4-сыныпқа арналған тест жинағы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып Дүниетанудан тест тапсырмасы

1. Ауаның қасиетін көрсет

А. иіссіз, дәмсіз, сығылады, серпіледі

В. иісі, дәмі, мөлшері мен салмағы бар

С. иісі, дәмі, құрамында газдар бар

2. Ауа -райы жағдайын бақылайтын станция

А. биохимиялық В. метеориттік С. Метеорологиялық

3. Ауадағы ең көп таралған газ

А. азот В. оттегі С. су булары

4. Ауадай қажет сөзі нені білдіреді?

А. көмірқышқыл газы В. инертті газ С. Оттегі

5. Ауасыз тіршілік ете алмайтын ағза

А. күн көзі В. адам С. Құм

6. Ауа райы дегеніміз не?

А. Ауаның төменгі қабатының температурасы, ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері

В. Көлдер, өзендер С. Жер асты сулары

7. Ауаны тазартудың тиімді жолдары

А. зауыттарға тазартқыш қондыру В. көгалдандыру

С. жауын- шашынның көп түсуі

8. Табиғатта су неше күйде кездеседі?

А. 4 В. 2 С. 3

9. Су жер бетінің неше бөлігін алып жатыр?

А. үштен екі В. үштен бірі С. Барлығын

10. Жер асты суларының негізгі көзі

А. жауын-шашын, қар суы В. мұхиттар С. өзен- көл

11. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл

А. Балқаш В. Арал С. Каспий

12. Астана қай өзеннің жағасына орналасқан?

А. Ертіс В. Есіл С. Арал

13. Салмағы 70 кг адамның денесіндегі су мөлшері

А. 10 кг В. 70 кг С. 50 кг

14. Халық арасында ... қайнар көз, бастау деп аталады

А. көл В. бұлақ С. Теңіз

15. Табиғатта кездесетін судың түрлері

А. мұз, су, бу В. мұз, қар, бу С. қатты су, қар, бу

4 сынып. Қазақ тілінен тест тапсырмалары

1. Жайылма сөйлемді тап.

А. Қар жауды. В. Қысқы демалыс аяқталып келеді. С. Күн қақап тұр.

2. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тап.

А. Орманда қайың, терек өседі. В. Екі бала орманға бара жатыр.

С. Мұны айтқан Сәулет қой.

3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері нешеге бөлінеді?

А. 2 В. 3 С.4

4. Қыстырма сөзі бар сөйлемді тап.

А.Ертілес жарты жолдан ерте қайтты.

В. Дау жоқ, Талғат Қанатты шахматтан артық басымдықпен ұтты.

С. Сәкен демалыс күні шаңғы тебуге барады.

5. Антоним (қарсы мәндес) сөзді көрсет.

А. Батыр, батыл В. Жомарт- сараң С. Ұзын, енді

6. Синоним (мәндес сөздер) қатарын тап.

А. Мағлұмат, мәлімет, ақпарат В. Терең, таяз С. Нан, ұста

7. Тұрақты сөз тіркесін тап.

А. Көзге түртсе көргісіз В. Қараңғы С. Шімірікпей

8. Ұяң дауыссыздар қатарын тап.

А. р, с, ф В. б, з, д С. л, м, н

9. Қараңғы сөзінде дауысты дыбыстар неше?

А. 5 В. 3 С. 4

10.Біріккен сөздер қатарын тап.

А. қосқұдық, итмұрын В.талай-талай С. бүгін де, ертең де

11. Күрделі етістікті тап.

А. піседі В. қарап тұрды С. Қоймады

12. Сөздің тура мағынасын анықта.

А. Сүт таңертең ұйып қалды.

В. Олар сүттей ұйып тыңдап отыр.

С. Оң қолым ұйып қалыпты.

13. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді тап.

А. Асанды В. балгер С. Астанадан

14. Жалғаулы сөзді белгіле.

А. балажан В. өнерпаз С. Билетте

15. Жалаң сөйлемдерді анықта.

А. Есік қағылды. В. Қуанғаннан билеп жіберді.

С. Талай сырды ақтарып едік қой.


4 сынып . Математикадан тест тапсырмалары


1. 7 санының кубын тап.

А. 14 В. 49 С. 343

2. 666 шығу үшін қай санды 6-ға көбейту керек?

А. 111 В. 100 С. 600

3. Өрнектің мәнін тап. 536*7:4

А. 839 В. 938 С. 106

4. Мына теңдеудегі х-тің мәні Х: 7 =9012

А. 36084 В. 1288 С. 63084

5. 42 санының квадраты

А. 84 В. 1764 С. 7164

6. Мәні 96 болатын өрнекті тап

А. 5376: 56 В. 2254: 23 С. 8245: 85

7. Есептеп шығар: (378 : 54) + 34*26

А. 884 В. 918 С. 891

8. Ені 5 дм, ұзындығы 6 дм, биіктігі 3 дм параллепипедтің көлемін тап.

А. 30 дм3 В. 90 дм 3 С. 33 дм3

9. Санды өрнекті тап.

А. 536*7 В. х+8 С. 39<83

10. 5 дм2 неше см2 -қа тең?

А. 5000см2 В. 50 см2 С. 500см2

11. 8 га =? а
А. 8 а В. 80 а С. 800а

12. Бақташы бірнеше жабағы және 16 тай өсірді. Жабағылар санын 2-ге арттырса, ал тайдың санын 3-ке кемітсе, олардың саны бірдей болады. Бақташы неше жабағы өсірді?

А. 13 В. 14 С. 11

13.Тоғыз жүз жиырма бір мың сегіз санының жазылуы

А. 921008 В. 92108 С. 920108

14. Бөліндінің мәні 47-ге тең болатын өрнекті тап.

А. 3854:82 В. 5865: 69 С. 5550: 74

15. Шаршының ауданы 49 см2 . Оның қабырғалары ...

А. 5 см В. 6 см С. 7 см


© 2010-2022