Сыныптан тыс іс-шара Нағыз қазақ жігіті байқауы (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Нағыз қазақ жігіті» байқауы.

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Нағыз қазақ жігіті » тақырыбы, мақал - мәтелдер, байқауға қажетті құрал - жабдықтар, музыкалық аппаратура және т.б.

Байқауға қатысатындар: 4 - сынып ұлдары.

Байқаудың қонақтары: мектеп әкімшілігі, оқушылар.

Ұйымдастыру кезеңі.

1 жүргізуші.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер байқауы өтпекші.

2 жүргізуші.

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті

Анықтайтын кез келді!

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! - дей отырып, ортаға «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші.

Байқауға қатысушысайыпқырандардың ақыл - парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасы мен таныс болыңыздар!

1 жүргізуші.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат,

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, дей отырып, байқауымызды әдемі бір әнмен бастайық.

«Тойға шашу» әнін қабыл алыңыздар.

Рыскүл

Мылтығың түзу болсын өзі сырлы,

Сүйменді оғы болсын алты қырлы.

Қолыңда қызыл темір қалың ауыз,

Алысы мен талғамас жақын жерді.

Меруерт

Жігітке мықты дәулет амандығы.

Қанағат барға етпес надандығы.

Шарт жұмып жүргенменен екі көзін,

Көрінер қалайынша адамдығы.

Айнұр

Ақыл көрік бойларына жетеді.

Әлі талай сынақтардан өтеді,

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

І бөлім. «Мен атаның ұлымын» тақырыбы негізінде өзін таныстыру.

. Қазылар алқасынан осы бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.

ІІ бөлім. «Жүйрік болсаң шауып көр» бірнеше сұрақтарға кезектесіп жауап беру, дұрыс жауапқа 10 балдан.

2..Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын сұраймыз?

Келесі сайыс «Үй жұмысы»Бұл бөлімде үйден дайындап ,өрнектеліп,әшекейленген бұйымдарын қазылар алқасына ұсынып, жасаған заттарын қорғау.

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Парасатты ер жігіт,

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді» деп шіркінге,- дей отырып сайысымыздың «Жігітке 7 өнер аз,70 өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.(

2 жүргізуші.Бұл бөлімде қазақтың дәстүрлі әнін,күйін, биін орындайды немесе бір шығарманы мәнерлеп оқиды.

Кезек қазылар арқасында.

«Ақылына білімі сай» деп аталатын бөлімде мақал мәтел сайысы.

«Қылышынан қан тамған батырды,тілінен бал тамған ақын өлтіреді» демекші,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен жеткізіп, жүйелі ойыңды білдіресің.»Мақал сөздің мәйегі» деп атамыз қазақ айтқандай, сөз атасы мақал айтып жарысайық.

Біліміңді көрсет, ер жігіт дей келе сайысымыздың шарты мақалдың жалғасын табу;

Мысалы:Түстік өмірің болса,...............................

Кезек қазылар алқасында.

Бар дәстүр мен салтымыз.

«Салт дәстүріңді білесің бе?» атты бөлімді бастайық.Толық жауапқа 30 балл.

Толық емес жауапқа 10 балл.

(Асық таңдайды № 1,2,3,4,...............16)

Мысалы;Сүйінші.Шашу.Сыбаға.Ерулік.Қалау.т.б.

Ән: Әкешім

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп сыныбымның жүрейікші,

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

«Жүзден жүйрік» күшімен

«Мыңнан тұлпар » шықсыншы.

Қорытынды бөлім.

1 ж. Құрметті өнер сүйер қауым. Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған жігіттеріміздің сайысы да аяқталды. 90 ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі байқауымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

2ж. Оқушылардың ұпай саны белгіленіп, өз ерекшеліктеріне орай «Өнерлі жігіт», «Білімді жігіт», «Шебер жігіт», «дарынды жігіт», «Шапшаң жігіт», «Салмақты шымыр жігіт», «Нағыз қазақ жігіті» атағымен марапатталады.

Көріп, тамашалағандарыңызға рақмет. Еліміздің, Нағыз қазақ жігіттері көбейе берсін!

Бүгінгі сұлтандарымыздың, Нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз. Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы Бірлестік ОМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Сеитова Баршин Жылкайдаровна



© 2010-2022