мыналарды ескерген жөн:
  • Тақырыбын жазу үшін үлкенірек жазумен жазған дұрыс;
  • Соңғы партадағы оқушыларға тақтадағы жазулар анық көрінуі керек;
  • Слайдтардың түстері көзді ауыртпайтындай жағымды түстер болуы керек;
  • Бір слайдты көрсету үшін 2-3 минуттай уақыт қажет, яғни оқушылар слайдтың барлық элементтерін көріп үлгеруі тиісті;
Слайдқа дыбыс қосылған жағдайда дыбысы аса қатты немесе жағымсыз болмау керек.





























Қолданылған әдебиеттер: 1 Дамытушы компьютерлік ойындардың мүмкіндіктері // Бастауыш мектеп. - Алматы, 1992. - № 10,11,12.-Б. 20-22 (Ж.А.Қараевпен авторлық бірлестікте). 2 Дамыта оқыту // Бастауыш мектеп.-Алматы, 1999.- № 4.-Б.3-4. 3 Оқыту әдістемесіндегі мәселелер // Бастауыш мектеп. - Алматы, 1999. - № 8-9.-Б.7-8 4 Бастауыш сыныптың тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшілігі // Бастауыш мектеп.-Алматы, 2003.- № 9.-Б.8-9 5 Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы ролі // Бастауыш мектеп.- Алматы, 2003.- № 5.-Б.5-7. 6 Основные компоненты педагогических программных средств для начальной школы // Ізденіс-Поиск. Серия гуманитарных наук. - Алматы, 2003. - №.3.-С. 157-161. 7 Дидактические требования к педагогическим программным средствам для начальной школы \\ Средняя школа Казахстана.- Алматы, 2003.- №.6.-С.4-7. 8 Компьютерная технология и ее потенциальные возможности в начальной школе // Ізденіс- Поиск. Серия гуманитарных наук. - Алматы, 2003.- №.3. -С.153-157. 9 Подготовка будущих педагогов к использованию новых информационных технологий в обучении младших школьников // Ұлт тағылымы - Достояние нации. - Алматы, 2004. - № 4(2).-С. 34-39. 10 Актуальные проблемы применения новых информационных технологий в образовании // Қазақстан жоғары мектебі - Высшая школа Казахстана. - Алматы: Высш.шк.Казахстана МОН РК, 2005.- № 2. -С. 124-126. Серия гуманитарных наук. - Алматы, 2005. - № 2.- С.227-230. 11 Дидактические компьютерные игры как основа построения компьютерной технологий и развития младшего школьника // Білім- Образование.- Алматы: Изд-во Каз.акад. образования им. И. Алтынсарина, 2005. - № 3.-С.78-80.

49

© 2010-2022