Ата - аналарымыздың мамандығы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Ата-аналарымыздың мамандығы

Мақсаттары:

  1. Оқушыларға мамандық туралы түсінік беру;

  2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  3. Еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, жұппен жұмыс

Сабақтың типі:аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері

Проблемалық сұрақ: Елімізге барлық мамандықтың қажеттілігі неде?

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, назарын сабаққа аудары.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

  1. Табиғатты қорғаудағы адамның ролі қандай?

  2. Табиғатты не үшін қорғауға алу қажет?

  3. Табиғатты біз қалай қорғай аламыз?

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

  • Еліміз үшін мамандықтың бәрі маңызды.

  • Ата-аналарымыздың мамандығы әртүрлі.

  • Оқу - оқушы үшін еңбек.

  • Оқушылар үйде де еңбек етеді.

V. Жаңа сабақ.

Адам еңбектеніп, тұрмысына қажетті заттарды өз қолымен жасайды. Бұлар: үй, киім, азық-түлік және көптеген заттар. Әртүрлі мамандық иелерінің еңбегі арқылы зауыт, фабрика, түрлі ғимараттар салынады, машиналар жасалады, түрлі тағамдар пісіріледі. Ал кейбір мамандық иелері тамақ жасамайды, үй салмайды, өнім өндірмейді. Мысалы, оларға әнші, биші сияқты өнер адамдары да жатады.

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Сендердің ата-аналарың не үшін жұмыс істейді?

Сенің отбасыңда белгілі бір мамандық әулеті бар ма?

Сен ата-анаңның мамандығын жалғастырғың келе ме?

VІІ. Білімді бекіту кезеңі.

«Кім болғым келеді?» тақырыбында сұхбат өткізу.

Проблемалық сұрақ:Елімізге барлық мамандықтың қажеттілігі неде?

Мысалы, құрылысшы, шахтер, аспазшы, т.б. не үшін керек?

Дәптермен жұмыс.

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңалықпен таныстыңдар?

  • Сабақта не ұне\ады?

  • Не қызықты болды?

VІІ. Үйге тапсырма.

«Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Қорытынды: бағалау



© 2010-2022