Доклад на тему Развитие логики у детей

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗЫ

Абдулова Назгүл Алибаевна

17 өркендеу орта мектеп кешенінің бастауыш сынып мұғалімі


Мектептегі білім беру ісі заман талабына сай болу үшін педогогикалық ғылымдардың жетістіктерін өз тәжірибелерінде қолдана білетін, шығармашылықпен ойлайтын, өзінің кәсіби қызметіне талдау жасап, дамыта алатын мұғалімдер қажет. Нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесіне көшу - педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың мақсатын, мазмұнын және ұйымдастыру технологиясын жаңа белеске көтеріп, одан әрі жақсартуды талап етіп отыр. Қазіргі заманғы бастауыш сынып мұғалімін кәсіби дайындау деп мұғалім бойына уақыт талабына сәйкесті математикалық, тілдік, психологиялық - педагогикалық және әдістемелік білім мен біліктер жиынтығын қалыптастыруды түсінеміз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың негізгі мақсаты - олардың бастауышта оқытылатын пәндерді теориялық жағынан терең білумен қатар, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оларды оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анық түсініп, оқушылардың олардан қаншалықты білім, білік және дағдысының болуы керектігін білуін және әр пәнді оқытудың әдістемесін жетік меңгеруін қалыптастыру болып табылады. Мұғалімдерді кәсіби дайындау ісіне кезінде ұлт зиялылыры (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев т.б) аса назар аударып, мәселеге өздерінің қомақты үлестерін қосқаны белгілі. Нарықтық қатынастарға өту, болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудың сапасын түбегейлі түрде арттыруды талап етеді. Кәсіби даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету қажеттілігіне бір жағынан жаһандану процесі әсер етеді: халықаралық экономикалық байланыстардың қарқынды дамуы, қазақстандық қоғамдық - экономикалық құрылымдардың әлемдік экономикалық кеңістікке неғұрлым кеңірек тартылуы, біріккен кәсіпорындар мен фирмаларды құру, әлемдік білім беру жүйесіне ену, екінші жағынан - білім беру сферасындағы бәсеке. Қазақстанда білім беру сапасын бағалау жүйесі әлі де болса қалыптасу кезеңінде тұр. Білім берудің сапасы мәселесін бірыңғай тұжырымдамалы - әдіснамалық түсіну және де оны өлшеудің көзқарастары қалыптастыруда. ТМД елдерінде және алыс шет елдерде кәсіби білім беру сапасы мәселелері бойынша озық тәжірибелерді оқып - үйрену жөнінде республика ғалымдарымен үлкен жұмыстар жүргізілуде. Заманауи әлемде білім беру сапасы тек қана педагогикалық және білім беру параметрлері арқылы емес, сондай - ақ өмір деңгейі, елдің экономикалық әлеуметі, қоғамның динамикалығы, мамандардың академиялық және кәсіби икемділігі деген сияқты кең ауқымды категориялармен де бағалануы қажет. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан білім беру сапасы ішкі және сыртқы нарықтардағы отандық өнімдер мен технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен, елдің экономикалық және мәдени әлеуметтімен және оның әлемдік бірлестіктегі беделімен тікелей байланысты. Әр елдің жоғары кәсіби білім беру жүйелерінің жақындасуы, бірыңғай соңғы нәтижеге (мамандарды даярлау сапасының деңгейі) бағдарланумен және ақпараттық, техникалық және технологиялық прогрестер жағдайында кәсіби білім берудің жоғары жылжымалылығын және бейімділігін кепілдік ететін кәсіби бағдардың профилі мен ғылыми негізінің кеңеюімен қамтамасыз етіледі. Кәсіби білім беру сапасының негізгі