Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан
аттап жазбаша көбейту

Сабақтың мақсаттары: 1) Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейтуден алған білімдерін бекіту.
2)Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
3)Алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Әдісі: сұрақ- жауап, ойын.

Көрнекілігі: Ауызша есептеуге арналған карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық

. Көктемнің күні терезеден, Бізге міне тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл-күймен, Басталады бұл сабақ.

Бәріңе мәлім балалар,

Нақты есеп болмаса,

Жұмыс алға баспайды

  • - Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан да екі топқа бөлінеміз.
    1топ- «Алғырлар».Ұраны: Тек қана алға,алға,алға!
    2 топ:-«Тапқырлар». Ұраны: Намысты қолдан бермейміз,бермейміз, бермейміз!

    II. Үй тапсырмасын тексеру.( №7, 254-бет ).Ауызша оқыту, тексеру.
    III. Өткенді қайталау.
    а) Математикалық диктант.

  • Көбейтудің компоненттері:

а) Көбейткіш,көбейгіш,мәні. б) Азайғыш, азайтқыш,айырма.

в) Көбейгіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні.

  • Кез-келген фигураның ауданын табу үшін…

а) Ұзындығын еніне қосамыз. б) Ұзындығын еніне көбейтеміз.

в) Ұзындығын еніне бөлеміз.

  • Егер бөлінгіш пен бөлгіштің мәнін 100 есе кемітсе…

а) Мәні өзгереді. б) Мәні көбейеді.в) Бөліндінің мәні өзгермейді.

  • Кезкелген фигураның Р-ін табу үшін…

а) Қабырғаларын көбейтеміз.б) Қабырғаларын еніне көбейтеміз. в)Барлық қабырғаларын қосамыз.

  • Санның кубы дегеніміз не?

а) Барлық сандардың қосындысы.б) Санның үш дәрежесі.

в) Санның көбейтіндісі.

Ойын «"Кім тапқыр?"»


IV.Жаңа сабақ.

1 кезең
Ойын «Тізбекті жалғастыр»
Ойынның шарты: Кім бірінші орындаса, сол мәреге бірінші жетеді.


Тест тапсырмасы
I-топ. І нұсқа

а) 15 пен 5 - тің қосындысын 4-ке бөл.

ә) 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 5-ті азайт.

б) 27 мен 3 -тің бөліндісінен 4-ті азайт

в) 36 мен 6-ның бөліндісіне 10-ды қос.

г) 5 пен 9-дың көбейтіндісінен 5-ті азайт.

II-топ. ІІ нұсқа

а) 24 пен 6 -ның бөліндісін 10-ға көбейт.

ә) 5 пен 3 -тің көбейтіндісінен 5-ті азайт.

б) 8-бен 4-тің бөліндісіне 10-ды қос.

в) 6 мен 4-тің көбейтіндісінен 4-ті азайт.

г) 3 пен 9 -дың көбейтіндісіне 3 - ті қос.

Сергіту сәті. Есептерді шығардық,
Өте-өте шаршадық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып , бір тұрып,
Біз демалып алайық.
3 кезең.
«Ұтыс» ойыны
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындаса, сол топ алма ұтып алады.

I-топ. а*4-126, мұндағы а=144. 144*4-126=450

II- топ. а*4-126, мұндағы а=396. 396*4-126=1458

4 кезең. Ойын «Көбелекті ұшыру»
Ойынның шарты: Кім есепті дұрыс шығарса, көбелектің ұшуына көмектеседі.

І-топ. Шешуі:( 2+4) * 160=960(тг)

ІІ-топ. Шешуі: 160*2+160*4=960(тг)

5 кезең.
Ойын «Кім бірінші ?»
Ойынның шарты: Қай топ бірінші орындайды.

І-топ. 6:9=0 (қалд.6)
13:7=1 (қалд.6)

ІІ-топ. 42:8= 5 ( қалд.2)
20:9=2( қалд.2)

IV.Бекіту.
Ойын «Қонжыққа көмектес»
Ойынның шарты:Қонжық жазбаша көбейтуді білмей тұр. Соған көмектесу керек.

I-топ. 217 328 235 286
x 4 x 3 x 4 х 3
868 984 940 858

II-топ. 129 417 367 173
х 4 х 2 х 2 х 5
516 834 734 865

VI. Қорытындылау.

1. Жазбаша көбейтудің қандай тәсілдерімен жұмыс жасадық?

2. Қандай тапсырмалар сендерге көбірек ұнады?

3. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма:251-252 бет (№6 (1), 7,8).



© 2010-2022