Урок по окружающий мир Ежелгі өркениет ескерткіштері

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану Сыдыкова Биба

3в класы

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі өркениет ескерткіштері.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы ежелгі өркениет ескерткіштерімен танысу; балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тыңдау қабілетін дамыту, тарих ғылымымен таныстыру; талқылау, пікір білдіруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Жібек жолының картасы; ескерткіш-қалалар бейнеленген суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық дайындық.

- Бүгін біз тарихтың не екенін білу үшін дүниеге тарихшылар көзімен қарап көреміз. Жер бетіндегі барша адамзаттың өз өмірбаяны - тарихы бар, Тарих - зерттеу, өткен заман туралы әңгіме деген мағына береді. Көбіне тарихты халықтың жады деп жатады. Біз тарихты зерттей келе ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін, олардың өмірінде қандай оқиғалар болғанын білеміз. Тарихшы ғалымдар мұрағаттардағы, кітапханалардағы құжаттарды зерттейді. Ал біздің қалаларымыз еткен тарих туралы хабар бере ала ма?

II. Тақырыпқа кіріспе.

Еліміздің өткен тарихына көз жүгіртіп көрелік. Жерде болып өткен барлық оқиғаның ізі қалады, өйткені тарих дегеніміз - халықтың жады. Ол мәңгілік өмір сүреді. Енді біз де тарихшылардың «Қайда? Қашан?» деген сұрақтарды неге жиі қоятынын түсінетін боламыз.

III. Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс.

1. «Әлем тарихшының көзімен». Балалар екі топқа бөлінеді.
1-кезең. Біздің еліміздегі қалалар тарихы. Қазақстандағы ежелгі қалалар.

2-кезең. Ұлы Жібек жолы туралы не білесіңдер?

2. Оқулық бойынша жұмыс. Тарихи құжаттарды оқу:
1-құжат - Ұлы Жібек жолы туралы

2-құжат - Түркістан қаласы туралы

3-құжат - Отырар қаласы туралы

4-құжат - Тараз қаласы туралы.

3. Тарихшылардың «Қазақстан аумағындағы ежелгі өркениет ескерткіштері. Ескерткіштерді қорғау» тақырыбындағы баспасөз мәслихаты.

«Журналистер» тобы «тарихшыларға» сұрақтар қояды.

1-журналист: Сіздер Ұлы Жібек жолы туралы қандай жаңа мәлімет таптыңыздар?

Тарихшылар жауап береді.

2-журналист: Қазақстанда ежелгі өркениет ескерткіштері қалай қорғалады? Бұл жұмыспен кімдер айналысады?

Тарихшылардың жауаптары.

3-журналист: Ұлы Жібек жолында орналасқан тағы қандай қалаларды айтып бере аласыз?

Тарихшылардың жауаптары.

4-журналист: Бүкіл әлемдік құндылықтар тізіміне тағы қандай ғимараттар енген?

Тарихшылардың жауабы.

4. Негештің сұрағы:

- Неліктен ежелгі кесенелер Әлемдегі құнды мұра тізіміңе енгізілген?

IV .«Тарихшылардың» жұмысы қорытындыланады.
- Қандай ежелгі қалалармен таныстың?

- Тарихи құндылықтарға не жатады?

V. Үй тапсырмасы. Ежелгі өркениет ескерткіштері туралы мәтінді оқы. Зерттеу жұмысы: бар болса, өзің тұратын қаладағы, ауылда ескерткіштің, ғимараттың.тарихын зерттеп, жазып кел.


© 2010-2022