критерийлері заманауи кезеңнің үндеуімен өзгертілген, мамандарды даярлаудың білім беру стандарттарында қаланған. Кәсіби білім беру сапасының диагностикасы ауқымды және көп мағыналы ғылыми - оқыту мақсаттарын айқындау, негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларының міндетті минимум мазмұнына, оқушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне және бітірушілерді даярлау деңгейіне қойылатын ғылыми негізделген талаптарды анықтау. Кәсіби білім берудің жаңа стандарттары оқыту субьектісіне жеке дара білім алу траекторияларын қалыптастыру, оқыту мен сабақ берудің еркіндігі үшін кең құқықтық өріс аясын ұсынады.Кәсіби білім беруде педагогикалық құрылымдардың тұтастығын, жүйелілігін, білім беру мазмұнын, нысандары мен әдістерін , сондай -ақ нәтижелігін - мамандарды даярлау кезіндегі өзара байланысты сияқты параметрлерді ескереді. Қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми- техникалық даму мен жаңару процестері, барлық салалардағы өзгерістер мен үдерістер адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең білімділікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, яғни жан-жақты дамыған тұлға болуды талап етеді. Яғни, бүгінгі күн талабы - болашақ маман иелерінен жоғарғы оқу орнында білім алу барысында тек дайын білімдерді меңгеріп, мәлімет, ақпараттарды ғана біліп қоймай, сол бойына сіңірген білімдерін қоғамда, өмірде тиімді етіп қолдана отырып, шығармашылық тұрғыдан өз болмысын таныта алатын дәрежедегі мамандар даярлау міндеті. Сонымен қатар Н.Назарбаевтың 2008 жылғы ақпан айындағы халыққа жолдауында білім беру саласының басты міндеті ретінде 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, сапалы қызмет көрсету аясын кеңейтуді айтады. Және жоғары білімді, өз кәсібінің шебері мамандарын даярлау мәселелері әрқашанда өзекті болып табылады. Сондықтанда ғылым мен білім беру, тәрбиелеу мекемелерінің алдына қойылып отырған басты міндет - білікті , кәсіби тұрғыдан дамыған, шығармашыл мұғалім кадрларын даярлау. Қазіргі кездегі қоғам, мемлекет, білім ордалары жоғары білімді мамандарды ғана емес, қажетті білімдер қорын меңгергенімен қатар жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, жаңашыл бағыттағы, шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіпқой мамандарды талап етеді. Мұғалім үшін үнемі ақпараттарды іздестіру, талдау сараптау, игеріп қолдануы маңызды. Әр уақытта білім беруді жетілдіру, мұғалімдер даярлығының сапасын жақсарту өзекті мәселе болып саналады. Осы тұрғыдан озат тәжірибелерді кеңінен қолданып қараудың маңызы зор. Себебі, педагогикалық озат тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, таратудың салдары мұғалімдердің шығармашылығының жемісі бола алады. Болашақ мамандарды даярлауда осы күнге дейін біршама зерттеулік жұмыстар жүргізілген. Алайда, жаңа педагогикалық технологияларды оқу тәрбие үдерісіне енгізуде әлі де болса шешімін таппай отырған мәселелер бар. Қазіргі кезде қоғам талабына сай, кәсіби іс-әрекетке даярлықтан өткен шығармашылық қабілеттері дамыған, жаңашыл сипаттағы болашақ мамандар даярлау міндеті тұр. Себебі, бастауыш сынып оқушыларына білім беруде, тәрбиелеуде осы қасиеттер аса қажет. Жаңашыл дегеніміз - өндірісте, өнеркәсіпте, ғылымда тың идея ұсынып , үлкен жаңалық ашушы адам, новатор. Мұғалімнің негізгі қаруы - кәсіби шеберлігі. Бүгінгі заманда мемлекеттің жаңа тұрғыдан дамуы, білімнің сапасын арттырып, жоғары дәрежеге жеткізу мақсатында жүзеге асырылуы мемлекетке қызмет ететін, аса жуапкершілік жүктелген мұғалім тұлғасымен өлшенеді. Оның қазіргі заманғы озық технологияларды меңгеруі, шығармашылық белсенділігі, кәсіби белсенділігімен байланыстыра қарастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Н.