Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы. Дүниетану. 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Өсімдіктер тіршілігі туралы алған білімдерін жүйелеп табиғатты қорғауға қажетті білім біліктерін бекіту, тереңдету. Өсімдік тіршілік иелерінің денсаулығын қорғаушысы екенін ұғындыру
2. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Топқа бөлу. Ой туғызу. Миға шабуыл. диалог, әңгімелеу, қызығушылығын ояту.
Күтілетін нәтиже:
Топқа бөлінуді үйрене отырып, қызығушылығы артады; өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптасады, топта бірлесе отырып жұмыс жасайды
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:
Топқа бөліну, топта жұмыс жасау және постер қорғау, сұрақтарға жауап беру арқылы


І. І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Суреттер арқылы топқа бөлінеді.(ағаш, көкөніс, гүл, бидай)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Өсімдіктердің көбеюі» сұрақ - жауап алысу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі
1. Сұрақ - жауап:
- Табиғатты нелер құрайды?
- Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, ағаш, көл, аң, жануарлар.
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатты ата. - Өсімдік, жануарлар, адам.
- Өлі табиғатты ата. - Жер, ай, су, күн, ауа, күннің жылуы, жарығы.
Ендеше өсімдік табиғаттың бір бөлігі екен. Өсімдіктер орманда, далада, тауда да, суда да өседі.

ІҮ. Жаңа сабақ
1.«Ой қозғау» Өсімдіктердің адам өмірінде қандай маңызы бар?(Оқушылардың өз ойларын тыңдау)
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып беру.
Ү. Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа материалды пысықтау:
1 тапсырма ( топтық жұмыс) Постер жасайды және оны қорғайды.
І - топ «Ағаштың пайдасы» (Геометриялық фигуралардан үй және үстел құрастырады)
ІІ - топ «Гүлдер туралы» (Түсті қағаздардан гүл жапсырмалайды, аттарын жазады)
ІІІ - топ «Көкөністер, жеміс - жидектердің маңызы»( Өздерінің жақсы көретін өнімдері туралы)
ІҮ - топ « Бидай» (Ұннан жасалатын тағамдар туралы айтады)

2 тапсырма «Сәйкесін тап» суреттер арқылы (жұптық жұмыс)
Ағаш - тамақ
шие парта
Қызанақ - нан
күріш тосап
Бидай - үстел
ағаш - палау

ҮІІ. Қорыту:
1. Сұрақ - жауап:
- Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?
- Адам үшін өсімдіктердің қандай маңызы бар екен?
- Өсімдіксіз тіршілік бола ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма
1. Өсімдіктердің суретін салу.

© 2010-2022