Жігіт султаны

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Жігіт сұлтаны

1.Таныстыру

Армысыздар Ата-ана баршаңызда,

Жақсылық жарқырасын әр таңыңда.

Білімімен өнерін ортаға сап,

Келді міне жігіттер сұлтаны да.

Шықты арайлы күн тағы,

Бастаманың жылдағы,

Қарсы алайық құрметтеп,

Жігіттердің сұлтанын - дей келе жігіттерімізді қарсы алайық.

А) Тәлейлімен таласпа деген сөз бар,

Жеребеге кім шықса кезек алар,

Қол соғып шақырайық ортамызға,

Өнерімен бәрінен Айбын озар.

Б) Ақылымен саналы дара туған,

Оқу оқып ерекше білім қуған.

Бауыржанды кезекпен қарсы алайық,

Шашу шашсын Сіздерге өлең -жырдан.

Г) Туған зерек, ерекше тапқырлығы,

Өн-бойынан көрінер батылдығы.

Сәті келді Сұңғатқа кезек берер,

Көрініп тұр өнерге жақындығы.

2. Өнерін көрсету

Өнерімен өрге жүзген

Аңқылдаған жарқын жүзбен

Шықты міне сұлтан жігіт

Жеті өнер де аз деп білген - дей келе жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық.

3. Мақал мәтел

Асыл сөз қалған атадан

Ел көгерген батадан.

Мақал-мәтел жарысында

Қалыспаймын қатардан - дей келе 1 минутта жігіттеріміз қанша мақал айтатынын көрейік.

4.Жеті атасын атау

Жеті атасын білмеген

Қуана да білмейді.

Ата-жұртын сүймеген,

Елін мәңгі сүймейді - дегендей, енді жігіттер жеті атасын атайды.

5.Сұрақ-жауап

Біздің жігіттер өнерлі де білімді,

Игереді ғылымменен ілімді.

Сұрақ -жауап сайысын да көрейік,

Жаңылдырар бәріңді - деп, сұраққа жауап береді.

«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
1-оқушыға:

  1. Төрт түлік малды ата.
    2. Түйенің сүтін ата.

  2. Қ.Р - ның астанасы

  3. ҚР ның президенті кім?

2-оқушыға:

  1. 7 күнді ата
    2. Жеті қазынаға нелер жатады?
    3. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?

4. Қандай бата білесің?

3-оқушыға:

1. Балдан тәтті кім? (бала)

2. Үйдегі алтын адам кім?

3. Қазақ ғарышкері кім?(1992 жыл 2 қазан Т. Әубәкіров)

4. Күз айларын ата

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

6. Мәнерлеп оқу

Білім-өнер барлығы

Оқуменен табылар.

Білімді боп ер жетсем,

Халқыма көмегім бір тиер-дей келе , жігіттер ақиық ақын М.Мақатаевтың 1- өлеңін жатқа айтып береді.

Соңы: Тамашалап өнерін көрдіңіздер,

Әділ баға біздерге бердіңіздер.

Тұлпар жылдың сұлтаны біз атандық,

Ақтайды деп сенімді сеніңіздер

Жігіт сұлтаны

1.Таныстыру

2. Өнерін көрсету

3. Мақал мәтел

4.Жеті атасын атау

5.Сұрақ-жауап

6. Мәнерлеп оқу


© 2010-2022