К. Крупская мұғалім жақсы педагог болу үшін өз бойына қандай қасиеттері болуы керек деген сұраққа былай деп жазады: «Мұғалім ең алдымен өз тәнін жақсы меңгеруі керек. Ол ғылымның негізін, оның қазіргі кездегі жағдайын, ғылымның даму қарқынын және өмірмен, тәжірибемен байланысын терең түсінуі керек. Бір сөзбен айтқанда, мұғалім ғылымның диалектикалық негізін меңгеру керек. Яғни, бұл - бірінші шарты, алайда мұғалім үшін бұл әрине жеткіліксіз. Екінші шарт - мұғалім білім беру барысында сол білімдерді тек көрсетіп қана қоймай, қазіргі заманғы техниканы пайдалана отырып, сол білмдердің ең негізін, маңызын түсіндіру керек. Айтқан тұжырымдамасын дәлелдей алуы басты шарт. Сонымен қатар, оқушыларға білімді меңгерулеріне барынша көмектесіп, сол меңгерген білімдерін өмірде тиімді қолдана білу арқылы дами түсуге жол ашуы қажет. Үшіншіден, мұғалім балалардың жас ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, ойлау қабілеттерін, балалардың өмірлік тәжірибесін, мінез құлқын білуі шарт. Осы негізге сүйене отырып, білім беруді оңтайластыруы керек деген шарттар қояды. Н.А Петров болса мұғалімнің оқушыларға деген қарым қатынасы өте жұмсақ болуы керек деп есептейді. Сонымен қатар, балалар ұжымына терең ден қойып, балалардың іс әрекетіне асығыс шешім қабылдамау керек дейді. Және бұл ойды И.Р. Страхов дамыта түсті: «Мұғалім шеберлігі - оның балалармен жоғары дәрежедегі қарым - қатынасы». Макаренко жақсы мұғалім болу үшін педагогикалық дарындылық талап емес, кәсіби шебер болу үшін жақсы педагогикалық ұжымда жұмыс жасау керек және ешқандай оқу орны студентті білікті бір маман етіп жасап шығармайды, ол тек белгілі бір мамандақ иесі атағын ғана береді.Ал білікті маман болу үшін жақсы бір ортада бірнеше жыл жұмыс істеу жеткілікті деп есептейді. Әрине жақсы маман болу үшін педагогикалық ұжымның маңызы зор. Себебі, мектепке жаңадан келген маманға әріптестерінің бағыт - бағдары, тәжірибе алмасуы жас маман үшін көмегі зор. В.А Сухомлинский «педагогикалық мәдениет неден тұрады дегенде ең алдымен мұғалімнің өз мамандығын жетік меңгергендігінен тұрады деп жазады. Ең бастысы мұғалімнің ғылымның ең қиын сұрактарына жауап бере алатындығы, ғылыми маңызы бар мәселе төңірегінде ой - тұжырымдай алатындай дәрежеде болуы керек». Т.А. Ильина «мұғалім болу үшін ең алдымен балаларды жақсы көруі керек. Бар күшін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған адам ғана мұғалім бола алады». Яғни болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ең алдымен өз сапасын жетік білуі керек. Сонымен қатар ғылымда болып , сол үшін өздігінен ой тұжырымдап, өз үлесін қосуға талаптануы маңызды. Білім беру саласындағы басты тұлға - ұстаз. Ы. Алтынсарин «мектептің тынымсыз соққан жүрегі» деп мұғалімнің алатын орнын өте керемет суреттеген. Адам өмір сүре бастағанынан бастап оқудың қажеттілігін түсінді және сол жинақтаған білімдерді ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуді мақсат етті. Білім арқылы өмірдегі барлық жұмбақтардың сырын ашуға ұмтылды. