Гүл. Алтын жүз. 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Гүл. Алтын жұлдыз

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік:Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеу,Әлия мен Мәншүк туралы түсінік беру.

2)Дамытушылық:Оқуға бағыт бере отырып топпен жұмыс істеуге дағдыландыру,мәнерлеп,түсініп оқу дағдысын,мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу.

3)Тәрбиелілік:Оқушыларды еңбекқорлыққа,елін,туған жерін сүюге,патриоттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу ой қозғау,қызығушылығын ояту.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,парақшалар.

Пәнаралық байланыс:Математика,Ән ,Бейнелеу сабақтарыт.б

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Оқушыларды орнынан тұрғызып,тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Күн нұрына алақанды созайын

Жүрегіме басып ұстай қалайын

Нәзік, әрі жылы,әрі мейірімді

Сонда дерек болып кетер жан-жағым

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау.

Әр қатардан бір оқушыдан сұрап үш оқушыдан сабақ сұрау.

Артында сұрақтары бар қиықшаларды таратып,өткен тақырыпты қайталау. Сұрақтары тақтада жазылған.

- Бауыржан бала күнінде құлынын қалай бақты ?

- Ол құрбыларына не деп мақтанатын еді ?

- Бауыржан ата соғыста жүргенде қандай атқа мінді ?

- Бауыржан Момышұлы неліктен батыр атанды ?

- Отанымызды қорғаған батырлардан кімдерді білесіңдер ?

- Туған елді,жерді не үшін қорғау керек ?

ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау.

Тақтада қиықшаларды құрастыру арқылы жұлдызша шығарады.

Әр топтан 1 баладан шығып қиықтарды жылжытып қосады.

Енді әр топқа берілген қиықшаларды қосып құрастырамыз.Ол жұмысты тақтада орындайтын боламыз.

-Түсі қандай ?

- Қызыл жұлдыз.

- Қызыл жұлдызды Дүние жүзілік соғысында қаза тапқан ұл қыздарымыздың жалындары мен ұшқындары мәңгі өшпесін деп қызыл жұлдызға бағалаған,әлі де бағалап келеді. Ендеше бүгін біз соғысқа қатысқан тағы бір батыр апаларымызбен танысамыз.

ІV.Видеоролик көрсету.

Сұрақтар қою.

- Дұрыс балалар.Олай болса,бүгін біз О.Асқардың Гүл және Қ.Аманжоловтың Алтын жұлдыз өлеңімен танысамыз.

- Қ Аманжолов, О Асқар кім?

- Мағлұмат беру.

V.Өлеңмен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

VІ.Даптермен жұмыс.

Дәптерге күн мен тақырыптың аты жазылады.

Сөздік жұмыс.

Ант - серт беру дегенді білдіреді.

VІ.Шынжырлатып оқыту.

Әр қатардан 4 оқушыдан оқыту.

VІІ. Сергіту сәті.

"Әрқашан күн сөнбесін"

Өлеңді Әуеніне қосылып барлық оқушы әнді орындайды.

VІІ.Шығармашылық тапсырма:

1-қатар:Ұлы Отан соғысы туралы шагын әңгіме жазу

2-қатар: Олеңді жалғастыру

Ешқашан соғыс ..........(болмасын)

Елімізде бейбітшілік ...........(орнасын)

Ашық аспан ............(астында)

Бейбітшілік құсы .........(самғасын)

3-қатар: Бейбітшілік құсын салу.

Тапсырмаларын тексеру.

VІІІ. Қорытынды.

-Балалар, Гүл, Алтын жұлдыз дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардан жауап алынады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Гүл. Алтын жұлдыз өлеңін мәнерлеп оқу. Батыр, ерлік туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Назар қойып тыңдағаныздарға көп-көп рахмет!!!



© 2010-2022