Бастауыш сыныптарға: Достық қымбат өмірде. (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін_________________

Мектеп директоры: Тұрсынова Қ.Д.

Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектеп

мемлекеттік мекемесі







ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ

Сынып: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Асқарова Р.Р.



Қаскелен қаласы 2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ»

Мақсаты: «Достық» , «Өзара сыйластық» ұғымдарыныңадамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: 1. Балаларды достарымен жағымды қарым -қатынас жасауға үйрету; 2. Өзара сыйластық, өзара түсінік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту; 3. Татулыққа, достыққа , ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.

Тапсырма:

Оқушыларға «Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылды. Суреттерде балалардың балабақшадағы достары, аулада ойнайтын құрбыластары, сыныптастары, бірге серуендейтін достары бейнеленген.

Балалар осы суреттерге қарап, өздерінің балабақшада бірге ойнаған достарын көз алдарына елестетіп, олардың есімдерін естеріне түсірді. Қандай ойындар ойнағандарын, қандай ойыншықтары болғанын айтады.

Сыныптастарымен бірлесіп қалай сабақ оқитындарын, татулыққа, достыққа қалай үйреніп жатқандарын, сыныпта бір-біріне қандай өзара сыйластық, өзара көмек жасауды білгендерін, бірлесіп қандай істермен шұғылғандарын сөз етеді. Сондай-ақ серуендеу кезінде достармен қалай жүргендерін, қызықты оқиғаларды естеріне түсіріп әңгімелеп береді.

Дәйек сөз

Мұғалім сабақ тақырыбын ашу мақсатында тақтаға «жүз теңген болғанша-жүз досың болсын» дейтін мақал сөзді жазады және оның мәнін түсіндіреді:

Достық бәрінен қымбат. Мақалдың мағынасынан егер қалтаңда жүз теңген болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алған затың, ішкен - жегенің ұмытытылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.

Достық туралы тақпақтары сұралады.

Оқушылар өздерінің достық туралы білген тақпақтарын айтады.

Ребус шешу.

Мақал-мәтелдер айту.

Жағдаяттарды талдау.

Балалар суретке қарап, «Суреттегі кейіпкерлер бір - бірімен қайткенде достаса алады ?» деген жағдаяттардың шешімін табуы тиіс. Суретте өздеріне таныс, мультсериалдардан көріп жүрген кейіпкерлер берілген. Олар үнемі бір -бірімен түсінісе алмай, бір-бірімен келісімге келмей, шым-шытырық оқиғаларға тап болып, қашан көрсең де бірін-бірі қуып, бір-бірімен алысып жүретін кейіпкерлер. Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достардың амалдарын тапқандары дұрыс. Балалар өз шешімдерін жария етеді.

© 2010-2022