Зат есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Қарасай ауданы

«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп -гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен»КММ

Күні:11 .02.14ж

Қазақ тілі 3 сынып

Тақырыбы

Зат есім

Сілтеме

Презентация,

Көрнекілік

Слайдтар, үлестірмелер суреттер, бағалау парақшасы, бейнебаян

Мақсаты

Білімділік: Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу;

Дамытушылық:Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Зат есім және оның сұрақтарын меңгерген , Негізгі және туынды зат есімдерді ажыратып сөз құрамына талдай біледі. Зат есімнің мысалдар келтіреді. Топпен жұмыста өз пікірлерін, ойларын еркін жеткізеді.

Түйінді идеялар

Білу: Зат есімнің негізгі және туынды түрлері не түсінгенін айқындау

Түсіну: Негізгі және туынды зат есім ережесін , сұрақтарын атайды, айтады,жазады, түсіндіреді.

Қолдану:.Бұрын оқылған ақпараттарды жаңа және нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін қолдану: анықтайды, дамытады,ашады, бөледі,мәлімдейді.

Жаттығулар



Топпен жұмыс

Өздік жұмыс

Топпен жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 17-жаттығу Кім? Кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін бірнеше сөз ойлау, оларды қатыстырып сөйлем құрау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаға сүйеніп білімдерін еске түсіру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

19-жаттығу сөздерді салыстырып оқу, сұрақтар қою, айырмашылықты байқау. Өнерпаз, күйші, сыйлық, балықшы, орындық.

20-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, туынды зат есімдерді теріп жазу: кенші, достық, елші, аспаз, малшы.Бұл сөздерді түбірлерін айт.

21-жаттығу жаңылтпашты оқып жатқа жазу: Туынды зат есімдерді ата: еңбекшіл, өрмекші, өрнекші. Түбір сөзге қандай жұрнақ жалғанды?

22-жаттығу Төменде берілген зат есімдерге -шы,-ші жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды зат есім құрау:

Не? Кім?

Мүсін, егін, би, күй, дойбы, сауын, мал, жылқы, сиқыр. Мүсінші, егінші, биші, күйші, дойбышы, сауыншы, малшы, жылқышы, сиқыршы.

ҮІ.Бекіту:Толықтыру тесті:Төменде берілген сөздерге тиісті жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім құрастыр: Тігін, кәсіп, өнер, оқу, дос, еңбек, ас.

ҮІІ. Қорытындылау. 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?

2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не?

4. Мысал келтірейікші енді.

Рефлексия: «Алақан»

Алдарыңдағы параққа өз қолдарынды бастырып салыңдар. Алақанның ортасына бүгінгі тақырыпты жазыңдар, саусақтарға не біліп ,не үйренгендеріңді жазыңдар.

Парақтың төменгі жағына мұғалімге тілек жаз.

Үйге тапсырма : 23-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Суретте кімдер бейнеленген? Ол не істеп тұр? Әңгімені ары қарай құрастырыңдар.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Диалог, топпен жұмыс, жұппен

Дереккөздер

Қазақ тілі 3 - сынып оқулығы. «Атамұра» 2010 , әдістемелік нұсқаулық, ғаламтор

Рефлексия

« Алақан» бойынша

Бағалау

Қалыптастырушы: Топ басшы сабақ кезеңдері бойынша топ мүшелерін бағалау парақшасында белгілеп отырады. Сабақ соңында баға береді, қорғайды, түсіндіреді.



© 2010-2022