3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
5-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі. Cабақтың мақсаттары: Білімділік: астың адам өміріндегі маңызы, адам ағзасындағы асты қорытып, сіңіруге қатысатын мүшелер, олардың үйлесімді қызметі, ас қорыту жүйесі туралы білім алады. Дамытушылық: тамақтану ережені ұстану біліктерін, ас қорыту жүйесі туралы білгендерін дамытады. Тәрбиелік: тамақтану еежесі, оның ұстаудың адам денсаулығын сақтаудағы маңызы туралы, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау. Көрнекілігі: сұрақ парақтары, слайд суреттер, топтардың аттары.
Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту. Сабақ барысында ас қорыту жүйесімен танысу ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім: «Жанұя» тобы: I-топ - Қарын II-топ - Асқазан III-топ - Ащы ішек IV-топ - Тоқ ішек V-топ - Бауыр VI-топ - Өңеш «Топтастыру» стратегиясы
  • Балалар, «Ас қорыту» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Ас қорыту










Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы өз білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Ас қорыту: 1) шайнау 2) тістеу 3) жұту Осы жерде балалар ас қорыту жолдарын атап, аттарын жазады.
II. Мағынаны тану. Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы: I-топ - Ауыз қуысы II-топ - Сілекей бездері III-топ - Тіл IV-топ - Жұтқыншақ Ас қорыту жүйесінің қызметін ескере отырып: «Ауыз қуысы», «Сілекей бездері», «Тіл», «Жұтқыншақ» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Ас қорыту жүйесі», яғни ас қорыту жүйесі туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.
I - топ. Біздің ішкен тамағымыз ас қорыту жүйесі арқылы өтеді. Оған ауыз қуысы, сілекей бездері, тіл, жұтқыншақ, өңеш, қарын, асқазан, ащы ішек пен тоқ ішек, ба уыр жатады. Ас қорыту ауыз қуысынан басталады. Бұл жерде тамақ тістеліп, шайналып, сілекеймен шыланады да, тілдің көмегімен жұтқыншаққа итеріледі. Одан әрі өңешті бойлап асқазанға барып түседі.

Эксперт парағы: 1. Біздің ішкен тамағымыз не арқылы өтеді? 2. Ас қорыту қай жерден басталады? 3. Ас жұтқыншаққа қалай итеріледі? 4. Ішкен тамақ асқазанға қалай түседі?
II - топ. Асқазанда бөлінген сөлден ас қорытылады. Ол одан әрі ащы ішекке өтеді де, онда ас қорыту аяқталады. Ащы ішек ас қорытатын сөл бөледі. Бауырдан бөлінген сөл де сонда барып түседі.

Эксперт парағы: 1. Асқазанда ас қалай қорытылады? 2. Қай жерде ас қорыту аяқталады? 3. Ащы ішек не бөледі? 4. Бауырдан не бөлінеді?
III - топ. Қорытылған заттар қанға өтеді, ал қорытылмаған қалдықтар тоқ ішекке барады да, ағзадан сыртқа шығарылады. Асты ауыз қуысында тіс ұнтақтайды. Тісі ауыратын адамдар тамақты шала шайнайды да, ас қорытуы нашарлайды. Бұл асқазан ауруына шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан тісті сақтау керек.

Эксперт парағы: 1. Қорытылған заттар қайда өтеді? 2. Қорытылмаған қалдықтар сыртқа қалай шығады? 3. Асты тіс не істейді? 4. Қай кезде ас қорыту нашарлайды? IV - топ. Ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істеуі үшін тамақтану тәртібін, гигиена ережелерін сақтау қажет. Тамақты уақытымен ішкен дұрыс. Көкөніс пен жемісті жуып жеп, қолдың таза болуын қадағалау қажет.

Эксперт парағы: 1. Ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істеу үшін не қажет? 2. Тамақты қалай ішкен жөн? 3. Көкөкністер мен жемістерді жер алдында не істеу керек?
III. Ой қозғау. Яғни, «Ас қорыту жүйесі қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады. Бағалау. Үйге тапсырма: I-топ - Қарын туралы бес жолды өлең жазып келеді. II-топ - Асқазан туралы бес жолды өлең жазып келеді. III-топ - Ащы ішек туралы бес жолды өлең жазып келеді. IV-топ - Тоқ ішек туралы бес жолды өлең жазып келеді. V-топ - Бауыр туралы бес жолды өлең жазып келеді. VI-топ - Өңеш туралы бес жолды өлең жазып келеді.



© 2010-2022