Конспект к уроку Ә дыбысы мен әріпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ә дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.Жазылу ерекшеліктеріне мән беру. 2.Ұқыптылыққа , зеректілікке баулу. 3.Оқушының ақыл-ойын,сөздік қорын дамыту. Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер,Ә әрпінің жазу үлгісі,кеспе әріптер мен буындар,касса,жұмбақтар Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап. Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару. ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -Балалар өткен сабақта қай дыбыспен танысқан болатынбыз? -І дыбысы қандай дыбыс? -Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі? -І дыбысы бар сөздерді атау. -Ірімшік,ін,із,тіс,тіл,іні Оқушыларға «Ін» мәтінін оқыту ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау Өлең оқу Әжем ертіп әкелді, Әкем саты әперді. Әйнек салды әйнекші, Әдемілеп пәтерді. -Өлеңнің алғашқы сөздері қай дыбыстан басталған? -Ә -Бәріміз біргеӘ дыбысын айтып қарайық. -Ә......Ә -Ә дыбысы қалай айтылып тұр? -Ә дыбысы қандай дыбыс? -Бүгінгі өтетініміз дауысты дыбыс, Ә әрпі ІҮ. Жаңа сабақӘ әрпін хормен айтқызу. -Оқулықтағы суретке қарап әңгіме құрау -Әже мен немере. -Олар не істеп отыр?
Жұмбақ жасыру Жанды сағат, Таң атпай айқай салады /әтеш/ Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасау Бағандағы сөздерді оқыту Мәтін. Әже. Оқып беру. Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр. ҮІ. Білімді бекіту. Дәптермен жұмыс: Ә әрпін ауада жазғызып,үйрету Әә әрпін жазып үйрену Метаграмма Ш-дан бастап жазғанда, Шәй қайнатып аласың. Ш-ны алып тастасаң, Терезеге саласың. ҮІІ. Сабақты қорытындылау: -Бүгінгі сабақта біз қай дыбыспен таныстық? -Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? -Ә дыбысы бар сөздерді атау









© 2010-2022