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде? Мұғалім - өскелең ұрпақ пен қоғам арасын байланыстырушы. Ол ең қиын үдерісті басқарады. Қоғам мұғалімге ең жауапты тапсырма жүктейді. Ұстаз еңбегі үнемі жаңарып, шығармашылыққа бағытталған болуы тиіс. Ұстаз бүгінге емес, болашаққа қызмет ететін мемлекет қызметкері. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін - өзі жан-жақты дамытып, ғылыми теориялық білімін және педогогтық мамандығын үнемі жетілдіріп отыруға талаптанады. Болашақ маман иелелері алған білімдерін тек жадында ғана сақтамай, сонымен қатар шығармашылық қызметке де әзір болуы керек. Шығармашылық дегеніміз - қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты, белсенді іс - әрекеті. Яғни, шығармашылық тек адамда ғана болатын қасиет. Әр саладағы болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, озық техникалар, дамыған медицина, т.б. адамдардың шығармашылық іс - әрекеттерінің жемісінен туындаған. Мұғалімнің шығармашылығы - теориялық білімінің тереңдігі және қазіргі кездегі маңызды мәселелерді ұғыну арқылы өз пайымдауын, тәжірибесінің тиімділігін көрсету. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологиялардың пайдалану жолдарын, мақсат міндеттерін, әдіс тәсілдерін жетік білулері тиіс. Сондықтан болашақ маман иесінің баспасөз материалдарында жарияланып отырған тың мәселелермен, педагог - ғалымдардың идеяларымен таныс болуы керек. Және сол мәселені өзінше талқыға салып, артық, кемшілік жақтарын таразылап, өз пайымдауларын айтып, дәлелдейтіндей шамада болуы керек. Семинарлар мен ғылыми конференцияларға қатысу арқылы ой - өрісін кеңейтуі керек. Болашақ маманның ғылым жетістіктері мен озат тәжірибелерді заман талабына сай меңгеру, оны өмірде тиімді пайдалану арқылы оқушыларға білім мен тәрбие бере алады. Сонда ғана болашақ маман шығармашыл еңбектің тамаша шебері бола алады. Яғни болашақ бастауыш сынып мұғалімдері - қазіргі заманға лайықты озық технологиялардан хабардар болып, ғылымның қазіргі кездегі жаңалықтарынан қалыс қалмай, үнемі өзін дамыта отыруы шарт. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, белгілі бір тақырып төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өзінің жасаған тұжырымдамасын қорғау жұмыстары барысында ашық, дәлелді түрде айтып, пікір сайыстыра алатындай дәрежеде болуы керек. Болашақта жұмыс істеу барысында сол оқу орнында өз мәселесі төңірегінде тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз тәжірибесін көпшілікке таратуына жол ашу. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтасыз етуді жетілдіру,білім беру менеджерлерін даярлау» - деп атап көрсеткен. Яғни педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеру арқылы білім беру жайын жоғарылату жоспарланады. Қ.Р Президенті Н. Назарбаев 2005 жылы Қазақстан халқына жолдауында: «Болашақ мұғалім мұғалім мамандығы аса қажет және жоғары ақы төленетін мамандық болады. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай болуы керек», - деген. Ал, Ресейде де педагог мамандарының мәртебесін көтеруге мықтап кіріскен. Сонымен қатар, АҚШ - та да мұғалім мамандағына үлкен құрметпен қарайды.

Қолданылған әдебиеттер:

1.С.А.Мұсаева,Т.Б.Бегалиев.Жас ерекшелік педагогикасы.

2.Игибаева А.К.Тенденции формирования качества образования.

Материалы Международной научно-практической конференции.

Алматы ,2004.

3.Жанұзақов Т.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.Алматы,1999.

4.Қоянбаев Р.М.Ыбыраимжанов Қ.Т.Педагогикалық сөздік.

Түркістан,2006.

5.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.8-том,Алматы,2006.

© 2010-2022