Статья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУБакабаева Кундуз Кабидоллановна «Жезкент к.экономикалық мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ Тірек-әрекеттің бағыттаушы негізі, баланың ішкі ойлау әрекетін сырттай ұйымдастыру әдісі. Тірек сигналы -ассоциативті символ (белгі, сөз,сызба,сурет және т.б.) белгілі маңызды мазмұнды ауыстырады. Тірек конспектісі-тірек сигналдарының қысқаша шартты конспектінің жүйесі, көрнекі конструкциялы фактілер жүйесін түсіндіреді, оқу материалының бүтін бөлігін байланыстыратын идеяларды алмастырады.

Әдістемелік ерекшеліктері В.Ф.Шаталов бойынша оқу үрдісінің технологиялық сызбасы:

Хабар енгізу (түсіндіру)

ІІІ қайталау-өзара бір-бірін бақылау



ІІ қайталау-вербальды тексерудің барлық түрлері

І қайталау-тірек сигналдары конспектісін ауызша баяндау



Үйдегі өз бетімен жұмысы БДІ (ЗУН)

айтқызу







Сабақ үстінде оқушы әрекетін жүйелі ұйымдастыруға болады, ол оқушының толық және жалпы белсенділігін қамтамасыз етеді, оқушы әрекетіндегі динамикалық стреотипті қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Оқу әрекеті стреотипінің негізін тірек конспектілері (сигналдары) құрайды. Көрнекі сызбаларда оқу материалдары кодталған. Тірек сигналдарымен жұмыстың нақты кезеңдері болады және ол бірқатар әдістемелік шешімдер арқылы жүргізіледі.

  1. Сыныпта теорияны меңгеру: тақта алдында кәдімгі түсіндіру (бормен,көрнекілікпен,ТОҚ), қайтадан әдемі кесте-тірек конспектісімен, көрнекілікпен түсіндіру, оқушылардың тірек конспектісімен өз бетімен жұмысы, конспект блоктары бойынша ауызша бекіту.
  2. Үйдегі өз бетімен жұмыс:тірек конспектісі+ оқулық+ ата-аналар көмегі. Оқушы есіңе:мұғалімнің түсіндіргенін есіңе түсіріп, дәптеріңдегі конспектіңді пайдалан; берілген тапсырманы кітап бойынша оқы; оқығаныңды конспектімен салыстыр; конспект көмегімен оқулықтағы материалды баянда (кодтау, кодты шешу); мазмұн тірегі ретінде тірек конспектісін жатқа есіңде сақта; конспектіні жазбаша қайта құр, оны үлгімен салыстыр.
  3. Бірінші қайталау-игерген конспектіні ауызша бақылау; барлық оқушылардың конспектіні ойдан баяндауы; мұғалім жұмыстарды орындалу ретімен тексереді; тексеру қатарынан «тыныш» және үнтаспадан жүргізіп отырады; жазбаша жұмыстан кейін тексеру қатты дауыстатылып жүргізіледі.
  4. Тірек конспектісін ауызша айту -әр түрлі жолмен оқушы түсінігін тексеру кезінде қажетті сыртқы тіл әрекеті де қалыптасады. (П.А.Гальперин)
  5. Екінші қайталау-қорытындылау мен білім жүйелеу:ол өзара бақылау сабағынан; есептік сұрақтар тізімін алдын ала жариялау; дайындық; білім тексерудің барлық түрлерін қолдану (тақта алдында, ақырын, жазбаша және элементтері (топтар жарысы, ребустар шешу т.б.).
Тірек сигналдары дегеніміз-сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, таблицалар, карточкалар, чертеждер, суреттер түрінде көрінетін тұжырымдар. В.А.Сухомлинский: «Балдырған кездегі ой еңбегін ұйымдастыруға шеберлік баланың мұғалімді тыңдай білуінде, ұмытпауында, ойлауында, есте ұстауында» деп жазған болатын. Меніңше тірек жүйелері нақ осыған көмектеседі. Оқушы мұғалімнің сұрақтарына тірек сигналын пайдаланып (оны көреді, оқиды), жауап беріп тұрған кезінде қымсынбайды, қателесіп кетем бе деп жүрексінбейді. Тірек сигналдары ойлану мен дәлелдеуге айналады, еске түсіруге немесе қайталап айтуға көмектеседі. Тірек жүйесінде әдеттегі көрнекілік жанданып, сөзге араласады. Бұл кезде тіпті ең әлжуаз оқушының өзі дәрменсіз сезінбейді. Тірек-қимыл жүйелері бүкіл сыныптың ынталы жұмысымен барлық оқушыларды оқытудағы жедел ілгесінде әр сабақта уақыт үнемділігі (қоры) пайда болады. Ал, мұның өзі оқығандарын пысықтап қайталау, сондай-ақ білімдерді жинау, шеберлік пен дағдыны жетілдіре түсу жөніндегі әр түрлі жаттығуларды орындаудың мүмкіндігі деген сөз. Сүйеніш жүйелері жоғары жұмыс қабілетін, сабақтың серпінді қарқынын қамтамасыз етеді. Және бұл тіректер тақырыпқа кіргізілгеннен-ақ сабақта көбірек қайталауды жеделдете өткізуге, қиын тараулар бойынша жұмысты күшейте түсіп, бүкіл тақырыпты жинақтауға балаларды болашақта тартып отыруға мүмкіндік береді. Тірек сигналы-оқушылардың ойларының дамуының және ұғымдарды көз алдарына елестетудің тиімді тәсілі болып табылады, оқуға бағыт береді. Тірек сигналдары мұғалімнің тақырыпты жеңіл түсіндіруіне және оқушылардың да тиімді нәтижелі жеңіл жұмыс істеулеріне көмектеседі. Жинақы, әдеттен тыс тірек жүйелері оқушыларды қызықтырып , оларды белсенді еңбекке ізденіске бастайды. Осылар арқылы баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады, күнделікті көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттардың өзінен тыс жайтты аңғарады. Тірек сызбалары сабақ барысында дұрыс пайдалана білу шеберлігін қажет етеді. Сабақ түсіндіру барысында тірек жүйелерін алдын-ала тақтаға іліп қою үлкен қателік болып есептеледі. Өйткені осылай қолдану барысында оқушылар түк түсінбей қалуы мүмкін және қызығушылықтарын тудырмайды. Сондықтан оны дұрыс пайдалану үшін сабақты түсіндірген кезде мұғалім сызбаларын кезең бойынша іліп, оқушылармен әңгімелесе отырып, өзінің түсіндіруімен жалғастыруы керек немесе оқушылармен бірге жеке-жеке сөйлесе отырып құрастырған дұрыс. Тірек сигналдарын тақтада пайдаланғанда оған алдымен кестелерді жазып қою керек те, тақтаның екі қанатын жауып қоюға болады. Сонан соң оны қажет кезінде ашып, керектілерді пайдаланады. Тірек сигналдары тек қана сабақ түсіндіргенде ғана емес, оны қорытындылап, тұжырым шығаруда, бекітуде, оқушылардың ауызша жауап беру кездерінде де қолданылады. Тірек сигналдарын сабақты түсіндіріп болған соң басқа сыныпқа немесе «қоймаға» апарып тастауға болмайды. Материалды толық меңгергендерінше оқушылардың көз алдарында тұруы тиіс. Бастауыш сыныптарда аймақтық зерттеулерді жүргізуде тірек сигналдарының келесі түрлерін пайдалануға болады:
  1. Шартты белгілер арқылы берілетін материалды ықшамдап, сүйеніш сызбасына енгізу. Мысалы келесі шартты белгілер бірінші сыныптан бастап қолданыла бастайды, олар ауа райының, жануарлар топтарының, адамның, пайдалы қазбалардың шартты белгілері т.б. Оқушылар оларға үйреніп, кейбір терминдерді немесе ойды осындай белгілермен белгілей алады немесе оларды оқи алады. Кейбір жағдайларда шартты белгілер бойынша диктант жұмысын жүргізуге болады. Бастауыш сынып оқушылары оған қызығушылықпен қарайды.
∑, ≡, ■, □, ●, ☼, ♀, ♂, ←, ↑, →, ↓, ⌂, t, ∆,◘
  1. Сөз арқылы оқылатын материалды тірек сигналы түрінде ықшамдап көрсету. Материалды осылай сызбалаудың мысалы:

