Ана тілі Жылқы. Жылқышы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жылқы. Жылқышы.

Сабақтың мақсаты: Туған жер, төрт түлік мал туралы түсінік беру.

Жылқы малының қасиеттерімен таныстыру.

Жаңа тақырыпты меңгерту.

С.Мұқанов, М.Жұмабаевтың өнегелі өмірлерін оқушыларға

үлгі ету және таныстыру.

Сөздік қорларын молайту өз ойларын еркін жеткізуге

дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: С.Мұқанов, М.Жұмабаевтың портреттері, кітаптары.

Сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

- Қазір қандай сабақ?

- Ана тілі

- Олай болса оқулықтарымызды дайындап, алдымызға қарап отырайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1). Ара мен шыбын (маз. сұрау).

2). Рольге бөліп оқыту.

3). Қорыту (сұрақтар қою).

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Кіріспе әнгіме.

- Біздің туған жеріміз қалай аталады?

- Маңғыстау түбегі

- Онда қандай шаруашылық түрлерімен айналысады?

- Мал шаруашылығы.

- Неше аудан бар?

- 4 аудан бар: 1). Қарақия 2). Түпқараған 3). Бейнеу 4). Маңғыстау

Бұл аудандардың барлығы мал шаруашылығымен айналысады.

- Енді, олай болса осы төрт түлік мал туралы тереңірек ұғым алу үшін алыстағы "Жайлауға" саяхатқа шығамыз. Оған біз шаршамай жетуіміз үшін төрт түлік мал ішінен біреуін таңдайық.

- Қай жануар жүруге ыңғайлы.

- Жылқы.

Алдымен сол көлігіміз туралы жақынырақ біліп танысайық:

- Ол үшін С.Мұқановтың "Жылқы" әңгімесімен танысамыз.

Тақырыпты өтпес бұрын алдымен Сәбит Мұқановтың өмірімен танысып алайық.

Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жеті жасында әкесінен, сегіз жасында шешесінен айырылып, жетім қалған Сәбит тұрмыстың ауыр да қасіретті күндерін басынан кешіре жүріп, он жасынан бастап, кісі есігенде жүріп, отыншы, сушы, бақыршы бала атанып, есейе келе жылқышы да болды.

Сәбит 17-жасқа дейін белгілі бір мектепте оқымаған. Тек өзінің алғыр да өжет талантының арқасында, ауыл молдаларынан хат таниды. Сәбит 15-жасынан бастап өлеңді өзі шығара бастайды. 1918 жылдың күзінен бастап Омскідегі оқытушылар курсына түседі. Бұл оның болашағына жол ашады. Ол өз өмірінде қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері ретінде танылған. Оның "Өмір мектебі", "Ботагөз", "Ақ аю", "Балуан Шолақ" шығармаларының авторы. Ол 1973 жылы қайтыс болды. Бүгінгі танысатын мәтініміз жазушының "Өмір мектебі" кітабынан алынған үзінді.

б) Мәнерлеп оқып беру. (түсіндіру

в) 1-2 оқушыға оқыту.

IV. Сөздік жұмысы.

Қос -көлемі арбаның доңғалағындай кішкентай шаңыраққа, айнала қадаған қазықтардың сыртынан киіз қоршалады да, түтін шығатын тоқымдай түндік салынады.

1- Мәтінде түсіндіру, мазмұнын ашу.

- Оқушылар біз жаңа айтып өткен төрт түліктің қайсысына жатады?

- Түйе.

- Түйенің сендерге арнаған тапсырмасы бар екен, егер сол сұрақтарға жауап берсеңдер, түйе де сендермен бірге жайлауға барғысы келеді.

Мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру:

1. Әңгіме кімнің атына баяндалған?

2. Қос деген не ?

3. Жылқы етінің қасиеті қандай?

4. Мәтінде жылқының терісі жөнінде не делінген?

5. Жылқының адамға пайдасы қандай?

6. "Жылқы- малдың патшасы, түйе- малдың қасқасы"- деген мақалдан не аңғардың?

7. Қазақ халқы жылқыны неге ерекше қастерлеген деп ойлайсың?

8. Жылқы жөнінде қандай әңгіме, не өлең білесің?

(Қобыланды батыр, Керқұла атты Кендебай)

Енді сұрақтарға жауап беріп болдыңдар түйе бізбен "Жайлауға" баратын болды.

