Разработка урока по грамоте на тему Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Отан (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.02.16

Сыныбы: 1 «Ә»

Мұғалім: Жаилғанова А.М.

Пәні: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Отан

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға жуан және жіңішке жұп дауыстыларды еске түсіру арқылы, оны тапсырмалар орындау барысында түсінігін білу және берілген өлеңмен толық танысу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту,сөздік қорын молайту,сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке,кішіпейілділікке,ұқыптылыққа, отанын, жерін аялай қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Дәстүрсіз, саяхат сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, түрлі суреттер, қима - қағаздар.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау - жинақтау, СТО әдісі, көрнекілік, мадақтау, қайталау.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу;

  • Оқушылардың көңіл - күйлерін сабаққа аудару;

Психологиялық дайындық

Ал,кәнекей балалар,
Қазір сабақ оқимыз.
Жақсы оқып сабақты
Санамызға тоқимыз.
Қандай тапсырмаларды
Орындайсың қазір сен.
Тез түсініп меңгерсең

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар ана тілінен үй тапсырмасын не берілді?

  • Үйге: 47 бет «Жусанда туған жердің иісі бар» мәтінін түсінігін айту.

Бірнеше оқушыдан мәтіннің түсінігі сұралады.

  • Жақсы, енді өткен ережелерді еске түсіру үшін, «Қағып ал, жауап бер» ойынын ойнаймыз.Ойынның шарты мен сендерге өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын, ал сендер болса менің сұрақтарыма толық жауап беруге тырысасыңдар:

  • Әліпби дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не? Дыбыс деп нені атаймыз?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді оларды ата.

  • Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

  • Өте жақсы!

Кіріспе кезеңі. Ой толғау.

- Жақсы, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтеді, себебі біз Қазақстанға саяхат жасаймыз, яғни біз туған жеріміз - Қазақстанға жету керекпіз. Ол үшін Қазақстанмен шекаралас елдерден өту арқылы, тапсырмаларды орындау керекпіз. Ендеше саяхатымызды бастаймыз.

- Балалар мына суретке назар аударайық, бұл қай мемлекет?

- Дұрыс айтасыңдар, Қазақстан елі солтүстігінде Ресей мемлекетімен шекаралас.

Ресей елінің президенті кім? (В.В. Путин). Ендеше, бұл елдің тапсырмасы: «Сөзжұмбақты шеш» деп аталады.

Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып. (Отан)

ІІІ. Жаңа сабақ

- Демек, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Отан

Ережені еске түсіру. А - ә, о - ө, ұ - ү, ы - і жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

- Балалар, Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

- Біздің отанымыз қалай аталады?

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

- Ендеше, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты, берілген сөздерді көркем жазып шығамыз. (Отыру ережесі сақталады)

- Енді тақырыппен толығырақ танысу үшін, жаттығулармен жұмыс жасаймыз, ендеше келесі мемлекетке саяхат жасаймыз, оңтүстігінде шекаралас - Түрікменстан елі екен. (суреті көрсетіледі)

Ол елдің тапсырмасы: 70 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Оқулықпен жұмыс.

- Балалар, оқулықтың 49-бетін ашамыз «Отан» атты өлең берілген.

  • Мұғалімнің оқуы

  • Оқушылардың оқуы

  • Тізбектеп, жеке оқу

- Өлеңде ақын нені сипаттап жатыр?

- Өлеңнің авторы кім?

- Ақын Отанды кімдерге, нелерге теңеген?

- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесің?

1. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
2. Отан от басынан басталады.
3. Отан оттан да ыстық,
Жалыны бар шоқтан да ыстық.
4. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
5. Отансыздың оты жанбайды.
6. Отан үшін еңбек етсең
Халқыңның сүйген ұлы боласың.

- Жақсы, жарайсыңдар!

Сергіту сәті.

Оңға- оңға түзу тұр.

Солға-солға түзу тұр.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам,

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс.

- Жақсы, енді біз «Қырғызстан» мемлекетіне де келіп қалдық, бұл елдің тапсырмасы: «Тезірек орында» деп аталады. Ол үшін оқулықтың 50-бетінде берілген 71-жаттығуға назар аударамыз.

71 - жаттығу. Мақалды көшіріп жаз.

Туған жердің түтіні де ыстық.

  • Қарамен жазылған сөздердегі дауысты дыбыстарды ата.

- Жарайсыңдар оқушылар! Саяхатымызды жалғастырамыз, суретте бізде қандай ел бейнеленген? (Қытай елі) Қытай елі туралы не білесіңдер? Қазақстан Қытай елімен қандай қарым - қатынаста?

Бұл елдің тапсырмасы:Ертегі - жұмбақ деп аталады.

Суретпен жұмыс

72 - жаттығу. Балалар, бір күні дыбыстар үйшігі болыпты. Онда дауысты дыбыстар тұрыпты. Қалай ойлайсың, олардың саны қанша? Үйдің ішінде: Ұ,ү,о,ө,ю,е,ё,э әріптері болған.

Бір кездері оларға әріптер келіп қосылды. Кәне соларды суретке қарап атайықшы.

Дұрыс айтасыңдар, олар: ы, і, у, и, а, ә. Бұл дыбыстар барлығы өз ішінде екіге бөлінеді екен. Олар қандай болып бөлінеді? Иә, жіңішке және жуан дауыстылар. Содан соң барлық әріптер үйшігінде тату - тәтті өмір сүріпті.

ІІІ. Бекіту. Қима - қағаздармен жұмыс.

- Жарайсыңдар! Келесі суретке қарайықшы, бұл қандай мемлекет? (Өзбекстан) Бұл мемлекеттің бізге жасырған тапсырмасы бар екен. Ол мына сиқырлы қорапшадағы тапсырмалар екен.

Әр оқушыға қима - қағаздар беріледі. Олар дәптерлеріне берілген тапсырманы орындайды.

Қалып қойған әріпті қойып, сөздерді дәптерге көшіріп жаз:

Ал - ...л, т...с - тіс, тұс - т...с, ата - ...же, ...т - өт, ұлу - ...кі.

ІV. Қорытынды бөлім

- Жақсы, жарайсыңдар. Енді әр түрлі мемлекеттің тапсырмаларын орындап, «Қазақстан» мемлекетімізге, туған жерімізге жетіп те қалдық.

- Балалар Қазақстан елінің президенті кім?

- Ол қандай елдермен шекаралас екен?

- ҚР рәміздерін атандаршы

- ҚР қандай облысымызда тұрамыз? Қаламыз қалай аталады?

- Рудный қаласының әкімі кім?

- Сонымен бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

- Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

- Жарайсыңдар балалар!

Үй тапсырмасы:

Енді, күнделіктерімізді ашып, үй тапсырмасын жазамыз:

49 бет, 70 - жаттығу «Отан» өлеңін жаттау. Отан туралы мақал - мәтел жаттау.

Сонымен бүгінгі сабақтан жаңадан не үйрендіңдер?Не білдіңдер?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қайда саяхатқа шығып, қандай елдердің тапсырмаларын орындадық?

Бағалау. Сабақ барысында белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

- Сабақ аяқталды!


© 2010-2022