Тех карта. Жапсыру. Өз бетімен жұмыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Өркен» балабақшасы. Ересектер тобы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:--------------------------

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жапсыру.

Тақырыбы:Өз бетімен жұмыстану.

Мақсаты: Жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, қайшымен жұмыс жасау ережесін сақтау, қию тәсілдеріне дағдыландыру, көркемдік эстетикалық талғамдарын дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Билингвизм:

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаз, үлгі суреттер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы



Ізденуші-ұйымдастырушы.





Тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау -менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Қайырлы таң, балалар!

Сендерді көргеніме қуанамын.

Тәрбиеші балаларға бүгін

Сендер өздеріңе ұнаған заттарды қиып жапсырасыңдар.

Балалар сендерге қандай заттар ұнайды.

Ойын: «шеңберге ұқсайтын заттарды тап.»

Мақсаты:шеңберге ұқсайтын заттарды табу.

Әрбала өзбетінше үлгіге қарап жұмыстанады.

Үлгі бойынша көрсету.

Керекті заттармен таныстырады.

Қауіпсіздік ережелері:

1.Қайшынының ұш жағын адамға қаратпай ұстау.

2.Желімді ауызға салмау.

3.Жұмыстан соң желімнің қақпағын жауып қою.

4.Жұмыстан соң қолды міндетті түрде жуу.

Тәрбиеші үлгі бойынша көрсетеді.

1.Симмитриялы қию әдісі бойынша құрақтарды қию.

2.Ақ қағаздың ортасына, шеңберді жапсырып,үлгі бойынша орналастырып, жапсыру.

Тәрбиеші балаларға өз беттерінше жұмыстануды ұсынады.

Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап, бір-бірімен амандасады.

Қайырлы күн, достарым!



Балалар жауабы.

Әр бала өзіне не ұнайтыны туралы айтып береді.

Керекті заттармен танысады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Балалар өз беттерінше жұмыстанады.

Сергіту сәті

Тәрбиеші өлеңді оқиды.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз.

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Балалар қайталап, сергіту сәтін жасайды.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз.

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Жетекші-жөндеуші

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын тексеріп, талдап, әдемі жасалған жұмыстарды мадақтайды. Кемшіліктерді ескерте келе оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар бір-бірінің жасаған жұмыстарын қарап, өз жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін түзетуге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

1.Білуі: Қауіпсіздік ережелерін біледі.

2.Меңгеруі: Жапсырудың,қиюдың әдіс-тәсілдерін

3.Жасай алуы: Ұқыпты жұмыстанад



© 2010-2022