Саяхатты одан әрі жалғастырайық:

Бізді мында тағы бір жануар күтіп тұр екен.

- Бұл не? (суретті көрсету).

- Қой.

- Биыл, қандай жыл?

- Қой жылы, (ауыл шаруашылығын өркендететін жыл

-Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек. (Сонда ол да бізбен жайлауға барады)

1. Әңгімеден табиғат көрнісін беретін жолды оқы.

2. Мәтіннен жылқының аналық мейірімі жөнінде айтылған тұсты тауып оқы.

3. Әңгімедегі Мақан жылқышының сөзін тауып оқы.

4. Шығармадағы мақалдың мәнісін түсіндір.

5. Батырлар жырында суреттелген аттарды және олардың бейнесін есіңе түсір.

6. Үлкендер өзіңді еркелеткенде неліктен "Құлыным", "Ботам", "Қозым" дейтінін түсіндір.

V.Дәптермен жұмыс. (Жоспар құру)

Жоспар:

1. Бақташы баланың әңгімесі.

2. Жылқының қасиеті.

3. Мақан жылқышының әңгімесі.

VІ. Сөзжұмбақ "Ақтабан"

Н

А

Й

З

А

Қ

А

М

Б

А

Р

М

Ы

Л

Т

Ы

Қ

Қ

А

З

Ы

Б

Ә

Й

Г

Е

С

А

Б

А

Қ

Ұ

Л

Ы

Н


1. Сүмбіле теректі

Жасыл желекті

Ерден қалмайды

Жауға керекті

(найза)

2. Жылқы атасы

(қамбар)

3. Белгі бүкір, алысқа түкір.

(мылтық)

4. Жылқы етінен жасалатын ұлттық тағам.

(қазы)

5. Ұлттық ат ойындарының бірі.

(бәйге)

6. Қымыз ашытып, сақтайтын ыдыс.

(саба)

7. Жылқының жаңа туған төлі.

(құлын)


Осы жұмбақты шешкенде батырдың атының -аты шығады.

Исатайдың аты- Ақтабан.

VІІ. Жаңа тақырып. "Жылқышы" М.Жұмабаев.

- Осы жылқыны бағатын адамдарды кім дейміз?

- Жылқышы.

- Олай болса келесі тақырыбымыз- Жылқышы.

- Бұл өлеңнің авторы М.Жұмабаев.

- Оның өмірі бізге бұрыннан таныс.

- Ол 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге келеді. Абайдан кейін қазақ поэзиясында ұшқыр қиян терең сыршылдығымен із қалдырған ұлы ақын. Жазушы, педагог. 1938 жылы жазықсыз жала жабылып мерт болды.

- Өлеңді оқып таныстыру.

- Мазмұнын таныстыру.

- Қыстағы табиғатын айту.

- Екі тақырыптың байланысына тоқталу.

2. Оқушыға оқыту.

Саяхатты одан әрі жалғастырамыз.

- Бізді балалар тағы бір жануар күтіп тұр екен (сурет көрсету)

- Бұл не?

- Сиыр

Сиырдың да сендерге арналған тапсырмасын орындасаңдар Жайлауға оның барғысы келіп тұр.

1. Бұл өлеңнің алдындағы мәтінмен қандай байланысы бар?

2. Өлеңде қысқы табиғат қалай суреттелген.

3. Жылқы малын күтуге байланысты қандай еңбек түрлері атқарылады?

4. Өлеңдегі сұрақтарды қайталап оқы.

5. Жылқышының ерен еңбегі жөнінде әңгімеле.

Бұл тапсырмаларды да орындадық.

"Жайлауға" біздер бәріміз аман-сау жеттік.

VІІІ. Суретпен жұмыс. "Жайлауда"

- Енді оқушылар осы сурет бойынша шағын әңгіме құрып көрелік.

ІХ. Сабақты қорыту.

- Балалар біз бүгін қандай мәтінмен таныстық?

- Сабақты түсіндіңдер ме?

- Жылқының пайдасын білдік пе?

Х. Үйге тапсырма:

1. "Жылқы" мәтінін оқып, мазмұнын айту.

2. "Жылқышы" өлеңін жаттау.

3. Жылқы туралы сурет салу.

Х. Бағалау.


© 2010-2022