Х дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Х дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпХ дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпХ дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпХ дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпХ дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпХ дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпХ дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпХ дыбысы мен әрпі сабақ жоспары 1-сыныпТақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Х дыбысы мен әрпімен таныстыра отырып, оның дауыссыз, екенін түсіндіру. Х дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға есте
сақтауға үйрету, Х әрпінің кіші және бас әрпін жаздыру.
Шығармашылық қабілетін дамыту, қиялын шарықтатып, логикалық ойлау қабілетін арттыру. Ойын арқылы еңбектенуге, ұқыптылыққа, сыйластыққа, еңбекке баулу.
Түрі: Жаңа білімді меңгеру
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, суреттер, кеспе әріптер.
Пән байланысы: Математика
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көріп қуандым

-Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара келіпті (бейне таспа жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Ол үшін қай топ Дараға жақсы көмектесетінін білу үшін 2 топқа бөлініп жарысамыз.

ІІ Өткенді қайталау

1-тапсырма.1. Дыбыс дегеніміз не? 2. Әріп дегеніміз не? 3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 4. Қандай?

2-тапсырма.Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею.
3- тапсырма «Асыл мұра» әңгімесін оқыту

4- адасқан буындар

Сергіту сәті
ІІІ Негізгі бөлім
«Қарада» жоқ «ханда» бар
«Қағазда» жоқ «хатта» бар
Кәне ойланып көрейік,
Бұл әріпті кім табар? (Х әрпі )

- Х деп айтайық. Созылмай, қысқа айтылады. Тамағымызға күщ түсіріп айтамыз.
- Ауа өкпеден кедергі арқылы шығады. Сондықтан х - дауыссыз, қатаң.
- Баспа, жазба әріптерін көрсету.
- Х дыбысы бар сөздерді ата
Х сөздің барлық жерінде келеді.
Хоккей - қысқы спорт ойыны
Буындарды айту
- Кітаптағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру, буынға бөлу.
- Х сөздің қай жерінде тұр?

Қыс туралы әңгімелеу
«Хоккей» мәтінін оқу үшін бізде хоккей ойынын ойнаймыз.
- Хоккей ойынына қандай заттар керек?
- Қақпа, шайба, доптаяқ, коньки, мұз айдыны керек.
- Мәтінді түсініп оқу, тізбектей оқыту
- Мәтінде неше сөйлем бар (6)
- Мәтіндегі х дыбысы бар сөздерді сана (9)
- Хасан кім, Хамит кім болды?
- Кімнің тобы жеңіп шықты?
- Төртінші сөйлемді тап? Ол сөйлем неше сөзден құралған?
- Соңғы сөйлемде неше сөз бар?
- Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылардың тобына ұпай беріліп тұрады.

Дәптермен жұмыс .
- Х әрпін тақтаға жазу, оны ауада жазып көрсету, дәптерге жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық.
Көркем етіп жазайық.
Сергіту сәті
Тақтамен жұмыс
Халық, хан, халат сөздерін жазу, буынға бөлу, сөйлем құрау.
Әріптерден сөз құрау
Шахмат, саяхат, сұхбат
Қосымша тапсырмалар беру.
Хана

Наубай..., дәм..., дәрі..., ас..., ем..., кітап..., ұста..., ауру...
- Сөздер құрау, оқыту, мағынасын түсіндіру
- Х дыбысы бар адам аттарын атау

ІV Қорытынды.
Оқушыларды бағалап, х дыбысы мен әрпін қайталау, пысықтау.
V Үйге.
Жақсы көрген адамына хат жазып келу, мәтінді оқу




Аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя, баяу, шаян, тақия, сая, аю, ою, құю, есею, азаю, үлкею, көбею




наубай

дәм

дәрі

ас

ем хана

кітап

шебер

ауру


Ортақ орта мектебі

«Экологиялық соқпақ»

танымдық ойын





Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

С.Е.Кабдрахманова





2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022