Мұғалім -мәңгі нұрдың қызметшісі ЭССЕ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі



Қарағанды қаласы, «№23 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Калдыбаева Баян Ибишевна


Тәуелсіз еліміздің берік тірегі - білімді ұрпақ екені айдан анық ақиқат. Ендеше, болашақ иелерінің сапалы білім, саналы тәрбие алуы - қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты екенін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев та ерекше айтып жүр.Ұлт көшбасшысының «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір - қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген аталы сөзі өмірдегі шамшырағымыз секілді бәрімізді алға бастайды. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өте оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог- зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік - жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі мектеп қабырғасы екені даусыз. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға -ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп, қастерлеп, бағалап отырған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім -мәңгі нұрдың қызметшісі, ол- барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», - деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі міндеттері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық қоммуникация құралдары және педагогикалық әсер етудің объектісі -оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Сондықтан, қазіргі ұстазға өз білімін үнемі жетілдіріп , шеберлігін арттырып отыру қажет. Педагогикалық шеберлік - үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет- дамудың көзі екендігін, қарама-қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың, тәрбиенің білімділік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мен жоспары, бағдарламаның сәйкестігін т.б.нақты білу керек. Бүгінгі таңдағы мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып, жалаң сөздік әдістерінен арылуы, техникалық құралдарды басым пайдаланып, логикалық есептерді, ситуацияларды шештіру, проблемалық, бағдарламалық сабақтарды өткізу, жаңашыл педагогтардың әдістерін қолдану - өмір талабы. Жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге болады. Бүгінгі жас ұрпақты елдің экономикасын өркендететін, білім алуда өз бетінше әрекет ете алатын, қоршаған және өз ортасын құрметтейтін тұлға етіп қалыптасыру болашақтың талабы болып отыр. Білім беру үрдісінде оқушыларға білім беруде тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға негіз болады деуге болады. Сондай-ақ мұғалімдер осы бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады. Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Қазіргі оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Ал оны алға жетелейтін тек қана ұстаздар қауымы. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепке жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет деп ойлаймын.Ұстаз алдында еліміздің болашағы тұр. Еліміздің жасампаз істерін жүзеге асыратын жаңашыл да, шығармашыл, терең білімді, озық ойлы ұстаздар қауымының атқарар ісі де салмақты. Қазіргі педагог - заман ағымына сай біліммен қаруланған, ой - өрісі жоғары, зерделі, уақыт талабына сай жан-жақты дамыған, өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе, балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман болу қажет.

Өмір ағымына өзіндік пікірімен ілесе алатын, өзіне сенімді болып, жаңа нәрсеге тәуекелшіл, өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын адам, ол-ұстаз деген сенімдемін.

© 2010-2022