Эссе: Ізгілік педагогикасының классигі А. В. Сухомлинский туралы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ізгілік педагогикасының классигі А.В.Сухомлинский туралы эссе.

Ұлы ізгілік педагогикасының классигі А.В.Сухомлинский қатыгез де, қатал соғыстан өткен адам. Соғысқа қатысқан. Жұбайы Вера Петровна жүкті болғандықтан, өзінің әке-шешесінің үйінде болған және өте қатал түрде баласымен бірге өлтірілген. Ал соғыстан кейін ашаршылық, адамдардың көтерілістері басталды. А.В.Сухомлинский көп қайғы-қасірет көрді және Рабиндранат Тагордың мына сөзін көп қайталай берген екен: «Адам жануардан жаман, егер ол жануар болса». Бірақ қиын өмір оны рухани түрде әлсіретіп жіберген жоқ, ол одан қатігез болып кеткен жоқ. Керісінше, адамдарға көмектесе бастады, әр адамға жылылық танытып жүрді. А.В.Сухомлинский Полтавтық педагогикалық оқу орнын бітірген соң Павлыштық ауылдық мектепке барып, директор болады. Ол балалардың оқуына және түсіністікпен жұмыс жасауларына, бір-бірінің алдарында және өздерінің ар-ұждандарына жауапкершілікті сезінуіне көп мән беретін. Оны ешкім жақтамаған, керісінше оның гуманистік идеяларының дұрыс еместігіне көз жеткізгілері келді. Осыларға қарамастан өзінің ерлігінің арқасында адам бойында адамгершілікті оята білді. А.В.Сухомлинскийдің ішкі рухы оны алға ұмтылдырған, ол әлеуметтік қайғыдан да, өмірдегі отбасылық мәселеден де, соғыстан да еш басын түсірмей өтті. Ол балаларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге талпынды. Ертегілерде, әңгімелерде Василий Александрович Сухомлинский адамның көлікке айналуына қарсы, ол адамның бойындағы адамгершілігі жайлы баяндаған. Өзінің тәрбиелік көзқарастарын «Сердце отдаю детям» кітабында жазып өткен.

«Сердце отдаю детям» кітабында А.В.Сухомлинский бастауыш сыныптағы балаларды рухани-адамгершілікке, әріпті тануға, оқуды тануға, есептей білуге, сұрақтарға жауап беруге, ертегі құрастыра білуге, өмірді тануға үйрете отырып, бір-біріне деген сыйластық, табиғатқа деген құрмет, қиянат жасамау, ақиқатты тану, сезіне білуді, адамды түсіне білуді үйретті. Ол өзінің директор болып отырғанына налыған. Балалармен жұмыс істеп жатқан мұғалімдерге қызыққан. Ол да балалармен бірге айналысып, оларға тәрбие үйреткісі келетін. Педагог өз сөзінде былай деген: «Мен директор болып отырып, мұғалімдерге ақыл беруім үшін де, балалармен жұмыс жасауым керек қой»,-деп. Содан А.В.Сухомлинский өзінің «Бақыт мектебін» ашады. Бұл мектепте партада отырып алып жазу, оқу емес, ол өзгеше болған еді. Ең басында педагог балаларды қабылдап алған, олардың өмірін зерттеген, бұл балалар соғыстан кейінгі зардапты көрген, біреуінің әкесі, анасы қайтыс болған, ал кейбірінің әке-шешесі ішкіш, кейбірінікінің анасы өгей, ал тағы біреудікі анасы тек аузына салып беріп, менменшіл адам ретінде тәрбиелеуде, ал кейбіреуінің қолы мен аяғы жоқ, соғыс кезінде немістер мина тығып қойып, бала бақшасына барып бір нәрсе тауып алдым, дегенінде атылып, қолы мен аяғынан айырылған. Кейбіреулерінің балалары көп, балалары үйде барлық жұмысты жасап ойнауға да үлгермейтін. Осылай «Бақыт мектебіне» педагог 15 ұл, 16 қыз жинап алды. Педагог осы балаларды көргенінде көздерінен мұң көрді, олардың мұңдарын қалай сейілтіп, өмірге деген құштарлықтарын қалайша арттырамын деген ойлар мазалап жүрді. Алғаш мектепке балалар өздерінің әдемі аяқ киімдерімен келді. Бірақ В.А.Сухомлинский ата-аналарына ескертіп, ендігәрі жалаң аяқ жүргенін қалады. Барлық балаларды жинап алып баққа барып, балаларға ертегілер айтып беруден бастады. Бірақ жалықтырмас үшін соңын үзіп тастап, ертеңіне жалғастырған. Осы бақта балалар көргендерін сурет дәптерлеріне салған, ертегілер құрастырған, әдемі табиғаттың музыкасын да естіп жатқан, саяхатқа да шыққан, бір-екі күн түнеген, яғни табиғатпен етене байланыста болған. А.В.Сухомлинский балалардың табиғатпен байланысын құптаған, табиғаттың ғажап сырларын білу арқылы балалар оқуды да, адамгершілік құндылықтарды да үйренеді деп айтқан. Балалар жалаң аяқ жүру арқылы педагог олардың денсаулығын сауықтыруына көп көңіл бөлген. Далада жаңбыр болсын, қыс болсын, бұршақ атып жатса да балалармен бірге педагог табиғат аясында жүретін. Балаларды қиянат жасамауға, қамқор болуға мына жағдай арқылы үйретті, барлық балалармен орманға шығып, табиғат аясын қарауға, зерттеуге, бақылауға талпындырды. Сонда Коля деген бала

© 2010-2022