Кенге жатпайтын

Кенді

Жанғыш

Пайдалы қазбалардың түрлері



  1. Құрастырмалы суреттермен тірек сигналын құрып, оқу материалын сызбалау үлгісі. Мұндай үлгі оқушының көз алдында құрылып, бөлшектене алады. Мысалы :

Жануарлар топтары

Статья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУСтатья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ Статья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ Статья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ Статья БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУДЕ ТІРЕК СИГНАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ



  1. Бөлшектелмейтін, тақтада тұтас пайдаланылатын сурет. Мысалы, табиғаттағы су айналымы
  2. Кесте түрінде оқу материалын тірек сигналымен сызбалау. Мысалы, аймақтағы табиғи бірлестіктерді оқып болған соң әр бірлестікке тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және осы жерлерді адамның пайдалануын жазып толтыру. Жұмыс оқушылармен бірлесіп жүргізіледі де, білім қорытындыланып, бекітіледі. Оқушы дәптеріне тірек сигналын кесте түрінде жазып алып, үйде сабаққа дайындалғанда пайдаланады.
Табиғи бірлестіктер

Өсімдіктері

Жануарлар әлемі

Адамның пайдалануы Орман


Шалғындық


Дала


Тау


Су қоймасы


Шөл


Бастауыш сыныптарда аймақтану пәні бойынша «Біздің ауылдағы шаруашылық түрлері » тақырыбы бойынша келесі тірек сигналдарын пайдаланып, оқушы білімін бекітуге, сабақта таным белсенділігін арттыруға болады.



Бастауыш сыныптарда аймақтық зерттеулер жүргізуде тірек сигналдарын пайдалану оң нәтиже береді деп ойлаймын. Тірек сигналдары арқылы негізгі ұғымдар беріле отырып, оқылатын тақырыпқа тұтастай жол ашылады, оқушының оны ары қарай игеріп кетуіне де жеңіл болады.





















Әдебиеттер

  1. Фридман Л.М. Педагогический опыт глазами психолога. Москва: Просвещение,-1987.-224с.
  2. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза. Архангельск:Сев.-Зап.кн.изд-во,-1990.-383с.
  3. Баженова И.Н.Педагогикалық ізденіс. Алматы :Рауан ,-1990.-574б.
  4. Бағдарламалар, 1-4 сыныптар, Астана, 2013ж.



© 2010-2022