Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы Атырау қаласы

М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп

Куракбаева Айзада Тлегеновна

Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгіліктің сценарийі

Тақырыбы: Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар

Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!

Бүгін бізде мереке қуанышта балалар,

Хош келдіңдер, хош келдіңдер, ата- аналар, қонақтар

Құрметті «Қызғалдақ» балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз.!Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.

Баршамызды бала тілмен баурайтын

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата- ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Бүгінгі 1- маусым Балалар күніне арналған»Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін Лагерь басшысы Күмісай Қуанышқызына береміз.

Жүргізуші: Ән айтайық қосылп

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалар деп үлгілі

Ән шашу : «Балдаурен» орындайтын Габдулова Жансая

Жүргізуші: Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі

Ән шашу: «Қос бәйтерегім» Сабырғалиев Ильяс

Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрнбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі

«Отырардағы той» орындайтын Самиғоллаева Мөлдір

Жүргізуші:

Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдилері

Көбелек биін билейді томпаң қағып

«Күншуақтың» шуақты сәбилері

«Көбелек» биі орындайтын: «Күншуақ» тобы

Жүргізуші:Балалардың бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой

Тақпақ айтып кезектесіп бір- бірлеп

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп

Ән: «Домбырам» Дильназ бен Гүлназ

Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қыран биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып

«Қазақ» биі орындайтын Күншуақ

Бірге болсын ойымыз

Құтты болсын тойымыз

Ұлдарымыз жарысып

Би билесін шаттана

«Моряктар би» орындайтын жігіттер тобы

Сүйкімділер, періштелер сендерсің

Қандай бақыт өздеріңе тең келсін

Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда

Ең алдымен балалықты меңгерсін

«Балалық шақ» орындайтын Төлегенова Алтынай

Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрнбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі

«Тұлпарым» орындайтын Гүлназ бен Дильназ

Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Осылай болсын әрбір күнің арайың

Қадамдарың сәтті болсын балалар

Тілектерің қабыл болсын ағайын!

Бақшаға біз гүл ексек ,

Балдырғаным, сен үшін,

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Жігіт болар, күні ертең

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең! -деп,

«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, 10 сынып оқушыларымен бірге балаларды флешмоб билеуге ортаға шақырамыз.

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет



© 2010-2022